«Арт-мұқаба» шығармашылық байқауының ережесі

1.Жалпы ереже
 
1.1. Осы Ереже «Арт-мұқаба» шығармашылық байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын, бағалау өлшемдерін және оған қатысушыларға қойылатын талаптарды, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау ұйымдастырушысы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болып табылады.
1.3. Байқау 2019 жылдың 4 наурызы мен 2019 жылдың 28 қарашасы аралығында өткізіледі.
1.4. Байқауға қатысушылар 2020 жылғы мерейгер кітаптарға арналған балама ғажайып-мұқабаның суретін салады. 2020 жылдың мерейгер кітаптарының тізімі қосымшада көрсетілген (1-қосымша).
 
2.Байқаудың басты мақсаты мен міндеттері
 
2.1. Зияткерлік дамыған, үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында оқуды жылжыту және шығармашылық қызметті ынталандыру.
2.2. Қиялдың дамуына ықпал ету, мәтінді нақты қабылдауды қалыптастыру және оны өзінің шығармашылық жұмыстарында көрсету.
2.3. Оқырман белсенділігі мен құзыреттілігінің өсуі; оқырман қызығушылығын дамыту, оқу мәдениетін тәрбиелеу.

3.Байқау қатысушылары
 
3.1 Байқауға келесі жас санаттары бойынша барлық тілек білдірушілер қатыса алады::
- 9-дан 13 жасқа дейін;
- 14-тен 17 жасқа дейін;
- 18 және жоғары.
Шығармашылық ұжымдардың, студиялардың, сондай-ақ басқа да бірлестіктер мен ұйымдардың (бұдан әрі-Қатысушы) қатысуларына болады.
 
4. Байқауды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі
 
4.1 Шығармашылық жұмыстар 2019 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
4.2 Жұмыстар мына мекен-жайда қабылданады: Костанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 74. (Музыка мектебі аялдамасы), өнер әдебиеттер бөлімі.
4.3 Шығармашылық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті құрамында кітапханашылар, суретшілер бар қазылар алқасын құрады.
4.4 Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылдың қараша айында болады.

5.Шығармашылық жұмыстарды безендіру талаптары
5.1 Байқауға жіберілген жұмыстар үлгі ретінде таңдалған, 2020 жылғы мерейгер кітаптың ғажайып-мұқабасының авторлық нұсқасын және кітаптың мазмұнын көрсетуі тиіс.
5.2 Жұмыс кез келген техникада, кез келген көркем әдістер мен материалдарды (аппликация, көркем сурет, мозаика, компьютерлік графика, фото, коллаж және т.б.) пайдалана отырып орындалуы мүмкін.
5.3 Жұмыс көлемі-2 жаққа бөлінген А3, А4 форматты және түбіршекті. Иллюстрацияда мұқабаға тиісті кітаптың атауы мен авторы көрсетілген жазу болуы керек.
5.4 Конкурсқа қатысушы жеке парақта келесі ақпаратты ұсынуы қажет:
- мұқаба авторының тегі мен аты;
- қатысушының жасы;
- байланыс телефоны.
5.5 Бір автордың жұмыс санына шектеу қойылмайды.
 
6. Шығармашылық жұмыстарды бағалау және қорытындысын шығару
 
6.1. Байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалаудың негізгі өлшемдері
- жұмыстардың конкурс тақырыбына сәйкестігі;
- шығармашылық тәсіл (жаңашылдық, өзіндік ой);
- көркем орындау сапасы;
- композициялық және түсті шешім.
6.2. Жеңімпаздар 1, 2, 3 орын дипломдарына және естелік сыйлықтарға ие болады.
6.3. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі қараша айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін Қасымқанов көшесі, 74 мекен-жайы бойынша, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде көрмеге қойылатын болады.
 
 
1 қосымша.

Ғажайып мұқаба үлгісін жасауға арналған 2020 жылғы мерейгер кітаптар тізімі
  1. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасы
  2. «Қыз Жібек» поэмасы
  3. Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты»
  4. Қ. Қайсенов «Переяслав партизандары»
  5. Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»
  6. А. Пушкин «Руслан и Людмила»
  7. Х. Андерсен «Дюймовочка»
  8. А. Дюма «Королева Марго»
  9. Ж. Верн «Таинственный остров»
  10. А. Куприн «Поединок»
  11. А. Гайдар «Школа»
  12. А. Твардовский «Василий Теркин»
  13. В. Катаев «Сын полка»
  14. А. Линдгрен «Малыш и Карлсон, который живет на крыше»
  15. Н. Носов «Незнайка на луне»
  16. Ю. Коваль «Недопесок»

 

 

Положение конкурса Артобложки.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 110 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана