Қойшығара Салғараұлы

Қойшығара Салғараұлы 1939 жылы 1 сәуірде Торғай облысының Көкалат ауылында туған. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, 1964–1965 жылдары «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965–1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971–1975 жылдары Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975–1990 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–1993 жылдары Әдебиет және өнер институтында қызметкер. 1993–1997 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.

«Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді.

«Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1996). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Ілгешек. Сықақ өлеңдері. А., «Жазушы», 1966; Сол бір күндер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1976; Үбедей. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1978; Соқпақ жолға бастайды. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Тағдырлар тоғысы. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984.

Салғараұлы Қ. туралы:

1. Әбсадықов, А. Алтын тамыр немесе Қойшығара Салғараұлы және қазақтың жаңа тарихи танымы / А. Әбсадықов // Қостанай таңы. - 2010. - № 6. - 19 қаңтар. - 4 б.
2. Әлім Қ. Кәусар: әдеби портреттер, эсселер / Қ. Әлім. - Алматы: Ана тілі, 2015. - 382,[2] б.
3. Салғарин Қойшығара // Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр: Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. 2-шығарылым / С. Беғалин атындағы МБК. - Алматы, 2009. - 105-109 б.
4. Салғараұлы Қойшығара // Жақып Ә. Торғай тарландары: өмірбаяндық энциклопедия. 1 т. - Астана.- 2009. - 143 б.
5. Ысмағұлов Ж. Қойшы мен ойшы сөзі / Ж. Ысмағұлов // Қазақ әдебіеті. - 2009. - 15 мамыр. - 1 б.

Шығармашылығы:

1. Салғарин, Қ. Кембе : роман-эссе / Қ. Салғарин. - Алматы: Жалын, 1989. - 448 б.
2. Салғарин, Қ. Тоғысқан тағдырлар: повестер мен әңгімелер / Қ. Салғарин - Алматы: Жалын, 1984. - 168 б.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 70 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана