ҚАЛАЙ КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ?

Сен әлі мектеп табалдырығын аттамаған баласың ба, не болмаса, 1-6 сынып оқушысысың ба, онда …

  • Ата-анаңның біреуімен келу керек; 
  • Немесе ата- аналарың толтыратын Кепілдемені кітапханашыдан алуың керек;
  • Кітапхана ережесімен танысқан жөн.

Саған мектеп жасына дейінгі балалар мен 0-6 сынып оқушыларына қызмет көрсететін бөлім, қысқаша айтар болсақ, кіші бөлім өз қызметін көрсетеді. Бұл бөлімнің абонементінен кітапты үйге алуыңа болады (15 күнге), не болмаса оқу залында оқуыңа мүмкіндік бар. Бос уақытың бола қалса, ойын бөлмесі сені күтеді.Сұрақтарыңды мына телефон бойынша қоюуыңа болады: 54-11-61. Егер сен 7 сыныпта оқысаң, немесе одан жоғары сынып оқушысы болсаң, онда... 7-11 сынып оқушылары мен мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін бөлімге немесе ересектер бөліміне қош келдіңіздер. Абонементке жазылу үшін қажетті құжаттар туу туралы куәлік (немесе төлқұжат) және сенің мекенжайың көрсетілген мекен-жай анықтамасы. Оқу залына жазылу үшін құжат қажет емес.Анықтама т. 54-11-61 . Сен Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары қатарына қосылдың. Құттықтаймыз! Кітапхана оқырмандары құқылы:

  • Сыпайы қарым – қатынас пен сапалы қызметке;
  • Кітапхана қорынан оқу залында қолдануға ғана болатын аса құнды және сирек кітаптардан басқа құжаттарды уақытша (15 күннен 30 күнге дейін) қолдануға;
  • Кітап қорын сақтау мақсатында бес кітаптан асырмай кітап алуға;
  • Кітап іздеу және таңдау барысындағы кеңесті, кітапхана қорының құрамы, оның жаңаруы, қажетті басылымдары туралы ақпаратты тегін алуға;
  • Дәстүрлі және электронды түрдегі каталогтар мен картотекалар негізінде жаңа ақпараттық қорды игеруге;
  • Қостанай қ. уақытша тұрып жатқан азаматтар кітапхана ғимаратында ғана (оқу залында) кітапхана қорын қолдана алады;
  • Барлық қызмет түрлерін қолдануға: әдебиеттің тақырыптық таңдауы; анықтамалар орындау, жеке библиографиялық ақпараттандыру;
  • Кітапхана ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысуға.

Кітапхана оқырмандарының міндеттері:

  • Кітапханаға жазылмас бұрын Кітапхананы қолдану ережесімен танысуға және ондағы міндеттерін оқырман формулярына қол қою арқылы бекітуге;
  • Үйге алынған әр дана үшін формулярға қол қоюға. Оқырман формуляры мен кітап формуляры баспа шығармаларының, басқа да құжаттардың тұтынушыға тапсырылған мерзімі мен деректерін куәландыратын құжат болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-4 сынып оқушылары абонементте алған құжат үшін қол қоймайды;
  • Кітапхана қорынан алынған кітаптар мен құжаттарға ұқыптылықпен қарап, оған қамқорлық көрсетуге;
  • Кітапты тапсыру мерзімі өтіп кеткен жағдайда телефон бойынша немесе кітапхана сайты бойынша ұзартуы қажет;
  • Тұтынушы кітапхана қызметкерлері мен өзге оқырмандарына сыйластық танытуға;
  • Мекен – жайы, аты-жөні өзгерсе, немесе басқа өзгерістер болған жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы керек;
  • Басылымды жоғалтып алса, соған лайық басқа кітап қайтаруы керек.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 243 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана