Акылбек Шаяхмет

Акылбек Шаяхмет
Ақылбек Шаяхмет – тәжірибелі ақын, прозашы. Ол 1951 жылы 18 маусымда Жітіқара ауданының Забелов ауданында дүниеге келген. Оның әкесі математика пәнінің мұғалімі,  мектеп меңгерушісі болған әрі бастауыш сыныпқа сабақ берген. Бірінші сыныпты Ақылбек «сыртай» аяқтап, бірден екінші сыныпқа өткен. Мектепті тәмамдаған соң Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне, одан кейін Мәскеу әдебиет университетіне түседі.    Ақылбек Шаяхмет аудандық, облыстық «Қостанай таңы» және республикалық газеттердің меншікті тілшісі  болып жұмыс істеді. Ол Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып тағайындалды. 
 
1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Өз шығармаларын ол ересектерге, балаларға арнап орыс және қазақ тілдерінде жазады. Ол балалар мен жасөспірімдерге арналған 15 кітаптың, баллада, әңгіме, пьеса мен деректіпрозалардың авторы. Оның кітабы балаларға мен  ересектерге де, әкімдерден бастап үй шаруашылығындағы әйелдерге де ұнайды. 1995 жылы орыс тілінде ересектерге арналған «Моя орбита»жинағы шықты. Ал мына жерде сіздер балаларға арналған  «Аяз және Қыдыр» өлеңдер жинағынан әзіл өлеңдерді, жергілікті жас ақындар аудармасында  оқи аласыздар.
Қатты үрлеп ем...
Қатты үрлеп ем шарымды,
Тарс етті де, жарылды.
Аңқаулығым бұл менің,
Кейін байқап үрледім.
Я шарик хотела надуть побыстрей,
Старалась и дула в него всё сильней,
Но лопнуло вдруг разноцветное «чудо»
Теперь осторожней с шарам я буду.
(Е. Ромашкина)
 
Білінбейді
Әжем оны күнім дейді,
Анар болса күлімдейді.
Апам оны гүлім дейді,
Анар болса уілдейді.
Гүл екені білінбейді,
Күн екені білінбейді.
 
Бабушка «солнышком кличет Анар,
Для мамы и вовсе – цветочек он, а
Анар отзывается, а самой непонятно:
Ведь ничуть не похоже!
Однако приятно!
(И. Кайнюков)

Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 177 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана