Кітапханаға саяхат

Мен үшін жұмақ кітапханаға ұқсау керек сияқты.
                                                                  Хорхе Луис Борхес
 
Құрметті тұтынушы!
 
Егер  қала орталығының тыныш бір бөлігіне жолың түсе қалса, онда міндетті түрде Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөпірімдер кітапханасына кіре кет. Дегенмен, бұндай сәнді ғимаратқа соқпай кету мүмкін емес шығар!
 
2010 жылдың 23 қарашасы біздің сүйкімді ғимаратымыз үшін есте қаларлық күн болды,  ұзақ мерзімді жөндеуден қызғалдақтай құлпырған Кітапханамыз өзінің бұрынғы, жаңа оқырмандары үшін есігін айқара ашты.  Оның қаншалықты құлпырып кеткенін біздің тарихымызға үңілу арқылы білуге болады. Елестетіп көрші, кітапханамы қазір екі ғимаратты біріктіріп тұрған кітапханалық кешенге айналды. Дегенмен, кітапханамыз қандай жағдайда болса да оның ең басты ерекшелігі бола білген   қонақжайлылық пен жайма шуақ көңілін ешқандай евро жөндеу  мен бояулар түсі айырбастай алмас.  Сондықтан да Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына ешқайсысысы теңесе алмайды. Себебі, кітапханамыздың басты «бейнесі» - оқырмандар. Олар алуан түрлі, қызықты, шығармашылық тұлғалар. Өзің ойлап көрші, кітапхана таңбасын (қараңыз Кітапхана туралы) оқырманымыз Ольга Бойко ойлап шығарып, бізге сыйлады.
 
Терең ойлы, рухани бай, қонақжай  әрі  өзара түсіністік жылдар бойы орнаған кітапханамызда  жас оқырмандарды еліктіретін жанға жайлы шығармашылық орта қалыптасқан. Бұл ресми дәлел. Ал сөз арасында оқырмандарымыз бізді еркелетіп, «Алтынка» деп атайды. Сонымен біздің кітапханамызға қош келдіңіз!
Оның ұраны – «Ересектер өмірінің шырғалаңы көп – оны кітапхана босағасына қалдыр!». Соынмен кірелік! Хм-м... алдымен Кітапхананың екі есігінің қайсысынан кіретінімді анықтап алайық (қараңыз, Біздің тарихымыз)!
 
Бідің тұрақты оқырмандарымыз үшін  Қасымқанов көшесінен енген қолайлы болар  (бұрынғы Повстанческая), 74. Содан басталық!
 
Кітапханамен танысуды келушілерді өрік түстес жұмсақ жиһазымен, қолайлы киім ілгішімен қарсы алатын фойеден бастайық. Бұл жерде көшірме техника бойынша оператор оқырмандарға өз қызметін ұсынады.

eks1.jpg

Фойенің сол жағындағы  кітап саны көп, орын саны аз бөлік  7-11 сынып оқушылары мен жастарға қымет көрсету  Абонементі.
 
Терминологиямен таныс емес адамдар үшін түсіндіріп өтейін: абонемент (кітапханада) – кітаптар үйге берілетін бөлім. Ержеже бойынша, әрине. Ол қағидалар «Оқырмадар еркіндігінің Ұлы ережесінде» көрініс береді. Одан кітапхана оқырманы болғандар ерекше ережемен сусындап, кітапханашылардың салқын қанды әскер емес, бейбіт түрде қатынас жасауға болатын қарапайым халық екенін білді.

eks2.jpg

Осы үлкен бөлім қызметті өзара бөлісті: № 1кафедра, 7-9 сынып оқушыларына қызмет көрсетеді, № 2кафедра, 10-11 сынып оқушыларымен, студенттермен, оқытушылармен жұмыс істейді, бірақ бұл шартты түрде,  себебеі, екі кафедра да оқырмандарымыздың сабақтастығын, достығын айқындайтын шеңбер іспеттес. Оның үстіне, жас ерекшелігіне сай бөлінгеніне қарамастан, абонемент – бәріне бірдей қымет көрсетеді, әрқайсысы орналасқан орнына қарамастан кез келген кітапты ала алады.
 
Осы абонементте сен тұтас «Оқу  әлемін» танып білуге керемет мүмкіндікке ие болып, атақты тұлғалар – жазушылар, ақындар, ғалымдардың оқырмандық талғамы туралы оқып білесің. Олардың кітапханаларының құпиясына үңілмес бұрын, керемет көрмені тағы бір рет босатып кетуді ұмытпа. 
 
Ал абонемент сөрелерінің шыны есіктерінің ар жағында Кірпі, иә, сол кітапханалық кірпі өмір сүреді.  Иә, бұл жерде тұтас бір банда орналасқан! ;) ..яғни нағыз кірпі мұражайы! Бұнда қандай тұлғалар жоқ десей, - жұмсағын да, ағаштан, моншақтан жасалғанын да, тіпті қап – қарасын да кедестіруге болады... Бірақ ең сүйкімдісі, ең алғашқы, ескі, умаждалған, есімі Аңызға айналған Ёжик №1 — 2000.
 
Осы абонементте әдебиетті ідеуде таптырмас көмекші каталогтар мен картотекалар бар.  Каталог екеу: жүйелі және алфавитті. Ерекше мақтанышымыз – өлеңдер мен қанатты сөздер, шығарма атаулары картотекасы толықтыратын әдебиеттану картотекасы. Осы маңда орналасқан Анықтама аймағы барлық кереметті пайдалануға көмектеседі.

eks3.jpg

Сондықтан да егер сен бұл жағынан ебің болмаса, соңғы мүмкіндігің бар! Яғни теірек бізге кел!     Айтпақшы, Анықтама аймағында қашанда болса, білікті библиографтардан кеңес алып, компьютермен жұмыс істей аласыз немесе Ғаламтордан сені қызықтырған ақпаратты ала аласыз.
 
Ал  енді 7-11 сынып оқушылары мен жастарға арналған оқу залына беттейік – ол қарама қарсы бағытта орналасқан. Оның басым бөлігін алып жатқан классикалық «жұмыс аймағына» үстел мен орындақтар қойылған, өйткені рухани азықты оытырп қабылдау керек екенін түсінеміз.
 
«Қазақстан жаңа он жылдықта» көрмесінің жанында мемлекетіміздің даму жолындағы өзекті мәселелер шешіліп жатады.

eks4.jpg

Бірақ ең бастысы оқу залы– кітапханамыздың нағыз демалатын және  дамытатын орталығы. Бүгінде кітапханада Дж.Р.Роулинг шығармашылығы табынушылары мен әдебиетте қалам сермеген балаларды өз қатарына алған «Феникс» әдеби студиясы белсенді жұмыс істеуде. Студия мүшелігіне жасөспірімдер мен жастар ғана емес, олардың кішкентай іні – қарындастары да кіре алатынын айта кеткен жөн.
 
Оқу залының («ересектердікі» мен «кішкентайлардың» да) мақтанышы жоғарыда айтылған оқырмандарымыздың әдеби және көркем шығармашылық журналы - «Ёжик».  4 шығарылымның әрқайсысын оқырмандар асыға күтеді.  Балалар өз таланттарын көпшілік назарына ұсынуды қалайды екен!
 
Сонымен қатар оқу залы -  түрлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын сан алуан анықтамалар мен  энциклопедиялардың тоғысқан жері. Сонымен қатар газет, журналдар, мерзімдіктер  де бар. Қажетті ақпаратты жылдам  қалай табуға болады? Уайымдама, бәрі жақсы болады, саған ақпараттық – библиографиялық бөлімдегі ақылды білгіштер көмектеседі.

eks5.jpg

 
Бұл олардың иығына, яғни олардың  «қолына» кітапханамыздағы барлық газет  - журналдар бумасы жүктелген (ал бұл шамамен 400 ге жуық атау). Міне осы кісілерге оқырмандар өздерінің ең «кемеңгер» сұрақтарын қойып, оған жауап алып жатады. Өйткені библиограф «иелігінде» кітапта жоқ ақпараттар жиналатын үш картотека– «Елтану», СКС-мақалалардың жүйелі карототекасы, әдебиеттану картотекасы бар. Бұл картотекалар 2002 жылдан бастап электронды түрде жинақталған.

Бұл бөлім заңды түрде кітапхананың ақпараттық орталығы болып табылады. Библиографтар жас оқырмандардың қызығушылығына бөленген «Әдеби жиһанкез» және «Оқу қуанышы» электронды көркем әдебиет таныстырылымын жасады.

Бірақ ерекше бізді қуантатыны - жаңа, көз қызықтыратын кітаптардың  түсімі. Ал бұны қадағалайтын бөлім – Әдебиетпен жабдықтау және өңдеу бөлімі. Ендігі  барар жеріміз сол жақ.
 
Бұл бөлімге әр кітапханашы қызыға қарайды. Себебі, су жаңа кітаптар мен журналдарды бірінші боп ақтаратын осы бөлім. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Әр газет – журнал, әсіресе, кітап есепке алынып, арнайы өңдеуден өтеді. Кітапты жүйелендіреді, яғни, оған мекен – жай тіркеп, «тұрғылықты мекен – жайы бойынша» сөреге орналастырады; қайтару мерзімі парағын жапсырады; бірден 4 каталогта – оқырмандарға арналған  алфавитті және жүйелік және басты, алфавиттік, жүйелік каталогтарда сипаттайды; мүкамал кітаптар бойынша жүргізеді, содан кейін ғана кітаптарды оқырмандарға жібереді.  Компьютерлер мен  принтерлер комплектатор еңбегін жеңілдетеді.
 
Көпшіліктің «көз құрты» болған бөлімнің жанында топаралық қарым қатынас бөлмесі орналасқан, онда «Феникс» әдеби студиясының мүшелігіндегі оқырмандар жиналады.
 

eks7.jpg

Осы бөлмеде бір – бірімен пікір алмасып, өз туындыларымен бөліседі, талқылайды, бірақ өзге оқырмандарға кедергі жасамайды. Сонымен қатар осындай пікірталастарды көздейтін іс – шаралар өтіп тұрады.
 
Енді шығып, кітапханаға қайта кірелік, оңға бұрыла салысымен  - ақ жетіп қалдық – қайта салынған ғимаратта да бізді асыға күтіп отырғандар бар.
 
1991 жылы кітапханаға ағартушы ғалым, Ұлы ұстаз жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин есімі берілді (қараңыз, Біздің тарих). Ағартушы  Ыбырай Алтынсариннің  ұстаздық етіп қана қоймай, Қазақстанда алғаш кітапхана ашқанын көпшілік біле бермейді.   
 
Оның портреті мен ұлы жерлесіміздің құрметіне арналған айтулы орындардыі суреттері фойе жанындағы дәріс залының қабырғасына ілінген.

стенд посвященный И. Алтынсарину

Айта кету керек, 2011 жылы  мерейтой өтті— Ұлы ағартушының есімі кітапханаға берілгеніне жиырма жыл.
 
Оң жақта - Ғылыми-әдістемелік бөлім немесе кітапхананың «Ойлау орталығы». Міне осы жерге барлық жаңа идеялар, ойлар, шығармашылық бастамалар құйылады. Әлде кітапханамыздың ерекшелігіне байлагысты ма, әлде ақпараттың молдығынан ба немесе оқырманның өзіне қажетті ақпаратты табуға деген ынтасынан ба белгісіз, әйтеуір облыстың балалар кітапханалары үшін ғана емес барлық педагогтар үшін де бөлім әдістемелік орталық бола білді. Неліктен? Өйткені бұл жерден кез келген тақырыптағы іс – шараға арналған материалды таба аласың.

eks9.jpg

Жалпы алғанда,  әдіскерлер журнал болсын, әдістемелік жоспар, ақпараттық хат немесе семинар хаттамасы болсын, барлық жаңашылдықты өз бөліміне тасығанды ұнатады. Сосын оларды папка мен сөрелерге орналастырады.

Осы жерден бөлім шығарған барлық материалдармен қоса, СОРОС қорының қолдауымен және оқырмандарымыз бен кітапханашыларымыздың белсенділігі арқасында жарық көрген Ежик журналы да басып шығарылады.

Екінші қабат біздің кішкентай оқырмандарымыз бен өнер секторына берілген. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы жеделсаты қойылған, жылдам түсіп, мінуге болады. Айтпақшы, финдік үлгіде жасалған жеделсаты шуақты Испаниядан әкелінген.
 
0-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімі – кітапхана таланттарын шығаратын орын.

eks10.jpg

Нақ осы жерде «Ежик» журналының ең белсенді авторлары өсіп шығады. Табалдырықты у -  шумен аттайтын осындай таланттардың бойындағы күшті кітапханашылар «бейбіт» мақстатқа қолдануға барын салады.

Өте белсенді, қызуқанды балалар өз қуатын арнайы бөлінген ойын бөлмесінде жұмсай алады. Бұл оңтайлы шешім: жазып, оқып, сабаққа дайындалып жатқан балаларға кедергі жасамай демалуға болады.
 
Оқу залының өзінде көңіл көтеру және танымдық бағыттағы журналдар өте көп. Кітапхана жас оқырмандары үшін қандай қызықты кітаптар алады десеңші! Оның тұрақты оқырмандары салауатты өмір салтын ұстанып, өз өлкесімен танысып қана қоймайды – «Оқу қуанышы» нұсқаулық көрсеткіші арқылы кітаптармен сырттай таныса алады. Р арасында оқу алында және абонементте орнатылған Кирилл мен Мефодий электронды энциклопедиясы ерекше сұранысқа ие.
 
Ал кітапқұмарлар, әрине, абонементке келеді. Қызықты кітаптар туралы көбірек біліп, ұнатқанын үйге әкеті үшін келеді.

eks11.jpg

Ең қажетті кітаптың жанынан өтіп кетпеу үшін не істеу керек? Бұған керемет безендірілген көрмелер, бұрыннан балалармен, олардың ата – аналарымен жекелей жұмыс істеу арқылы көзге түскен «кіші» абонемент кітапханашылары көмектеседі.  Айтпақшы, осындай ерекшеліктерінің арқасында   2009 жылы «Жанға жайлы жүздесу» атты ата – аналар клубы дүниеге келді. Осы клубта ата  - аналар балалар әдебиеті туралы көбірек біліп, балаларымен бірге оқып, сүйікті кітапханаларында бас қосуға мүмкіндік алды.
 
0-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімі , міне осындай қызықты, көңілді, шулы, әсерлі. Бір сөзбен айтқанда, мерекелеуге  қашанда даяр. Ал мерекені мектепте немесе үйде қалай өткізуге болатынын кітапханамыздың өнер секторы көрсетіп береді. Ал егер табынушы (яғни сүйікті артист, жұлдыздарың болса), тыңдаушы, парақтаушы болсаң, онда сені бұнда асыға күтуде. «Өнер секторы» деген атау саған қандай ой салады? Біздің жағдайда өнердің ерекше қырынан көрінуін білдіреді: қосылмайтынның қосындысы болуда- абонемент пен оқу залы біртұтас; және өнерде– кітапхананың осындай жанға жайлы бөлігінің керемет безендіру үлгісінде. Сектор қоры  – оқырмандарға үйреншікті кітаптардың, журналдардың ғана емес, нота жинақтарының, пластинкалар мен оқырмандар заманауи техника арқылы тыңдауға болатын аудио  - бейне кассеталардың, CD-ром мен DVD  жиналған жері. Дегенмен бұл жас оқырмандарымыз сүікті ертегілері мен өлеңдерін тыңдауды ұнататын бұрынғы көзтаныс винилді дискілердің танымалдығына көлеңке түсіре алмайды.
 
Өнер секторының оқырманы бөлімнің өзі сияқты ерекше. Көбісінің оқырмандық өтілі 6 жастан басталып, мынадай заттардан кейін өзін көрсетуге деген құлшынысының арқасында шексіз жалғасып кете береді:

eks12.jpg
 

Ал 2008 жылдан бастап өнер секторында осындай ғажайып өнердің табынушылары апта сайын жиналып, әдемі заттар жасайтын, кеңестерімен, құпияларымен бөлісетін «Оригами әлемі» үйірмесі жұмыс істей бастады.
 
Оригамимен айналысатын балалардың шығармашылығы өнер секторының айшықты безендірулерінен орын алды:

eks13.jpg



Оригамимен айналысу арқылы қиял, логика, ойлау қабілеті, елестету, түйсік дамитыны ғылыми түрде дәлелденген, сондықтан да оригамимен айналысатын балалардың оқу үлгерімдері жақсы. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалардың ата – аналары саусақпен жұмыс баллаардың ұсақ моторикасын дамытатынын, яғни, қолдың жазуға икемделетінін білгендері жөн. Бұл үйірмені «тәжірибелі оригамиші» Ольга Васильевна Медведева жүргізеді.

 
Сонымен, ДИРЕКТОР...

eks14.jpg

Кітапхана туралы әңгімемізді осы кісіден бастағанымыз қызық көрінген шығар? Жоқ, бәрі дұрыс, ең басты тұлға бізде оқырман ғой! Ал директор, директор – кітапханамыздың  «Энерджайзері». Директордан алатын шығармашылық қуатымы әрке жаңарып отырады. Ол  біздің бір жерде тұраламай, үнемі дамып отыруымызды «талап етіп отырады». ың бізге Творческие импульсы, которые посылает к нам наш директор – всегда новые и новые. Она не дает нам стоять на месте и «требует» постоянного развития. Ольга Тросиненконың бізге сыйға тартқан картинасында оның өмірлік ұстанымы, көңіл күйі керемет дәл суреттелген. Себебі, балалар кітапханасы директорының жүрек түкпірінде балалық шақтың кішкентай бөлшегі сақталып қалуы керек қой. Міне ол сақталып қалған!

Енді осымен аяқтап қалдық. Жоқ тағы да қалып қойған екен ғой: кітапханамыздағы іс – шаралардың басым бөлігі өтетін 70 орынды акт залы бар. Онда нағыз грим жасайтын жіне киім ауыстыратын орын бар.

eks15.jpg

Енді міне болды – ары қарай болады да. Бізге бір рет келген адам тұрақты оқырманға айналады. Себебі, кітапханамыздағы жанға жайлы орта ерекше тартылыс күшіне ие. Ендеше кездескенше!

Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 172 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана