Қостанай обылысындағы Ы. Алтынсаринің мемориалдық мұражайы

1991 жылдың қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ағартушысы, ұлы ұстазы Ы. Алтынсаринның мемориалды мұражайы ашылды.


Бұл шығыс үлгісінде жасалынған әсем ғимарат қаланың тарихи-сәулет өнері бөлігінде Ы. Алтынсарин ескерткіші мен 1884 жылы өзі негізін қалаған озат балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасты.

Мұражайдың экспозиция залында «Ы. Алтынсарин - ағартушы -педагог», "Халық жазушысы М. Хакімжанованың шығармшылық зертханасы" атты заттар мен фотоқұжаттар көрмесі бар.

Қазіргі кезде мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталып, жылына 30000 адам осыларды көруге келеді. Мұражай жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: Мұражай қорын жабдықтау, есеп жүргізу, жәдігерлерді зерттеу, жабдықтау, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, көрме жөне ғылыми-ағарту жұмысы. Ы. Алтынсаринның, оның ізбасарлары мен өлкенің білім беру саласының педагогикалық мұрасын толық қайта жаңғырту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 39 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана