Арқалық

Арқалық каласының дүниеге келуі боксит кен орыны және бүгінгі күні есімі қала көшелерінің біріне берілген, кеңестің ірі геолог ғалымы, осы жерде боксид пен алюминий тотығы кенішін тапқан Алексей Николаевич Волковтын есімімен тығыз байланысты. 1948 жылы ол кен орынының мол коры өнеркәсіптік түрде игеруге жарамды екендігін дәлелдей алды.

1956 жылдың 20 шілдесі мен 24 тамызы күндері осы шексіз далаға алғашкы құрылыс салушы комсомолдардың екі тобы келді.

Арқалықтың ресми туған күні ретінде Қазак КСР-і Жоғарғы Кеңесі президиумының Арқалык жұмысшылар кентін amy туралы Қаулысы жарық көрген 1956 жылдың 23-казаны саналады.
Алғашкы қала салушылардың кыстың қытымыр суығы мен жаздың аптап ыстығын, ауыз су мен азыктүлік тапшылығын бастан өткізуге тура келді. Қатаң табиғат кала салу туралы ниетті жоққа шығара жаздады. Мәскеуден келген арнайы комиссия өлкенің табиғат жағдайын зерттей келе, қүрылыс салудың кисынсыздығы туралы шешім шығарды. Бүгінгі күні, арада осынша жыл өткенде, ол комиссияның айтқаны дүрыс болғанын, жаңа каланы өзен жағасына салып, жүмысшыларды кенішке вахталык тәсілмен апарып түрған әлдеқайда колайлы боларын мойныдауға тура келеді, бірак….Бірак ол кезде "табиғатты бас идіруге" ынталылар шенеуніктерді қүрылыс жүмыстарын жалғастыру қажеттігіне сендірді. Сөйтіп, 1957 жылы КСРО Мемлекеттік экономикалык комиссияся Торғай кеніші кұрылысының жоспарын бекітті.

1961 жылы экскаваторшы Михаил Демченко руданың алғашкы шөмішін жер бетіне шығарды. Кейін Социалистік Еңбек Ері М.Демченконың есімі кала көшелерінің біріне берілді, ал сол тарихи шөміш пен бок¬сит кенінің алғашкы шойтасы Дала өлкесі тарихының мүражайы алдындағы алаңда койылды.

Болашак қала біртіндеп өсіп, бой көтере бастады. 1963 жылы Арқалык өзі аттас ауданның орталығы атанды. Ал 1970 жылы оған жаңа құрылған Торғай облысынын орталығы мертебесі берілгеннен кейін кала тез дамып, құлашын кеңге жая бас-тады.

Тың эпопеясының екінші кезеңінің басталуы кала тағдырына өз үлесін косты. Бұл мәселеде басты рольді Амангелді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Оразалы Қозыбаев атқарды. Оның СОКП ОК-ның басты баспа органы "Правда" газетіне жолдаған ашык хаты Торғай жеріндегі тың және тыңайған жерлерді игеруге бастау болды. Өзінің "Торғай шакырады" атты хатында ол ежелгі Торғай даласын игерудің кажеттігін негіздей отырып, дәлелдеп берді. Бұрын бұл жерде астык осіруге болмайды деген пікір калыптаскан еді. Кейін О.Қозыбаев Аркалык ауданын баскарып, оның калыптасуы мен дамуына зор үлес косты. Осы еңбегі үшін ол Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталып, оның есімі Аркалык каласыньщ орталык кошелерінің біріне берілді.

Өткен ғасырдың жетпісіншісексенінші жылдары Арқалық тарихына қаланың гүлдену кезеңі болып енді. Сексенінші жылдардың соңына карай қазіргі заманғы тоғыз шағын аудан салынды. Қала түрғындары саны 70 мың адамға жетті.

Ол жылдары КСРО ғарыш игеруде үлкен табыстарға жетіп жатты. Арқалык елдің ғарыш айлағына айналды. Бүл жерде ең қуатты ғарыш кемелерін кадағалау стансасы жүмыс істеді. Барлык ғарышкерлер дерлік Торғай жеріне келіп конатын, олардың көпшілігі Арқалык қаласынын Қүрметті азаматтары атанды.

Тоқсаныншы жылдардың ортасы қала үшін қүлдырау кезеңі болды. Облыс орталығы мэртебесінен айрылу, елдегі жалпы өлеуметтік-экономикалык күйзеліс көптеген кәіспорындар мен мекемелердің жабылуына алып келді. Кеңес кезінде қалыптастан "алдымен қиындықтар тудырып, кейін оны өжеттікпен жеңіп шығу" одеті кері ықпалын тигізбей коймады. Дағдарыс жүмыссыздыкты туғызды. Халықтың үдере кошуі салдарынан жаңа мыңжылдық басында қалада бұрынғы түрғындардың жартысынан да азы қалды. 2001 жылы қала оңтайластыру үдерісін басынан өткерді. Қала шетіндегі жартылай босап қалған шағын аудандардың тұрғындары қала басшылығы жариялаған көш барысында орталыкқа көшіп, осындағы бос тұрған пәтерлерге коныстанды. Шет жактағы алтыншы шағын ауданның бір бөлігі, жетінші және тоғызыншы шағын аудандар толығымен қаңырап бос қалды.
Әрине,мемлекет мүмкіндігінше Арқалыкка көмек көрсетіп отырды. К,аржы бөлді, қаланы дағдарыстан алып шығу үшін тожірибелі мамандар жолдады. Облыс және қала басшылығы жүргізген үйымдастыру-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық шаралар 2004 жылы жалпы жағдай- ды едәуір жаксартуға мүмкіндік берді. Коммуналдык кәсіпорындарды жандандырып, каланы қайта жаңғырту жөніндегі жоспарларды жүзеге асыруға кол жекізілді. Бүлтүрғындардың үдере көшуін токтатып, экономиканы түрақтандырды.

Ең ауыр жылдарды артта қалдырғаннан кейін Арқалық бірте-бірте еңсесін көтеріп, қайта жаңғыра бастады. Дағда рыс жылдары қирап калған әлеуметтік және түрмыс нысан дары, мәдениет ошактары қайта жаңарып, кәсіпорындар кайтадан жұмыс істей бастады. Дегенмен ең ауыр жылдары қалада Мәдениет сарайы, дра¬ма театры жұмыс істеді. Мәдениет қызметкерлері қала түрғындарымен кездесіп түрды. Концерттер ұйымдастырып, жерлестерінің көңілдерін көтерді, олардың жүрегінде үміт отын жақты. Қала үшін 40 пәтерлі түрғын үйдің іске қосылуы жаңа өмірдің жаксы нышаны іспетті болды. Онан соң коммуналдық түрғын үй салу аясында арқалыктықтар 48- пәтерлі үйдегі жаңа пәтерлер кілтгеріне ие болды. 2004 жылы 120 орындық жаңа қазіргі заман талабына сай балалар бакшасы іске косылды, ал 2005 жылдың қыркүйек айында "Торғай LTD" өз қаражатына "Раушан" балалар бақшасын салып берді.
"Алюминстрой" ЖШС Ашутас су таратқышының күрылысын жүргізуде. Ол біткен соң каланы ауыз сумен камтамасыз ету мәселесі шешілмек. Бүл максатка 600 миллион теңгеден астам каражат бөлінді.

Қала экономикасының жаксаруына кала бюджетіне түсімінің үштен бірін беретін "Алюминий Казахстана" ТБКБ, "Аркалыкская тепло¬энергетическая компания " АҚ, "Іскер", "Южные электричес¬кие сети" ААҚ секілді коммуналдық кәсіпорындар көп үлес қосты.

"Иволга-Холдинг" ЖШС де осындай игі істерден тыс калг¬ан жоқ. Оның еншілес кәсіпорыны - "Батыр-Г" ЖШС өз өндірісін ауыл шаруашылыгы саласында да,өнеркәсіпте де катар дамытып келеді. Бүл инвестор Целин¬ное селосы алқабында астык өндіру ісіне айтарлықтай каражат косты, үзақ жылдар токтап түрган "Армаш" зауытын аягынан тік түргызды.

17 ЖШС, 400-ден астам шаруа кожалыктарынан түратын Атрокүрылым негізінен астык өндірумен шүгылданады. Оның егіс алкабының жалпы көлемі 354 мың 993 гектар, астық танабы 157 мың гектар жерді алып жатыр. Әр гектардан 10,4 цент- нерден өнім алып, астық тапеыру мөлшері — 50 мың тоннаға жеткізді. Аркалық өңірі астык шаруашылығы үшін аса колайлы аймақтар қатарына жатпаса да. бүл сала табыссыз емес. Оған себеп — торғай бидайы сапасының жоғарылығы. Оған деген сүраныс ешқашан төмендеп көрген емес. Өзінің сипаттамасы бойынша арқалық бидайыкың жүмсак сорттары да катты сортгарынан кем түспейді.

Ең ірі инвесторлардың бірі — "Әліби" астық фирмасы. "Әлиби-Сенім" ЖШС аркылы ол үлкен сүраныска ие астык өндіреді. Бүл аймақтағы қолынла қазіргі заманғы техникалық паркы бар ең озат шаруашылык. Шаруашылыктың орталығы — Восточное селосы аса жайлы, дәулетті елді мекенге айналды. Жыл сайын шаруашылык ауыл инфракүрылымы мен оның әлеуметтік нысандарына шшлион теңге бөліп отырады.

Ауыл шаруашылығы саласынын көшбасшылары катарында мемлекеттік түқым шаруашылығы кәсіпорыны — Аркалык ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының (АС- ХОС) орны бөлек. Ол орналас кан Ашутасты ауылы әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымы дамыған ең ірі ауылдық елді мекен.
"Бірлкі-К", "Әділбек", "Үштөбе" ЖШС секілді ауыл шаруашылық құрылымдары табысты еңбек етуде. Жылданжылға олар мол өнім алып, әлеуметтік салаға айтарлықтай қаражат бөле алатын табысты шаруашылықтар атын лайықты иемденіп жүр.

2005 жылдың сәуірінде Арқалыққа ҚР премьер-министрі Д.Ахметовтың бір топ басшылар мен мамандарды ертіп келуі қала тарихында шын мәнінде жаңа бетбұрыс болды. Сол жұмыс сапарының қорытындысы бойынша үкімет Арқалықты қайта жаңғыртудың жобасын даярлады. Ол артта калған шағын қалаларды жаңа экономикалық дамудың деңгейіне шығарудың беташары болмақ. Қала үшін болашаққа жол ашылды. Жаңа өндіріс орындары мен жүмыс орындарын ашу көзделіп отыр.
Соңғы жылдардағы жағымды өзгерістерді арқалықтықтар облыс әкімі С.В.Кулагиннің атымен тығыз байланыстырады. Кезінде Торғай облысының әкімі болғандықтан ол қала проблемаларын өте жақсы біледі. Екі көп кабатты түрғын үйдің, балалар бакшасының қүрылысы, ауылдардағы біркатар ны сандарды қайта калпына ке.тгіру әкімнің күш- жігері мен табандылығының арқасында жүзеге асты. Премьер- министрдің сапары мен үкімет каулысы — Сергей Витальевичтің қаланы қайта жанғыртуға сіңірген еңбегінің алғашкы жемістері. Сондыктан калалык мәслихат депутаттарының С.Кулагинге "Аркалық каласының күрметті азаматы" атағын беру туралы шешімі заң- ды ды түсінікті.

Картаға көз салыңызшы. Ар- калык — Қостанай облысының онтүстігінде орналасқан ең ірі елді мекен. Қалада 26924 адам түрады. Онан баска Арқалықтьщ әкімшілік- аумактық карамағына 18 село мен ауыл, сондайак Северный, Дачный, Но¬вый, Западный аталатын қала жанындағы терт елді мекен кіреді. Аркалық өңірі аумағының жалпы алаңы 1558 мың шақырым қүрайды. Халык саны - 42469 адам, оладың 15545-і ауы.хаык жерлерде түрады (2005 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша).

Аркалықтан Қостанай каласына дейін 550 шақырым, Астанаға дейін - 670 шақырым. Қала облыс орталығымен және Қазақстанның Елордасымен автомобиль жолдары және темір жол арқылы байланысады. Аркалық Қостанай облысы оңтүстігінің мәдениет және білім беру орталығы ретінде
ма ңызды роль атқарады. Ертеден көрші орналасқан Амангелді және Жангелдин аудандары Арқалыққа арка сүйейді. Осы аудандардың жастары білім іздеп, дэрістері негізінен қазак тілінде берілетін бір жоғарғы, төрт арнайы орта оқу орыны бар Арқалық қаласына аттанады. Бүл оку ордалары – Ы.Ал- тынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институт, Н.Қүлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі,Торғ ай аграрлық-техникалық колледжі, медициналық кол¬ледж және экономика және күкық колледжі. Сондайак калада 31 мектеп - оның ішінде екі гимназия және орта техникалық мектеп - жұмыс істейді. Олардан басқа "Жас ұлан" балаларжастар орталығы, мектепке дейінгі білім беретін "Надежда" балалар мекемесі, "Ақбота", "Золотой ключик", "Раушан" бала бакшалары жұмыс істейді. Қалада музыка мектебі де бар. Облы- стық Дала өлкесі тарихы мұражайының , N2 ғылыми-әмбебап кітапхананың, жасөспірімдер театрының, қалалык мәдениет Сарайының залдары ешқашан бос болмайды.

Кезінде Арқалык өнерпазда- рынантүратын "Шертер" фольклорлық-этнографиялык ансамблінің атағы бүкіл Кеңес Одағында және одан тыс жер- лерде гүрлеп түрды. Ол күні бүгін де өнер көрсетіп, көрер- мендер ыкыласына ие болып жүр. Биыл ол өзінің 30 жылдағын атап өтті.

Аркалық аймағындағы өз өмірін сирек кездесетін өнер түріне арнаған халык шебері Шоптібай Байділдаүлы – ерекше дарын иесі. Ол казақтың ою- өрнегін салып, насихаттау- мен шүғылданады. Шебердің шығармашалық қоржынында 1500- ден астам авторлык жүмыс бар. Олардың әркайсысы кай- таланбас, бірегей туындылар.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 98 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана