Жангелді ауданы

Жангелді ауданы шел және шөлейт жерлер шекарасында орналаскан үш милли¬он 700 мың гектардан астам жерді алап жатыр.

Қарағанды және Актөбе облыстарының аудандарымен шектеседі.

Бүл — көк пен даланы еркін шарлаган жыртқыш к үстар мен жанжануарлар, жүздеген көлдер мен ондаған өзендер өлкесі. Мүндағы ең ірі өзен — Торғай. Сондайак бүл — көшпелі күмдар даласы.
Аудан түргындары негізіненмал шаруашылығымен шүғылданады.

Аудан орталығы — Торғай селосы.

Ауданда 15 орта мектеп, өнер мектебі, спорт мектебі, 16 кітапхана, мүражай кешені бар.
Торғай өлкесі тарихының түптамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Бұл жер халықтардың ұлы көшінің куәсі болды. Бұл өлке туралы сонау 11 ғасырда парсы зерттеушілері Абу-Саид Кардизи мен Хафиз Таныш жазған. Моңғолдар жаулап алған- нан кейін бұл жерлерді Саин хан ( қаһарлы Бату ) биледі.
"XI- ші ғасырда қыпшактар өз мемлекетін күрды. Оның ор- талығы қазіргі Қостанай облысының аумағындағы Торғай ал- кабында орналасты", - деп жазады қазіргі заманғы ғалымдар А.Күзембайүлы мен Е.Әбіл.

Өлкенің әсем табиғаты, оның сансыз байлығы мүнда көптеген ғалымдар мен зерттеушілерді шақырып түрды. 1253 жылы бүл жер арқылы Рубрук жүріп өткен. 1625-1626 жылдары осында зерттеу жүмыстарын " Үлкен сызба" кітабының авторлары жүргізген, 1742 жылы Торғай өлкесін К.Миллер зерттеді, ал 1768- 1774 жылдары бүл өлкені зерттеуге Ресей Академиясының П.Паласс басқарған ғалымдары келді.

Қазак хандығы қүрылғаннан кейін Торғай өлкесі халык өмірінде маңызы аса зор көптеген саяси оқиғалардың ортасы болды. Торғайдың стратегиялық маңызын ескере отырып, 1845 жылы патшалық Ресей бұл жерде Орынбор әскери бекінісін орнатты. Арада бірнеше жыл өткенде, Ыбырай
Алтынсариннің бастамасымен бұл өңірде алғашқы мектеп салынып, ол білім мен мәдениеттің дамуына куатты серпін берді. Бүл мектеп шәкірттерінен кейін дала өлкесінің ұлы тұлғаларына айналған көрнекті азаматтар шықты. Олар — Қазан университетінің заң факультетін үздік бітірген тұңғыш казақ, кейін Ресей Мемлекеттік думасының бірінші және екінші шакырылы- мының депутаты болған Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов, қазақ халкының рухани көсемі, ғалымлингвист Ахмет Байтсынов, жазушы Міржақып Дулатов жоне қазақ халқының мақтанышына айналған басқа да саяси қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, ақындар мен композиторлар.

Торгай қай істе болсын көш бастап жүрді. Торғайлықтар ал ғашқы болып еркіндік туын көтерді, алғашкы болып дала өлкесінде Кеңес өкіметін орнат¬ты. Ал айда ауданньщ қатал табиғат жағдайы, орталықтан, ірі көлік тораптарынан алыс орна ласқаны және халык санының аздығы жайсыз ыкпалын жасамай коймады. Бүгінгі күні Жан гелдин ауданы қиынқыстау жағдайды басынан кешуде. Ауданның табиғи байлығы оны іске асыруға мүдделі, іскер де жігерлі инвесторларды күтуде. Торғайдың міндетті түрде қайта түлеп, гүлденетініне күмән жок. Қазақстанның талай дарынды азамат, көрнекті түлғаларын дүниеге әкелген осы бір ежелгі бүрышының қасиетті рухы оның кепілі.
Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 406 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана