Облыстағы ең ірі астык өндіруші аудандардың бірі - Қамысты ауданы 1955 жылы күрылған. Оның аумағы 12 мың шаршы шакырымнан астам жерді алып жатыр. Ауданда 18 мыңдай адам түрады.Егістік алкабының көлемі 260 мың гектардан асады. Астык өнімділігі орта есеппен 10 цент¬нер шамасында. Ауданның жер койнауы өте бай, бүл жерде ал¬тын, мырыш, күрылыс материалдары мен түз корлары табылған және игерілуде.Аудан аумағы аркылы 2004 жылы іске косылған Хромтау - Алтынсарин темір жолы өтеді.
Қазіргі Қамысты ауданының аумағында казак,халқының кейінгі тағдырына зор ықпал еткен ірі тарихи оқиғалар болды. Ауданның оңтүстігінде Қарасиыр жазығында жатыр. Қазақ жасақтарының қалмақтарға қарсы ұлы шайқасындағы ең алғашқы және ең ірі жеңісі осы жазықпен тығыз байланысты.1723 жылы қазақтар басына "Актабан- шұбырынды" атанған ұлы зұлмат туды. Қазак жасақтары қалмактармен, туған елдің азаттығы үшін шайқаста жеңіліске ұшырады. Одан соң Саңырақ батыр мен Тайлақ ба¬тыр бастаған казак жасактары Қарасиыр шаткалында қалмактарға қарсы жаңа ұрысқа шықты. Бүл соғыстың жеңісті нүктесін қазак жауынгерлері 1725 жылы Аңырақай даласында қойды. Сонын нәтижесінде қазақ жері калмақ шапқыншыларынан біржола тазартылды.Қамысты ауданы аумағындағы тағы бір тарихи орын — Оркаш көлі. Онда сонау 18- ғасырда өзінің тағамдық сапасы жөнінен Орта Азия мен Қазақстан аумағында ең үздік танылған түз өндіріле бастады. Оркашта өндірілген түз Ресейдің барлық қалаларына жеткізіліп түрды.20 ғасырдың басында бүл жерге алғашқы қоныс аудару- шылар келіп, бүған дейін соқа тимеген тың жерлерді игере ба¬стады. Коломенка, Мечетное, Ливановка, Богдановка, Оль- гинка, Сахаровка секілді елді мекендер сол кездердің куәсі ретінде сақталып қалды.
Тың жоне тыңайған жерлерді еру кезінде ірі астык шаруа- шылықтары бой көтерді. Олардың арасында кейін астык, ет және баска да ауыл шаруашылык өнімдерінің ірі фабрикалары болған Алтынсарино, Кара- батыр, Бестөбе және баска да агроқалашықтар ерекше көзге түсті. Аудан дамуына Александр Павлович Щеглов, Сейіт Кәр- бенұлы Корбенов, Сағынай Омарүлы Омаров, Жағыпар Әмирғалиүлы Ақбасов, Павел Афанасьевич Лой, Ыбыраш Естаев, Алексей Игнатьевич Ярмо-ленко сында белгілі шаруашы- лық басшылары зор үлес косты.
Соңғы жылдары ауданда жаңа омірге бейімделген, іскер басшылар өсіп шықты. Ең ал- дымен бұлар - Жэзит Корімүлы Қүдайкүлов иен Борис Павло¬вич Князев. Олар басқаратын "Қарабатыр" АФ ЖШС және Алтынсарин атындағы ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің кошін бастап келеді.
Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.