Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының
"Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық
балалар мен жасөспірімдер кітапханасы"
КММ директорының бұйрығымен бекітілді
«5» сәуір 2018 жыл
№04
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: мәдениет саласы
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мекеме қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде пайдаланылады.
3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мекеменің барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті.
3.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қолданылуы мен орындалуына Мұражайдың барлық қызметшілері дербес жауаптылықта болады.
4. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында (мәдениет саласында) жұмыс істейтін тұлғалар тәртібінің (іс-әрекетінің) қағидалары:
4.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;
мүдделер қақтығысының пайда болуының әр мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
өз лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу мүмкіндіктерін пайдаланбау;
жоғары кәсіптік жұмыс үшін бар жігерін салуға, қойылған тапсырмаларды шешудің оптималды, үнемді және өзге де құзыретті тәсілдерін қолдану;
қызметтік міндеттерді нәтижелі орындау үшін үнемі өз кәсіптік деңгейі мен біліктілігін жетілдіру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде өзінің қызмет бабын пайдаланып қиянат етуді, негізсіз төрешілдік көріністеріне және әуре-сараңға салуды, сондай-ақ дөрекілік танытуды және теріс түсінікті болдырмау;
азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуді, азаматтардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімде және тәртіпте қарау, ол бойынша тиісті шара қабылдау;
өз немесе жақын туыс-жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдаланбау;
лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеу;
4.2. Өз құзыреті аясында басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау;
құпиялылық сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамту;
кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейімдейтін жағдайлар жөнінде шұғыл жазбаша түрде Мекеме басшысын, уәкілетті мемелкеттік органдарды хабардар ету;
лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсыну мен қорғаудан, олардың атынан әрекет жасаудан тартыну;
әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастардың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер мен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну;
мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу;
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу;
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеу;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
қызметтік ақпаратты және басқа да мемлекеттік мүлікті қызметтік әрекетіне материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыздандыруды қызметтік емес мақсаттарға пайдалануға жол бермеу;
мемлекеттік қызметкердің құзыретіне кіретін шешім шығару кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану, қызметтік міндеттерін адал алалықсыз және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
4.3. Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
мемелекет мүдделеріне шығын келтіретін Мекеменің жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;
өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды іске асыру;
қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
бағынысты қызметкерлер мен өзге лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;
мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы құқық қорғаушы органдарға (немесе) басшылыққа тез арада хабарлау.
5. Өзге де шектеулер мен тыйымдар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңының өзге талаптарын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
лауазымдық құзыреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолданбау.