Сіздерді тамаша мереке – Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Нұр-Сұлтан – бұл қазақтың мерейі, мәртебесі, ел мақтанышы. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаламыз одан әрі гүлденіп, өркендей берсін.
Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.