Әдеби бағдарлама: Рүстем Сауытбай «Шоко әлем»

Бс, 04/08/2022 - 09:11 — Айжан К

Сәлемтетсіздер ме, құрметті оқырмандар! Әдеби бағдарлама аясында сіздердің назарларыңызға Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем» атты фэнтези кітабын ұсынатын боламыз. Кітап 2021 жылы Алматы қаласында «Порлиграфкомбинат» баспасында басылып шыққан. Автор Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы. Ең қызығы осы шығармада орын алатын оқиғалар да Арқалық қаласына жақын Амантоғай ауылында орын алады. Оқиға желісі бойынша оқушы балалар Эля мен Райл жазғы каникулда әжесіне қыдырып барады. Ауылда табиғат аясына қыдырып барғанда балалар ойнап жүріп, сиқырлы үңгірге тап болады. Олар үңгірдің ішінде шоколадтан жасалған әлемге кез болады. Одан әрі олар қызықты да шытырман оқиғаларды бастан кешіреді. Шоко әлемді сезінгілеріңіз келсе, кітапхана келіңіздер, оқыңыздар.


Тілдер

Жолдау 2022

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру