Виртуалдық кітап көрмелер

Сіздердің назарларыңызға «Виртуалдық кітап көрмелері»атты жаңа айдарды ұсынамыз. Оның басты мақсаты: оқырмандарды кітапханамыздың кітап қорына келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру,еліміздегі және туған өлкеміздегі жаңалықтардан хабардар ету;балаларға арналған тақырыптық көрмелер;өнер және кітапханалық іс бойынша көрмелермен таныстыру ж.т.б. Бұл берілген материалдарды еш ақысыз қарап,оқып,танысып, біздің кітапханамыздан үйлеріңе ала аласыңдар.

 

 

Амангельді Иманов

Бұл виртуалды көрме Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қайраткер қолбасшысы,қарапайым еңбекшілерді қорғаушы,тарихи тұлға,батыр-сардарға арналған.

Көрме 3 бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде Амангелді Иманов туралы тарихи деректер жинақталған мерзімдіік басылдар мен кітаптар. Ал екінші бөлімде батыр туралы орыс және қазақ тіліндерінде әдеби шығармалар. Үшінші бөлімде қазақ халқының батыры А.Имановқа арналған ескерткіштер мен естеліктер. Сонымен қатар осы бөлімде батырды жандандырған кинорежиссер мен ескерткіш қойған суретшілер туралы ақпараттар жинақталған.

 

 

Ахмет

Халық мұғалімі, саясаттанушы, редактор, этнограф, ақын, аудармашы, публицист, түркітанушы және көптеген кітаптардың авторы — Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған «Ахмет» атты виртуалды кітап көрмесі. Біз өмірінің бар көрінісін қамтуға тырыстық, бұл жерде оның туындылары, ол туралы және оның өз өмірін арнаған ұлы еңбегін аса қатты сыйлайтын серіктестері мен шығармашылық бағыты бойынша жақын адамдардың қызметі туралы естеліктер ұсынылған. Көрмеге 19 түпнұсқа ұсынылды, алайда олар одан да әлдеқайда көп. Ол көп оқырмандар тобына арналған.

 

Шерхан Мұртаза – жазушы, қоғам қайраткері, журналист

Құрметті оқырмандар. Сіздерге атақты қазақстандың жазушы, журналист және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына арналған виртуалды көрме ұсынылады. Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Шерхан Мүртаза. Ол негізінен прозашы болғанмен, әдебиеттің публицистика, көркем аударма, драматургия жанрларына бірдей үлес қосып келеді. Әдебиетке елуінші жылдардың соңын ала келген жазушы жарты ғасырға жуық шығармашылық жолында XX ғасырдың әр алуан аумалы-төкпелі кезеңдеріне сын көзбен қарап, сыншыл еңбектер жазуымен көзге түсті, оқырман ілтипатына бөленді.

 

«АСТАНА EXPO- 2017 – Болашақтың қуаты» көрмесі

Болашақтың қуат көзі – бұл экологиялық таза, арзан, жаңарып тұратын, адамдарға жылу мен жарық сыйлайтын «Жасыл» қуат көзі. Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін өткен көрме тақырыбы да «ЭКСПО көкжиегі» деп аталды. Оған 100-ге жуық ел мен халықаралық ұйымдар қатысты. Бүкіләлемдік Expo көрмесі—индустрияландыру нышаны мен техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме.

Қазақстан үшін «ЭКСПО-2017» айтулы оқиға болды: бұндай деңгейдегі халықаралық көрме бұрын-соңды Орталық Азия мен ТМД елдерінде болып көрген жоқ.

Виртуалды көрме үш тараудан тұрды. Бірінші тарауда Бүкіләлемдік Expo көрмесінің өткізілу тарихы мен «Expo-2017» көрмесінің Қазақстанда ұйымдастырылу жолдары туралы айтылды. Екіншісі - Қазақстанда оның ұйымдастырылуы туралы, оның өтетін орнының дайындалуы туралы, сәулетшілер, дизайнерлер байқаулары туралы, павильондар құрылысы туралы, техника мен адамдардың дайындығы туралы әдебиетке арналған. Үшіншісі - ЭКСПО мен оған қойылатын жәдігерлер туралы әңгімелейді. Виртуалды көрме орта және жоғары сынып оқушылары мен осы оқиғаға қызығушылық білдіретін еліміздің басқа да азаматтарына арналған.

 

Қазақстан - 2050

 

Алаш Мурасы

«Алаш басшысы. Әлихан Бөкейханов», «Лидер Алаша. Алихан Букейханов» атты таныстырылым көрме. Өз халқының тәуелсіздігі үшін күрескен, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, педагог, қоғам қайраткері, ғалым — Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің абонементінде таныстырылым көрме ресімделді. Көрмеге анықтамалық басылымдар, газет-журналдардағы мақалалар, очерктер, деректі материалдардың жинақтары, Амантай Ахетовтің «Властелин духа» атты көркем әдебиет кітабы, ғылыми-деректік кітаптар қойылды. Оқырман бұл жерден «Алаш» партиясының тарихын біліп, Ә.Бөкейханов туралы көптеген материалдар таба алады.
 

Ұлы Отан соғысына арналады

Электронды кітап әлемі

 

 Кездеспей кеткен бір бейне

Сіздердің назарларыңызға әдебиеттанушы, прозашы, драматург, қоғам қайраткері және қазақтың аса көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз!

Бұл біреулер үшін мейірімді доспен және дана сұхбаттасушымен көрме-таныстырылым болса, тағы біреулер үшін кездесу көрме. Бұнда оның қысқа өмірбаянымен және көптеген кітаптарымен таныса аласыздар! Танысу-кездесу сәтті өтсін!

 

Мал астықтың бастауы

Қостанай обласы: істеліген істері мен үміттері

Сіздердің алдарыңызда «Қостанай облысы: істелінген істері мен үміттері» атты электронды көрме. Көрмеде Қостанай облысы мен Қостанай туралы кітаптар және әртүрлі тарихи құжатттар,сонымен қатар қостанайлық авторлар жайында анықтамалар ұсынылған. Көрме екі тілде,4 бөлімнен тұрады.Бөлімдер ішіндегі кітаптар авторлардың тізімі бойынша алфавиттік ретпен орналасқан,қолдануға ыңғайлы болу үшін көмекші белгі бар. Сонымен қатар біздің айдарымыздың беттерін әлеуметтік желілерден қарап және  МailАгент(abibliotechnaya@mail.ru) арқылы кітаптарыңыздың мерзімін ұзартуларыңызға болады.

Қостанай өнері

Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер, сурет салу адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді.

Қош келдіңіздер!


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 88 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана