Мир электронных книг

Қымбатты оқырман!!! Бұл жерден көптеген қызықты,танымды,тартымды қазақ және орыс авторларының шығармаларын көре аласың. Жалпы бұл мәліметтер, аудиокітаптар электронды түрде саған мектеп бағдарламасы бойынша көп көмегін тигізеді.Аудиокітап-таспаны компьютерге салып, оқитын кітап.Бұл таспаларды 7-11 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімінің оқу залынан алып,оқи аласың.Оқуларын қызықты болсын!

1.Абай жолы: роман-эпопея (Аудиокітап)

Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея / Әуезов М.; оқыған М. Тесебаев.- Алматы: Жазушы, 2011.- комплект 8 CD.-(Аудиокітап)

"Абай жолы" - қазақтың көркем прозасың кпассикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. ¥лы суреткер өзінің эпопеясында қазақ халқын, оның тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін терең танытып, барша қырынан ашып көрсетеді. Қазақтың кемеңгер ұлы Абай бейнесін, оның шығармашылық және қайраткерлік тұлғасын өзгеше даралықпен сомдайды. Автор алғашқыда екі кітаптан тұратын "Абай", одан соң оның жалғасы "Абай жолы" (бұл да екі кітаптан тұрады) романын жазды. Бірінші кітабы 1942, екіншісі 1947, ұшіншісі 1952, төртінші кітабы 1956 жылдары жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын "Абай" романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) берілді. "Абай жолы" роман- эпопеясы жарық көргеннен кейін ең жоғары марапат - Лениндік сыйлық (1959) берілді. "Абай жолы" романының бас қаһарманы - Абай. Абайдың азамат, данышпан ақын ретінде қалыптасу жолы қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барша құбылысымен үндестіріле суреттеледі. Эпопеяда XIX ғасырдың екінші жартысындағы және XX ғасырдың басындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, бұралаң тағдыры, ой-арманы мен мақсат-мүддесі тамаша бейнеленген. Роман-эпопеяның тағы бір ерекшелігі -оқиға қым-қиғаш күреске құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу, өрістеу ұстінде көрсетілген. Абай тұлғасы - эпопеяның негізі. Мыңмен жалғыз алысқан кемеңгер ақын бейнесін М.Әуезов өзінің кемел көкірегінде қолына қалам ұстаған күннен бастап мүсіндеп келген. ІІІығармадағы Құнанбай бейнесінің жасалуы бүкіл әлем әдебиеті тарихында сирек кездеседі. Құнанбай - азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қайсар, амалы мен айласы мол, сөзге жүйрік, тілі өткір. Осылардың бәрі оны өзортасынаң даралап, биіктете түседі. Қазақтың сөз өнеріндегі "Әуезов әйелдері" деп атауға боларлық әсем бейнелер галереясы ұлы эпопеяның көркемдік-эстетикалық қуатын арттырған. Зере - абзал, парасатты әжелердің үлгісі; ¥лжан - сабырлы, ақыл иесі, аналардың үлгісі; Тоғжан - қол жетпес арман секілді махаббаттың үлгісі; Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер, сұлужарыныңүлгісі. "Абай жолы" эпопеясы - ұлы суреткердің ұлы тұындысы. Роман дүние жүзі халықтарының жүзден астам тіліне аударылды.

2. Абай. Өлеңдер: Аудиокітап

Абай. Өлеңдер / Абай; оқыған С. Әбілұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- 1CD. АБАЙ (Ибраһим) Қүнанбайұлы (1845-1904) Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-философ, ағартушы, композиторы Семей өңіріндегі Қасқабұлақ жайлауында 1845-жылы 10-тамызда туған. Әуелі ауыл молдасынан оқып, кейін діни сауатын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде ашады. Өзіне дейінгі қазақ ақындарының шығармаларын, ауыз әдебиетін. Шығыс поэзиясың жетік білген. Орыс, батыс, классиктерінің еңбектерін де оқып, А.С.Пушкин, М.Лермонтов, И.Крылов, Гете, Дж.Байрон өлеңдерін орыс тілінен қазақшаға тұңғыш рет аударды. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа стиль мен жанрлық түрлер туғызды. Сондай-ақ, ұлы ақын музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойын 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен бүкіл әлем жұртшылығы атап отті. Мәтін «Жазушы» баспасынаң 2005-жылы жарық көрген Абай шығармаларының екі томдығы бойынша оқылды.

3 Атау кере : Аудиокітап Бөкей О.

Атау кере / Бөкей О; оқыған С. Әбілұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- 1CD.-(Аудиокітап)

Оралхан БОКЕЙ (1943-1993) Жазушы-драматург, көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының (1976), Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты (1978), "Молодая гвардия", "Жалын" баспалары сыйлықтарының негері. Шығармалары көзі тірісінде орыс, ағылшын, чех, болгар, венгр, араб, жапон тілдеріне аударылған. Оралхан өзінің туған жері - көркі ғажайып Алтай баурайын жанындай сүйді, оған деген перзенттік махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті. Өр Алтайдың тарихы мен таңғажайып табиғаты жазушының қаламына қуат, жүрегіне шабыт берді. Сөйтіп Алтай жыршысына айналды. Сондай-ақ жазушы өзінің шығармаларында замана шындығын кейіпкерлерінің бітім-болмысы, ішкі жан-дүниесі, өмірлік мұраттары, әрқилы тағдырлары арқылы терең танытты. Адам тағдырын жалаң саяси- әлеуметтік ауқымда емес, барынша курделі өмірлік заңдылықтар аясында таныту - қаламгердің ұстанған басты позициясы. Оның прозасы мен драматургиясында қоғам өмірінің өзекті мәселелері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік, рух тазалығы, жаратылыс пен адам арасындағы қарым-қатынас, жалпы адамзат проблемасы өткір қойылды.

4 Ұлпан : Аудиокітап Мүсірепов Ғ.

Ұлпан / Мүсірепов Ғ; оқыған М. Кәдірханұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- 1CD.

Ғабит МҮСІРЕПОВ (1902-1985) Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958), Социалист Еңбек Ері (1974), Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Қазақтың ұзақ ғасырлық ұзын ырға тарихында көреген көсемдігімен де, айрықша адал адамгершілік ақыл-парасатымен де, ағайын-туысқа, айнала ауыл- аймақ, ел-жұртқа етене жақындығымен де Халық анасы атанған, тіпті тұтас бір рулы елдің үранына айналып кеткен әйелдер бар. "Ұлпан" романының кейіпкері Ұлпан да сондай ұлы әжелер санатынан.

5 ЖОРЫҚ ЖЫРЛАРЫ : Аудиокітап

Жорық жырлары: өлеңдер мен толғаулар: қазақ ақын-жырауларының ерлік жырлары / оқыған С. Әбілұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- 1CD.-(Аудиокітап)

Қазақ ақын-жырауларының ерлік жырлары Қазақ поэзиясының алтын бастауы боп есептелінетін жыраулар поэзиясы ешқашан ескірмек емес. Қолдарыңыздағы аудиокітапта сан ғасырлардан шаршамай, шалдықпай жеткен тұлпар жырлар, шаң қаппайтын дүр-жауһарлар топтастырылған. Қазақтың арда кезін көргіңіз келсе, жырауларды тыңдаңыз, қазақтың жарқын болашағын көргіңіз келсе, жырауларды тыңдаңыз. Мұндай поэзиясы бар халықтың бақытсыз болуы мүмкін емес. «Жорық жырлары» деген атпен жарық көріп отырған жинаққа енген жырлар «Жазушы» баспасынаң әржылдарда шыққан «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» атты кітаптардан алынды.

6 Шұғының белгісі: Аудиокітап Майлин Б.

Шұғының белгісі: хикаяттар мен әңгімелер / Майлин Б; оқыған Қ. Бердешұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- 1CD.-(Аудиокітап)

Бейімбет МАЙЛИН (1894 - 1938) XX ғасырда қазақ көркем прозасын, оның ішінде лирикалық прозаны қалыптастырып, дамытуға зор үлес қосқан аса көрнекті қаламгер, суреткер жазушы, ақын, драматург, қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет (Бимұхамбет) Майлин бұрынғы Торғай облысына қарасты Қостанай уезінің Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған ол кәрі әжесінің тәрбиесінде болып, жыр-аңыздарды сол әжесінің айтуымен тыңдап өседі. Бейімбет алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, 1911-15 жылдары Арғынбай қажы медресесінде, Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша -қазақша мектепте, Уфадағы Ғалия медресесінде білім алады. Ғалия медресесінде оқыған жылдары татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты ақын-жазушыларымен байланыста болады.. Бейімбет Майлин - прозалық туындылары арқылы өзі өмір сүрген заман шындығы мен қоғам өмірін шебер сомдай алған ұлы суреткер. Алғашқы жазылған «Шұғаның белгісі» хикаятымен-ақ ол қазақ көркем прозасының ғажайып эстетикалық мумкіндігін жарқырата көрсетті. Бейімбет Майлиннің проза, поэзия, драматургия жанрларындағы туындылары - ұлттық әдебиетіміздің қымбат қазынасы, асыл мұрасы. 

7 Күйші : Аудиокітап Кекілбаев Ә.

Күйші / Кекілбаев Ә; оқыған С. Әбілұлы.- Алматы: Жазушы, 2011.- 1CD.-(Аудиокітап)

Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009), көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академиғі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л.Гумилев атындағы Үлттық Университеттің, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университеттерінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылыстарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандарының құрметті азаматы. Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлт мақтанышы, біртуар азамат Әбіш Кекілбайұлы 1939-жылы Маңғыстауда «Онды» деген ауылда дүние есігін ашыпты. Мәтін қаламгердің «Жазушы» баспасынан (2010-2011) жарық көрген жиырма томдық шығармалар жинағынан алынды. 


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 97 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана