Тоқтарбай Елдос – балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017). 1993 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысының Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның филология факультетін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын тәмамдаған.
«Кәусар бұлақ» (2012), «Аңсар» (2013), «Балауса жырлар» (2014), «Тәтті алма» (2015), «Жетісуға құйылған жылғалар» (2017) сияқты ұжымдық жинақтарына енген.
«Мен де АрқМПИ түлегімін...» (2014), «Ақ желкеннің ұландары» (2015) прозалық кітаптары мен «Қайраткер, ғалым, қаламгер Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы» (2013), «Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы және эмигранттық кезең» (Генезис.Эволюция. Поэтика) монографиясының авторы.
Республикалық «Журналист болғың келе ме?» (2010), халықаралық «Қаламгер Азамат» (2011), халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауы (2012), республикалық Т.Рымжанов атындағы шығармашыл жастар фестивалі (2013), республикалық «Аңсар» шығармашылық байқауы (2014), республикалық «Балауса» байқауының жеңімпазы (2014, 2015).
Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы» байқауының лауреаты (2016), Ғ.Мұратбаев атындағы Республикалық жастар сыйлығының лауреаты (2017), ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияның иегері (2017), ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017).
Диреккөз:
- Тоқтарбай Елдос : балалар әдебиетінде өте көп мәселе бар // adebiportal kz и adil_ muratuly. – URL: https://www.instagram.com/reel/DN5Zs3vCBAo/. – Қолданған күні: 10. 02. 2026.
- Елдос Тоқтарбай // Janr.kz – әдеби-танымдық порталы. – URL: https://janr.kz/eldos-toqtarbay-post/. – Қолданған күні: 10. 02. 2026.
Біздің кітапханада бар кітаптары:
-
Тоқтарбай, Елдос. Алаштың асыл арулары : тасжарған / Елдос Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Қазақ әдебиеті : ҚР әдебиет, мәдениет және өнер газеті. – 2019. – № 10 (8-14 наурыз). – Б. 2-3.
-
Тоқтарбай, Елдос. Әдебиет – ардың ісі : жас талап Ә. Әлішер шығармашылығындағы кемшіліктер хақында / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Тоқтарбай Е. Жарық сәулеәдеби зерттеулер мен толғаныстар. – 2019. – Б. 322–328.
-
Тоқтарбай, Елдос. Бәлдік Байтоғайұлының өмірі мен шығармашылығы / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Тоқтарбай Е. Түрме әдебиеті: тарихы, кезеңдері және өкілдері. – 2021. – Б. 101–113.
-
Тоқтарбай, Елдос. Жарық сәуле : әдеби зерттеулер мен толғаныстар / Елдос Тоқтарбай ; алғы сөз авторы З. Кәрімхан ; редакторлар : Ж. Бекіманқызы, Қ. Ә. Төлен. – Алматы : Дәуір, 2019. – 349 б.
-
Тоқтарбай, Елдос. Күрескер Ильфа : тұлға / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Қазақ әдебиеті : ҚР әдебиет, мәдениет және өнер газеті. – 2024. – № 06 (16 ақпан). – Б. 10.
-
Тоқтарбай, Елдос. Мамания мектебінің түлегі : тарих / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Қазақ әдебиеті : ҚР әдебиет, мәдениет және өнер газеті. – 2023. – № 38 (22 қыркүйек). – Б. 10.
-
Тоқтарбай, Елдос. Мәңгілік муза : аймаңдай / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Қазақ әдебиеті : ҚР әдебиет, мәдениет және өнер газеті. – 2024. – № 09 (8 наурыз). – Б. 20.
-
Тоқтарбай, Елдос. Сағат Әбдуалиевтің өмірі мен шығармашылығы / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Тоқтарбай Е. Түрме әдебиеті : тарихы, кезеңдері және өкілдері. – 2021. – Б. 124–126.
-
Тоқтарбай, Елдос. Тау құсы : көкжиек / Е. Тоқтарбай. – Мәтін : тікелей // Қазақ әдебиеті : ҚР әдебиет, мәдениет және өнер газеті. – 2024. – № 28 (19 шілде). – Б. 16.
-
Тоқтарбай, Елдос. Тау құсы : үшінші басылым / Елдос Тоқтарбай ; редакторы. З. С. Кенжеахметова ; суретші А. Айтжанов. – Алматы : ATA Creative Hub, 2024. – 164 б. – Мәтін : тікелей.
-
Тоқтарбай, Елдос. Түрме әдебиеті тарихы, кезеңдері және өкілдері : монография / Е. Тоқтарбай. – Нұр-Сұлтан : Алашорда, 2021. – 245 с.









