Сембайқызы Мира

Сембайқызы Мира - қазақстандық жазушы, аудармашы және иллюстратор. Әлем классиктері мен заманауи авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Оның шығармашылық және кәсіби қызметі өзі өмір сүріп, еңбек ететін Алматы қаласымен тығыз байланысты: осы қалада кітаптарын жариялап, әдеби жобаларға белсене қатысады. Оның аудармаларының қатарында Астрид Линдгреннің «Пеппи Длинныйчулок» шығармасы бар — бұл туынды 2021 жылы алғаш рет швед тілінен тікелей қазақ тіліне Мираның аударуымен жарық көрді. Сондай-ақ Стивен Кингтің «Сияние» романын қазақ тіліне тәржімалаған.

Мира — балаларға арналған кітаптардың да авторы. Солардың бірі — «Мейірімді шаңсорғыш» («Добрый пылесос») атты ертегілер жинағы, бұл кітаптың иллюстрацияларын да өзі салған. «Mazmundama» баспасымен әріптестік орната отырып жұмыс істейді. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ғылыми әдебиеттерді аудару бойынша ірі жобаларға аудармашы әрі редактор ретінде қатысқан.

Мира Сембайқызының «Кемпірқосақ қандай әдемі» («Какая красивая радуга») атты әңгімесі «Таза бұлақ» жинағына енген. Шығарма мейірімділік, байқампаздық және достықтың күші туралы баяндайды. Басты кейіпкер — жаңбырдан кейін аспандағы әсем кемпірқосақты көріп, соған тәнті болған қыз бала. Бұл көрініс оның жүрегінде қуаныш оятып, сұлулықты жақындарымен бөлісуге деген ықылас тудырады. Әңгімеде кейіпкердің игі істері, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен айналасындағы әлемге шынайы таңданысы суреттеледі. Кемпірқосақ тазалықтың, үміттің және адамдар арасындағы байланыстың символы ретінде көрініс табады.

Диреккөз:

  1. Мира Сембай : өмірбаяны // Мира Сембай еңбектері. URL: https://www.zharar.com/index.php?do=shorttexts&action=author&id=474. – Қолданған күні: 09. 02. 2026.

  2. Таңшолпан Бегалықызы. Балалар әдебиетін жасаушылар бала сияқты // Baribar kz.: сайт. – URL: //https://baribar.kz/137678/mira-sembaeva-balalar-adebietindegiler-bala-siyaqty-zhandar/. Қолданған күні: 10. 02. 2026.

Біздің кітапханада бар кітаптары:

  1. Сембайқызы, Мира. Батыл қарлығаш : [ертегі] / Мира Сембайқызы. Мәтін : тікелей // Әдебиет әлеміне саяхат : хрестоматия : бастауыш сынып оқушыларына арналған / сост. З. Мүфтибекова ; худож.: А. Б. Тұрысбеков [и др.]. Алматы : Алматыкітап баспасы, 2022. Б. 48 .

  2. Сембайқызы, Мира. Қандай ғажап айналам / Мира Сембайқызы. – Мәтін : тікелей // Таза бұлақ : Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма Республикалық байқауы финалистерінің шығармалар жинағы. 4 шығарылым / редакторлары : Н. М. Теплякова [және басқалар]. – Костанай : Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2024. – Б. 5–31.

  3. Сембайқызы, Мира. Мейірімді шаңсорғыш / М. Сембайқызы. Алматы : Алтын сақа, 2021. 35 б.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 133 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана