Қарасу ауданы

Қарасу ауданы 1939 жылдың 16 қазанында құрылған. 1987 жылы оған бұрынғы Торғай облысына қарасты Октябрь ауданының ауылдары мен ауылдық округтары қосылды. Ауданның аумағы 12,8 мың шаршы шақырым. 56 елді мекенде 32,3 мың адам тұрады.
Егістік алқабы - 385 мың гектар. Аудан шаруашылықтарындағы мүйізді ірі қара саны — 35,5 мың бас, 1136 шағын бизнес нысаны, оның ішінде 640 шаруа қожалықтары, 46 серіктестік жұмыс істейді.

Ауданда 23 орта, бір кәсіби-техникалық мектеп бар. Халыққа 54 мәдениет ошағы, дамыған медициналық мекемелер желісі қызмет көрсетеді. Мүгедектер мен жалғыз басты қарт адамдар үшін арнайы интернат үйі ашылған.

Шөлейт дала мен терең көлдер облыстың осы ауданына тән үйреншікті табиғат ерекшеліктері. Алайда бүгінгі күні ауданда адам тұрмысының көптеген белгілері — жайлы ауылдар, элеваторлар мен жолтораптары сән беріп, әрлендіріп тұр. Қарасу ат-спорты кешенінде республикалық және облыстық бәйгелерде жүлделі орындарға ие болған асыл тұқымды жылқылар бапталады.

Аудандағы ең ірі шаруашылық нысандары - "Қарасу" ТӨК, "Қарасу-финанс" несие серіктестігі", "Койбагарский элеватор", "Койбагарская нефтебаза", "Қарасу бидай", "Бірлік-Өмір", "Ғасыр", "Железнодорожное АМФ", "Нұр-Ал", "Рамазан-К", "Қараман-К", "Тұлпар-Қарасу", "Қадал", "В.И.Разумович", "Ақжол Ильича", "Жеңіс-Л", "Челгашинский элеватор", "Ключевое" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Қарасу РУТ аудан бюджетін қомақты қаражатпен толықтырып отырады.

Қарасу ауданының ерекше белгісі — көп балалы отбасылар. Осындай берекелі де мерекелі отбасылардың бірі - Жанәбіл Шаяхметұлы мен Зейтуна Уәпқызы Тұрсыновтар әулеті. Отағасы майдангер, еңбек ардагері, ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылық басқармасында қаржыгер болып істеді. Жеті ұл, бір қыз өсірді. Олар ата-анаға қуаныш, еліне мақтаныш болатын өнегелі жандар болып өсті. Азамат Жанәбілұлы ауыл шаруашылық саласының инженер-механик мамандығын алды, қызмет бабының барлық баспалдақтарынан өтіп, "Майский" кеңшарының директоры болып істеді. 1977 жылы Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды. Жерлестерімен бірге Азамат Тұрсынов өтпелі кезеңдің барлық қыиндықтарын басынан өткерді, адамдар оған, бүгінгі жағдай жақсарып, еңсе көтерген кезде де зор сеніммен қарайды. Оның інісі Алмат Жанәбілұлы да ержетіп, Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірді. Ол да ауылда, қолынан келмейтіні жоқ — ком- байыншы, жүргізуші, инженер болып істеді. Қазіргі кезде "Қарасу" ірі сауда-өнеркәсіптік компаниясының директоры Алмат Тұрсынов Қазақстан Рес- публикасы Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің құрамына кіреді.

Ауданда игі іс ұйымдастыра, ақша тауып, жерлестері үшін жаңа жұмыс орындарын аша білетін адамдар жеткілікті. Олардың арасында Максим Фе- дорович Артемук та бар. Кеңес заманында ол тек инженерлік ғана емес, директорлық та қызметтер атқарды. Ушаков атындағы және "Железнодорожный" кеңшарларын басқарды. Кәсіпкер болды, 1997 жылы екі серіктестік құрды, 48 мың гектар жер өңдеп, ірімшік, шұжық, түтік кеспе өндіреді, мал өсіреді.

Тың өзінің іскер әрі білікті директорларын да мақтан ете алады. Бұл адамдар мықты басшылар болды. Олардың көпшілігі бүгін де өз шаруаларын дөңгелетіп отыр. Мәселен, "Амангелді" кеңшарының бұрынғы директоры Батыржан Бәйкенұлы Қадырбеков қазір "Қадал" ЖШС басқарады. Ғалым- агроном ол, мол өнімді қалай алудың қыр-сырын өте жақсы біледі. Ауылдастарының оған өз ауылын қамқорлыққа алып, жол салып бергені, мектептерді жөндеп, жабдықтағаны үшін айтар алғыстары шексіз.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 114 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана