Жасөспірімдерге арналған

Жеңісұлы Е. Шуақ : өлеңдер және әңгімелер / Е. Жеңісұлы. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2017. - 233,[7] бет.

Ақын, белгілі журналист, спорт комментаторы Есей Жеңісұлының жаңа кітабы жарық көрді. Кітап "Шуақ" деп аталады. Мұқабасында – өзінің ауылы. Аяулы досыауырып жатқанда қолжазбасын баспаға тапсырып , жарыққа шығуы содан... Бүгін оқырманға жол тартты. Өлең кітабы болуға тиіс еді, көлемі сәл көбейетін болған соң, жеті әңгімемді түрады. Сыны бұзыла қоймас," – деп жазды Есей Жеңісұлы. Айта кетейік, Есей Жеңісұлы «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Дала мен қала», «Ұлан», «Айқын» газеттерінде, «Қазақстан» телерадио корпорациясында, Президенттің баспасөз қызметінде жұмыстар атқарған. Оның осыған дейін «Бір жарық», «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!», «Мынау ғазиз дүние» атты кітаптары жарық көрген.

 

 

 

Алтай А. Дегелеңдегі қызыл күн : әңгімелер мен повестер / А. Алтай. - Алматы: Арда + 7, 2017. - 231,[1]бет.

Балалар әдебиетіне қалам тербеген жазушының бірі-Асқар Алтай. Жазушының бұл кітабына бұрын прозалық жинақтарында жарияланбаған «Сарытау серісі», «Аютамыр», «Бөкентұмсық» сияқты әңгімелері енген. «Дегелеңдегі қызыл күн» атты әңгімесінде автор Семейдегі атом бомбасы жарылысын аңдаусызда көзбен көріп, суқараңғы соқыр болып қалған Қажымұрат атты баланың аянышты тағдырын суреттейді. Жинақ балалар мен жасөспірім оқырмандарға арналған.

 

 

Ақ желкеннің ұландары: жинақ / Тоқтарбай Е, Смақов Д, Жылқыбай М, Файзолла А; ред. Б. Байғұл. - Алматы: Сораба, 2015. - 294,[2] б.

Бұл жинаққа әдебиет әлеміне жаңа қадам басқан Елдос Токтарбай, Думан Смаков, Мейіржан Жылқыбай және Алпамыс Файзоллалардың шығармалары еніп отыр. Әр жазылған туындыдан жас қаламгерлердің заман, ел мен жер, тіл тағдыры, әлеуметтік мәселелер туралы тебіренісі мен толғанысын байқауға болады. Сонымен қатар, нәзік сезім иірімдеріне толы лирикалық өлеңдер мен балаларға арналған шығармалар да бұл жинақтан тысқары қалмаған. Кітапқа енген әр туынды өзіндік ерекшелігімен, әуезділігімен, ойнақы әрі шебер тілімен, терең мағынасымен есте қалмақ. Жинақ жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Ақ желкеннің ұландары: жинақ / Тоқтарбай Е, Смақов Д, Жылқыбай М, Файзолла А; ред. Б. Байғұл. - Алматы: Сораба, 2015. - 294,[2] б.

Бұл жинаққа әдебиет әлеміне жаңа қадам басқан Елдос Токтарбай, Думан Смаков, Мейіржан Жылқыбай және Алпамыс Файзоллалардың шығармалары еніп отыр. Әр жазылған туындыдан жас қаламгерлердің заман, ел мен жер, тіл тағдыры, әлеуметтік мәселелер туралы тебіренісі мен толғанысын байқауға болады. Сонымен қатар, нәзік сезім иірімдеріне толы лирикалық өлеңдер мен балаларға арналған шығармалар да бұл жинақтан тысқары қалмаған. Кітапқа енген әр туынды өзіндік ерекшелігімен, әуезділігімен, ойнақы әрі шебер тілімен, терең мағынасымен есте қалмақ. Жинақ жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Ахметчин, Ғ. "Ұмытшақтық" зобалаңы: сықақ әңгімелер, сатиралық повесть / Ғ. Ахметчин.- Астана: Елорда, 2001.- 334, [2] бет.: портр.

Қостанайлық жазушы Ғұмар Ахметчиннің есімі республика оқырмандарына жақсы таныс. Ол бірнеше сатиралық кітаптардың авторы. Оның оқырмандарға ұсынып отырған «Ұмытшақтық» зобалаңы атты кітабына жазушының әр жылдарда және кейінгі уақытта қаламынан туған сықақ, әзіл әңгімелері, «Көнектің көргендерінен» шағын сатиралық повесі енгізіліп отыр.

Қаламгердің уытты қаламы арамызда жүрген кейбір түрлі түрпі мінезді адамдардың мінез-құлықтарын қоғам алдында әшкерелеуге бағытталған.

Кітапқа енген «Көнектің көргендерінең» атты сатиралық повестегі Көнектің образы қазақ балалар әдебиетіндегі тың бейне. Көнектің өз басы шығармада жағымсыз образ ретінде бейнеленбесе де сол кейіпкерлердің ортасында жүріп, жамандық атаулыға өзінің іштей қарсылық көзқарасын білдіріп отырады, қолынан келсе олармен күресуден де тайынбайды. Мәселен ол күні өтіп бара жатқан кеңестік дәуірдің дөрекі, надан, шолақ белсенділеріне қасқиып қарсы тұрады. Сөз жоқ, бұл шығарманың қазіргі жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа баулуда тәрбиелік маңызы зор.

Доспанбетов, Ұ. Асылдың сынығы: повесть, әңгемелер, пьесалар / Ұ. Доспанбетов.- Алматы: Сөздік- Словарь, 2014.- 317,[3] бет.

Белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың «Асылдың сынығы» атты жаңа жинағына соңғы жылдары жазылған «Бақ пен сор» деген көлемді повесі, әңгімелері, пьесалары енгізіліп отыр. Кітаптың тілі өте бай, көтерген мәселелері сан алуан, қалың оқырманның көңілінен шығатыны күмәнсіз.

Майбас, Т. Айбөкен: әңгімелер мен хикаяттар / Т. Майбас.- Алматы: ХанТәңірі, 2014.- 284,[4] бет.-(Замана үні)

Жазушы Төрехан Майбастың бұл кітабына бірақатар қысқа әңгімелері мен хикаяттары кіріп отыр.

Ұлттық қанық бояумен суарылған этнографиялық әңгімелердің оқырмандарға берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда психологиялық иірімдерді шебер пайдалана біледі.  

Ұзақов, Б. Жантаза: әңгімелер / Б. Ұзақов; суретшісі Ж. Айдос.- Алматы: Қазығұрт, 2014.- 164,[4] бет.: портр.

Жазушы Бегабат Ұзақов «Жантаза» атты бұл кітабына енген шығармаларымен адамның жан-дүниесіндегі буырқаныс, толғаныстардың жұмбағына үңіліп, өмірдегі сан түрлі қайшылықтарды суреттеу арқылы пәлсапалық ой түйіп, рухани ізгілік пен адалдыққа шақырады.

Шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орнықты. Әртүрлі стильде жазыла тұрып, ортақ парасат арнасында тоғысатын әңгемелердің болмысынан жазушының бөлекше қолтаңбасы айқын танылады.

Әлжік, О. Есік көрген еркек / Әлжік О. - Алматы: ХанТәңірі, 2014. - 343 бет.

Қазакстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик-жазушы Орынбасар Әлжіктің бұл кітабына сықақ өлеңдері, бірқақпайлары, шымшымалары, әзіл-қалжыңдары еніп отыр.

Автордың қазақи астарлы әңгімелері оқырманды езу тарттыра отырып ойландырады, толғандырады.

Қазыбек, Н. Ағайындар: повестер мен әңгімелер / Қазыбек Н. - Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2014. — 384 бет.

Белгілі жазушы, марқұм Нұрқасым Қазыбектің «Ақ ешкі» атты тұңғыш әңгімесі 1969 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарық көріпті. Содан бері оның «Тұсаукесер», «Шалғайдағы мектеп», «Бейтаныс», «Ағайын», «Ой таразысы», «Дала өрнектері» сияқты кітаптары жарияланып, оқырмандар ықыласына бөленген. Сондай-ақ ол X. Абдуллиннің «Қияндағы қырандар», М.Зұлпықаровтың «Зиян тартқан қария», «Сапар», Т.Тохтамовтың «Соңғы толғақ», «Бүлдірген сай», «Шатқалда түйіскен жол», А. Әшіровтің «Нұр ана», Ж. Мұсаевтың «Өшпес іздер» шығармаларын қазақшаға аударған.

Жазушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2009), Райымбек ауданының Құрметті азаматы.

«Ағайындар» атты бұл жинаққа оның тандаулы повестері мен әңгімелері енген. Еңбек көпшілік оқырманға, сондай-ақ жас буын үшін де қызғылықты болады деп сенеміз, өйткені мұнда негізінен жастар өмірі, олардың махаббат сырлары сыршыл көркемдікпен суреттелген.

Жинақтың «Ағайындар» аталуы тегін емес. Қазақ қауымында ежелден ағайындық, туыстық қарым-қатынастар ерекше бағаланатыны белгілі. Кейіпкерлердің басына түскен әртүрлі ауыртпалық, драмалық ситуацияларда аға-інінің, құда-құдағидың, әке-шешенің бір-біріне көмегі, мейірім-шапағаты, нақты іс-әрекеттері психологиялық тұрғыдан нанымды суреттеледі.

Есәлі, А. Махаббатқа сенуге көмектесіңізші...: новеллалар, очерктер, эсселер, мөлтек сыр / Есәлі А. - Алматы: Раритет, 2014. - 224 бет.

Автордың алғашқы кітабын «Өз суреті өмірдің» деп те атауға болар еді. Бесік пен бейіт арасында жүріп бара жатқан есті адамның әрқайсысы пәниден өмірдің парқын іздейді. Адам баласы тіршіліктің мәнін ізгілік пен имандылықтан, адамгершілік пен ауызбіршіліктен табатынын дәріптейтін жазбалар - өмірдің өзінен алынған оқиғаларға, сезімді селт еткізер сирек сәттерге, тіршілік түйткілдеріне құрылған.

Жасандылықтан алынған журналистік пайымдар мен қызықты эсселер, нәзік новеллалар оймақтай ғана ойлармен адамзатқа мәңгілік ортақ болған сауалдарға сапар шектіреді.

Байғұт, М. Күнгей көңіл: толғамдар / Байғұт М. — Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2014. - 416 бет.

Жазушы-журналист, прозашы әрі публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың «Күнгей көңіл» дейтін жаңа жинағына оның қаламгерлік толғамдары енгізілді. Кітап «Күнгей көңіл», «Жомарт жол», «Шымкентшырыл» атты бөлімдерден құралған. Жинаққа кірген дүниелерінің бәрі дерлік «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланып, жұртшылық тарабынан жылы қабылданған.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 412 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана