Кішкентай оқырмандарымызға арналған журналдар

Қазақстандық журналдар мен газеттер:

«Айгөлек» - балалар журналы. ХХІ ғасыр балаларының ой-сана, қызығушылық талаа-талпынысы толық ескерілетін басылым.

«Балбұлақ» - балалар мен жасөспірімдердің табигі қабілетін оятып, талабын шыңдауға бағытталған ақпараттық танымдық журнал.

«Мөлдір бұлақ» - жас зиялыларға арналған республикалық танымдық журналы 2002 жылдың акпан айынан ай сайын шығады

«Балдырған» - мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі журнал.

«Балақан» - 4-6 жастағы балаларға арналған қазақ тіліндегі танымдық басылым.

«Bala Bi» – балаларға арналған танымдық журнал

«Жыл - он екі ай» - бастауыш сынып оқушылары мен ата - аналарға және тәрбиеші, ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ

«Ерке» - көркем суретті, танымдық-акпараттык журнал. - Алматы Балаларға арналған, мектеп оқушылары бастауыш сыныптарына арналған көркем суретті, танымдық ақпаратты журнал.

«Шуша» - Бәрі ертегіден басталды. Бірде қазақстандық ертекші Элена Быстрицкая Шуша өрмекші туралы «Шағын оқиға» жазды. Бұл кейіпкер оқырмандарға ұнап, бір жыл өткен соң 2005 жылдың сәуірінде Шуша журнал беттерінен орын ала бастады. Осы уақыт аралығында «Шушаның» мыңдаған достары пайда болды, олар – оқырмандар мен олардың ата-аналары, суретшілер мен ақындар. Шығу мерзімі- айына бір рет.

«Ұлан» - балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газетi.

Танымдық журналдар:

«А почему?» - Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған ғылыми-көпшілік, тарихи журнал 1991 ж. қаңтар айынан бастап жарық көре бастады. Беттерін парақтай отырып, оқырман қарапайым заттар әлеміне, табиғат құбылысына сапар шегеді, барлық ғылым саласы, техника, өнер бойынша білімдерін кеңейтіп, қолөнермен айналысуға мүмкіндік алады, ересектерге көмектеседі.

«АиФ. Детская энциклопедия» - түрлі – түсті безендірілген айлық журнал. Қалың журналдың әрқайсысы үлкен бір тақырыпты қамтиды. Мысалы: «Бөлме өсімдіктері», «Шоколад», «Физика», «Мысықтар», «Дипломатия». Журналдағы материал алфавит бойынша орналастырылған. Әр әріпке бірнеше тақырыптық ұғым. Тақырып көркем безендіріледі.

«Мир техники для детей» - Журнал орта және жоғары сынып оқушыларына арналған. Әскери техникаларға (танктер, ұшақтар, автомобильдер және кемелер) қызығушылық білдіретін балалар үшін де таптырмас журнал Журналдың әр нөмірінде техника мен ғылым саласының жаңалықтары жарық көріп тұрады. Техника, әскери істің тарихы да жазылады.

Әдеби журналдар:

«Простоквашино» - 7-10 жастағы бааларға арналған әдеби журнал. Мазмұны: ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, география, тарих, қолөнер, ойындар. Простоквашинодағы Федор аға, Шарик пен Матроскин не істеп жүргенін білгің келе ме? Ал Шапокляк, қолтырауын Гена, Чебурашка, немесе профессор Чайников немен айналысып айналысып жүр деп ойлайсың? Осы кейіпкерлердің барлығын енді Эдуард Успенскиймен бірлесе шығарылатын «Простоквашино» Мазмұны: өлеңдер, повестер, әңгімелер, балалар шығармашылығы, викториналар, тарих ,өнер, әзіл. Журнал 1996жылдан бастап айына бір рет жарық көреді. журналынан кездестіресіздер.

«Детская роман-газета» - Әдеби-көркем журнал 10-14 жастағы жасөспірімдерге арналады.

«Детское чтение для сердца и разума» - 5-11 жастағы балаларға арналған әдеби журнал. Мазмұны: өлеңдер, ертегілер, әңгімелер, тарих, әзіл. Журнал 1997 жылдың қаңтар айынан бастап айына бір рет жарық көреді.

«Костёр» - 9-14 жастағы балаларға арналған әдеби-көркем журнал. для детей лет. Мазмұны: өлеңдер, повестер, әңгімелер, балалар шығармашылығы, викториналар, тарих ,өнер, әзіл. Журнал 1936жылдан бастап айына бір рет жарық көреді.

«Мурзилка» — балаларға арналған көпшілікке танымал әдеби-көркем журнал. 6 мен 12жас аралығындағы балаларға арналып, 1924 жылдың мамыр айынан бастап шыға бастады. 88 жыл бойы үздіксіз шығарылып келеді. Сары, үлпілдек ертегі кейіпкері Мурзилканың құрметіне аталған. 1924 жылдан бастап айына бір рет шығады. Журналда ертегілер, повестер, әңгімелер, пьесалар, өлеңдер бар. Сонымен қатар жұмбақтар мен басқатырғыштар, ребустар мен сөзжұмбақтар да осы журнал беттерінен табылады. Журналдың басты авторлары – заманауи талантты жазушылар, суретшілер, балалар әдебиетінің классиктері. Оқырмандардың да шығармалары жиі жарық көріп тұрады.

Журнал «Читайка» – кіші мектеп жасындағы балаларға арналған ғажайып кітап әлеміне апаратын жолсерік. Журнал кейіпкерлері - Читайка мен ақылды Үкі әркез ғажайып кітап әлеміне жол аша отырып, «Кітап-білім бұлағы» деген нақыл сөзді әрдайым дәледеумен келеді. Шығу мерзімі- айына бір рет.

«Көңілді журналдар» және газеттер:

«Ералаш» - 6-12 жас аралығындағы балаларға арналған әдеби әзіл журнал. Мазмұны:ертегілер, әңгімелер, пьесалар, өлеңдер, әзіл, түсіру алаңынан репортаж. «Ералаш» журналының қалай жасалатыны туралы, актер болу үшін не істе керектігі жайлы жазылады. 2005жылдан бастап айына бір рет шығады.

«Маша и Медведь» — «тентектерге арналған журнал» -белсенді балаларға арналған белсенді журнал. Журнал беттерінен кішкентай оқырмандар сүйікті кейіпкерлерінің бастан кешкен оқиғалары туралы оқып біледі, көңілді комикстер қарап, өлеңдр мен әндер жаттай алады.

«Весёлые уроки» - Айшықты балаларға арналған танымдық журнал. Білім еліне қызықты сапар шегуге шақырады. Әр нөмірде көңілді әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар, ойындар, пайдалы кеңестер, ертеңгіліктер мен қойылымдар сценариийлері күтеді.

«Весёлые картинки» - 4-10 жас аралығындағы балаларға арналған әдеби әзіл журнал. Мазмұны: әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, байқаулар, қолөнер, ойындар. 1956жылдың қыркүйегінен бастап шыға бастады. 2011 жылы журналға 55 жыл болады. Құрметті жас! Бірақ «Весёлые картинки» әлі де болса, балалар мен ересектерді өзінің көңілділігімен, ашық жарқындылығымен қуантып келеді. Айына бір рет шығады.

«Весёлый затейник» - 7-14 жас аралығындағы балаларға арналған ойын, танымдық журнал. Мазмұны: фокустар, басқатырғыштар, ертегілер, қызықтар, ребустар, сөзжұмбақтар, викториналар, өлеңдер, қолөнер. 1997жылдан бастап айына бір рет шығады.

«АБВГД» - Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған көңілді және пайдалы журнал. Балалармен өтетін қызықты сабақтар, үстел ойындары, комикстер, ребустар, сөзжұмбақтар, фокустар. Қызықты ертегілер, ғажайып өлеңдер, викториналар, үй сахнасына арналған пьесалар, қойылымдар, ертеңгіліктер, мерекелер сценарийлері.

«Занимательный клуб АБВГД-ейка» - кішкентай қиялшылдарға, суретшілерге, ұйқас құраушыларға, сөзжұмбақ құрастырушыларға, ең кішкентай елгезектерге арналған қызықты танымдық журнал.

Жануарлар мен табиғат туралы журналдар:

«В мире животных» – жануарлар туралы ғылыми-көпшілік журнал. Оқырман  аудиториясы – ересектер мен балалар. Журнал 1998 жылдан бастап айына бір рет шығады. Журнал "В мире животных" телебағдарламасының баспа түріндегі жалғасы.  Журнал құрылтайшысы— Николай Дроздов пен биология ғылымының кандидаты Александр Аболиц. Журнал авторлары  — ғылым саласындағы беделді мамандар, энтузиастар,  фотографтар.  "Пассажир ковчега" тұрақты айдары-ғаламшарымыздағы түрлі жануар түрлері туралы болса,   "Парад пород" сүйікті үй жануарларымыз— иттерге, мысықтарға, жылқыларға арналады.  "Зоо-Zoom" – кәсіби мамандар мен бос уақытында айналысатын фотографтар арасындағы жауарлар суреті байқауы.

«Тошка и компания» - Тошка – көңілді және талапты күшік –жануарларды жақсы көретін барлық адамдардың адал досы. Журнал беттерінде ол жабайы аңдар, үй жануарлары тәрбиесінің құпиялары туралы айтады.Тошкамен бірге оқырмандар саяхатқа шығады, жануарлар құпиясын ашады, сурет луға үйреніп, қолөнермен айналысады. Сонымен қатар Тошка жұмбақ жасырады, сөзжұмбақтар мен басқатырғыштар ұсынады, фото оқиғалар көрсетеді. Журнал ортаңғы бетінде постер – авторлық жануардың  керемет фотографиясы.  3 жастан жоғары балаларға арналған.

«Филя» Бұл журналда – тірі табиғат туралы қызықты мәлметтер, зообақтан репортаждар, жануарлар туралы көңілді викториналар, экологиялық ойындар, айшықты фотографиялар мен суреттер, атақты жиһанкездер саяхаттары жарияланады. Әр нөмірде бояланатын суреттері бар парақтар енгізілген. 6 мен 12 жас аралығындағы балаларға арналған. Дегенмен журнал отбасылық журнал болып саналады, себебі, кішкентай балаларға ата-аналары оқып береді, ал ересектеу балалар журнал тапсырмасын қалай орындағанын үлкендерге көрсетеді. Ол айына бір рет шығады. Журнал айшықты безендірілген. 

«Юный натуралист»

Саяхатты ұнататындарға арналған журналдар:

«Геолёнок» - Журнал – Гео журналының інісі болып табылады, 2003 жылы жарық көрген. Ол сені жиһанкез ит – Шарикке қонаққа шақырады. Оның үйшігі- GEOлёнок журналы. Керемет үй: жарық, жайлы, қызықты. Қонаққа келсең, Шарик жаңа оқиғалармен қарсы алады. Оларды Шарик беттер арасына жинақтайды. Не жоқ десеңші! Оқырмандарды алыс елдер, басқа  цивилизациялар, өткен ғасырлар құпиясы, сенсациялық жаңалықтар күтеді. Сонымен қатар: жануарлар туралы оқиғалар, сүйікті фильмдерінің түсіру алаңынан репортаждар, дүние жүзі балаларының өмірі туралы әңгімелер жарияланады. GEOлёнок жұмбақтарға толы, ал жауаптар одан да көп. Мысалы: Лифтімен ғарышқа баруға бола ма? Мысыққа ұшқанда құйрығының қажеті не?  Осының бәрінен Шариктің өзі бас алмайды!

«Geoленок» - Әлем ғажайыптары туралы ғылыми-танымдық балалар журналы.

«Клёпа» -12 жас аралығындағы балаларға  арналған тамаш безендірілген танымдық- ойын - сауық журналы. Клёпа — 1990 ж. мәскеулік оқушылар салған суреттерден жинақталған ертегі кейіпкері.  Клёпа есімі Мысыр патшайымы Клеопатрадан алынған. Күрделі тақырыптарды балаларға жеңіл және түсінікті жеткізеді, оқу барысына көмектеседі, демалысты қызықты ұйымдастырады. Әр нөмірде: дамытуға арналған  ойындар, қолөнер, комикстер. 1991 жылдан бастап айына бір рет шығады.

Ең кішкентайларға арналған журналдар:

«Дисней для малышей» - ең кішкентайларға арналған дарындылығын арттыратын журнал– мультфильм кейіпкерлерімен бірге әсем безендірілген. Балаларды Маугли мен оның достары өмір сүретін  джунгли,  Немо жүзетін мұхит, сонымен қатар , Аладдин,  арыстан Симба,  «Құбыжықтар Корпорациясының» құбыжықтары мен елік Бэмби дайындаған көңілді оқиғалар мен қызықты басқатырғыштар күтеді. Әрине,олар  көңілді және танымдылығы мол оқиғалар!

«Играем с Барби» -ханшайымдар туралы оқиғалар, туған күндер күнтізбесі мен әдемі қолдан жасалған дүниелер. Сүкімді қуыршақтары Барби туралы жас сәнқойларға арналған журнал.

«Принцесса» - Жас қиялшылдар мен ханшайымдарға арналған журнал. Ғажайып оқиғалар, жұмбақтар, боялатын суреттер, қолдан жасалатын заттар.  

«Чародейки» - Журнал кейіпкерлері— Вилл, Тарани, Корнелия, Ирма, Хай Лин, Элионмен таныс болыңыздар. Олар басқа да  13-14 жастағы қыздар сияқты мектепке барады, сабақтарын орындайды, сән өнерін зерттеп, музыка, спортпен айналысады. Олардың сүйікті ойындары мен кітаптары бар. Дегенмен олар өзгеше. Құрбылар сиқырлы күшке ие болғандықтан түрлі ғажайыптар жасайды. Олардың оқиғаларының үйретері көп- оқырмандарға ересектер өмірінде ж табуға және күрделі мәселелерді шеше білуге көмектеседі. Журналда  басқа да қызықтар бар: бал ашу, болашақты болжау, жұлдызнама, тұмардың ерекшелігі, халық ырымдарының  күші және кейіпкерлердің бастан кешкендері түрлі – түсті комикстер арқылы  бейнеленген. 


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 328 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана