Картаға қайта оралу
1. Өмірбаяны
2. Библиографиясы
3. Шығарма
Өмірбаяны
РСФСР Ленинградской обл. Волхова қаласында дүниеге келген, орыс. 1967 ж. ВЛКСМ қатарына енді. 1975 ж. Қостанай пединститутын тәмамдады, тарих пен қоғамтану мұғалімі, пионер жұмысының әдіскері. 1975-1977 жж. – Қостанай пединститутының педагогика кафедрасының оқытушысы. 1977-1979 жж. – Қостанай қ. Пионерлер Сарайының әдіскері. 1979-1980 жж. – Қазақстан ЛКСМ Қостанай қалалық комитетінің хатшысы. 1980-1987 жж. –Қостанай қ. № 17 мектеп мұғалімі. 1987 ж. – Қостанай пединститутының қоғамдық тәртібі кафедрасының меңгерушісі.
Комсомол ҚР білім беру саласының үздігі. ҚР ПҒА құрметті мүшесі.
Комсомол менің өмірімде: Мен комсомолға 1967 жылы 14 қазан анамның туған кні қабылдандым. Комсомолға қабылдану үшін ыждаһаттылықпен, жауапкершілікпен дайындалдым, ересек жолдастарым мені жастар ұйымына қабылдағанда қуанғанымнан өксіп жыладым.
Менің ауылдық мектебім пионерлік және комсомолдық қызыққа толы болды, пионерлік жиындар, комсомолдық және пиоерлік өлеңдер шырқалатын өзен маңындағы алаулар, соғыс ардагерлерімен кездесу сияқты қызықты і –шаралар болды. Тимуровшылар жұмысына барлық балалар жұмылдырылды, сондықтан ауыл өте таза, жинақы, ардагерлер де ұмытылмайды. Комсомол менің жан дүниемнің кеңеюіне, адамгершілік қасиетті сіңіруге ықпал етті. Металлолом жинап, одан түскен ақшаға катер сатып алынды, өзенде балалар катермен серуендеді. Бұл есте қаларлық оқиға болды. Соғыста қаза тапқан батырлар құрметіне ашылған ескерткішке гүл қойғанда өзіңді үлкен халықтың бір мүшесі ретінде сезінесің. «Романтик» комсомолдық жастар лагерінің энтузиазмы менің бойымда әлі де бар. Осындай романтикамен облыстың пионерлік лагерлерінде және Бүкілодақтық пионерлік «Артек» лагерінде 17 ауысым жұмыс істеді.
Ал 80 -жылдардың соңы 90-жылдардың басында баспа беттерінде комсомол күшін жойды, пионерлік ұйым-саппен жүріп өлең айтатын милитарлық ұйым деп жазған адамдар ұнатпаған жұмыс түрлерінің тасасында қалған ең басты құндылық: қайырымдылық жасауға ұмтылған жастар бірлестігінің еліміз үшін маңыздылығын көзге ілмеді деп ойладым және ойлаймын да. Қанша жыл өтсе де жан- жағына ойлы, саналы балаларды жинайтын жастар ұйымы құрылған жоқ. Ал ойлана келсек, жастар шешуге тиісті жұмыстар ұшан- теңіз. Мен болашақ мұғалімдерді оқытамын және оларды бастама көтеретіндей белсенді тұлға ретінде тәрбиелеуге тырысамын. Сонымен қатар мынадай маңызды нәрсені ұғындыруға тырысамын: еліміз бен әлемдегі болған немесе болып жатқан барлық оқиғаларға бейжай қарамау. Есіңізде болсын: өткенге оқ атсаң, болашақ саған зеңбіректен оқ жаудырады! Комсомолдық идеялар жалғасын тапса деймін, өйткені аларымыз мол болмақ.
Александра Суслова - Қостанай педагогикалық колледінде 40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ұстаз. Сол колледжде қоғамдық тәртіп бойынша кафедраның басшысы, іскер әйелдер ассоциацияның белсенді мүшесі, облыстық шығармашылық сайысының жеңімпазы және халықаралық сайыстардың қатысушы, танымал жерлес ақын. Сонымен қатар үш қызды мәпелеп, өсіріп отырған тамаша ана.
Александра Ильинична үлкендер мен балаларға арнап үш өлеңдер жинағын шығарған. Балаларға арнап жазатын өлеңдерге ерекше көңіл бөледі, өйткені балаларға арналған өлеңдер қысқа және түсінікті болуы керек. Сонымен қатар балаларға арналған өлеңдер жүрекке жылы, жақын, өнегелі болуы керек. Александра Ильинична өз өлеңдерін туған немересіне арнап жазған, міне сол өлеңдерді оқу мүмкіндігі бізде де бар.
Сіздерге «Давай дружить!» атты балаларға арналған өлеңдер жинағын оқуды ұсынамыз. Жинақ Александра Ильинична Суслова және суретші-әшекейлеуші Нина Коровинаның келісімімен басылып шығарылған.