Жыл кітабы – І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

Жыл кітабы – І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

odna_kniga_2.png

«Бір ел – бір кітап»- 2015» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс көрнекті жазушы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына берілді.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы, ҚР Ұлттық кітапханасындағы, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардағы, Астана қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі, сондай-ақ елордадағы білім беру мекемелеріндегі дауыс беру қорытындысы бойынша 2015 жылғы таңдауға мынадай кітаптар ұсынылды: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы; Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» шығармалары; Қадыр Мырза-Әлидің шығармалары; Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі», «Бір атаның балалары», «Аласапыран» тарихи романы; Жұмекен Нәжімеденов «Ақ шағыл» «Даңқ пен дақпырт», «Кішкентай» шығармалары; Ғабит Мүсірепов «Қазақстан солдаты» романы; Тұманбай Молдағалиев «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы; Абайдың өлеңдері; Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» әңгімесі; Төлен Әбдік «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты, «Парасат майданы» повесі.

Ілияс Есенберлин

esenberlin.png

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасарқаласында туған. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп,5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққабір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдағансоң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. КейінҚарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс ісей жүріп,Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті. Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерініңалғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.

1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқажіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылтып, Рига әскери-саяси училищесіндеоқып, соғысқа аттанды. 1942 жылы қатта жарақаттанып, госпитальге түсіп, біржылдан соң мүгедек болып елге оралды.

1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетініңаппаратында инструктор болып жұмыс істеді.

Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халықкомиссары Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, қайныенесін АЛЖИР-ден алдырғаныүшін НКВД-ның назарына ілігіп, 1949 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.Жазасын Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болыпбес жыл жұмыс істеп өтеді.

Айдаудан келген соң Қазақ КСР-ның Геология министрілігінде,кейін шахтада басқарма басшысы болып қызмет атқарады.

Ұсталғанша ол өлең азса («Айша» (1945 жыл) және «Сұлтан»(1949 жыл) поэмалары, «Алғыс өлеңдер жинағы» (1949 жыл), жазасын өтеп келгенсоң прозаға көшті («Адам туралы повесть» (1954 жыл), «Өзен жағасында» (1960жыл).

1958 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1962жылдан «Қазгослитиздат» мекемесінде редактор, 1967 жылдан «Жазушы» баспасындадиректор, содан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1971-1975 жылдары) болыпқызмет атқарды.

1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16жылда 15 роман дүниеге әкеледі.

1962 жылы драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс»пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин ДмитриевичУшинскийдің шығармаларын аударды.

1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы«Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасынадейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөзболатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай,Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпеліқарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қаламтартылмаған. Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилология орыстілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер»трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғыесеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұлтрилогияның негізінде 2005 жылы «Көшпенділер» атты тарихикөркем фильмі түсірілді.

Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты,қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы ІлиясЕсенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс»,«Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағыарпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары - тың тақырыптажазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиеткесерпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар.

Өмірінің соңында жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды(1982-83 жылдары).

Жазушы 1983 жылы Алматыда дүние салды.

Атақ-даңқы:

Еңбек Қызыл ту ордені

«Құрмет белгісі» ордені

«Батырлығы үшін» медалі

«Ленинградты қорғағаны үшін» медалі

Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының жүлдегері, 1968 жыл(«Айқас» романы)

Ұлықтау:

Астана мен Алматыда І.Есенберлин атындағы көшелер бар өзі тұрған «жазушылар үйінде» мемориалдық тақта орнатылған

Алматы қаласының орталығында орналасқан № 25 гимназияғажазушының аты берілген

Туған жері Атбасарда Есенберлиннің шығармашылығына арналғанмұражай бар, жазушы дүниеге келген үйге мемориалдық тақта ілінген және сол көшеқаламгердің атымен аталады. Сондай-ақ, №1 мектеп-гимназиясына Есенберлиннің атыберілген.

Буктрейлер "Кочевники"



Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 39 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана