Новости


Сәлем, оқырман!

Бс, 12/11/2026 - 16:02 — Ольга А

Кітапханада қостанайлық жазушы, ақын Александра Ильинична Сусловамен «Сәлем, оқырман!» атты жылы жүзді кездесу - сұхбат өтті. Іс-шараға Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 6 «Б» және 6 «Д» сынып оқушылары, сондай-ақ Қостанай колледжінің сырттай оқу бөлімінің кітапханашылары қатысты. Кездесу барысында Александра Ильинична балалық шағындағы естеліктерімен бөлісіп, отбасылық дәстүрлері, сүйікті кітаптары және шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Оқушылар қонақтың әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, шығармаларымен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Әңгіме барысында ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық құндылықтар және бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі тақырыптарына ерекше назар аударылды. Іс-шара шынайы әрі жылы қарым-қатынас жағдайында өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жаңа әсер сыйлады. Кітап - ұрпақтарды байланыстыратын алтын көпір екенін тағы бір мәрте еске салды!

Қызықты әңгімесі үшін Александра Ильиничнаға алғысымызды білдіреміз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

#ЖазушыменКездесу #ҰрпақтарСабақтастығы #КітапОқуғаДегенСүйіспеншілік #ОтбасылықҚұндылықтар 

#Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок



Хогвартсқа оралу басталады!

Бс, 12/11/2026 - 12:01 — Ольга А

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дың журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп, «Хогвартсқа оралу» атты подкасттар топтамасын ұсынады.

Алғашқы шығарылым «Гарри Поттер және пәлсапа тас» кітабына арналады. Бұл - оқырмандарға Хогвартстың ғажайып әлемін, сиқыр мен шынайы достықтың құдіретін танытқан ерекше оқиға.

Біз кітап пен оның экрандық нұсқасы туралы әңгімелесіп, сүйікті кейіпкерлерімізді еске аламыз және фильмнің Гарри Поттер туралы алғашқы хикаяның қайталанбас атмосферасын қаншалықты сақтай алғанын талқылаймыз.

Гарри Поттердің барлық жанкүйерлерін бізбен бірге осы сиқырлы саяхатқа аттануға шақырамыз! Кейде бәрі басталған жерге - Хогвартсқа қайта оралғың келеді!



«Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» халықаралық онлайн - турнирі

Ср, 11/11/2026 - 16:09 — Ольга А

11 қараша күні кітапханада Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты онлайн-турнир өтті.

Зияткерлік сайыста Қарағанды қаласындағы №97 гимназия мен Қостанай қаласындағы №18 мектеп-гимназиясының командалары бақ сынасты.

Сайыс бағдарламасы 9 кезеңнен тұрды. Қатысушылар ұлы ағартушының өмірбаяны, педагогикалық мұрасы мен әдеби шығармашылығы туралы терең білімдерін көрсетіп, өзара білім додасына түсті.

Мерекелік шараның ерекше сәнін қорытынды нәтижелер жарияланар алдында оқушылардың орындауындағы әсем музыкалық нөмірлер келтірді.

Кездесу соңында қазылар алқасы турнир қорытындысын шығарып, жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Сонымен қатар екі команданың да дайындық деңгейінің жоғары екендігін атап өтті. Турнир оқушыларға ұлттық әдеби мұрамен тереңірек танысуға, командалық жұмыс пен жылдам ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ екі өңір оқушылары арасындағы достық және шығармашылық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.



Заң дәрісі: көршілер және заң

Дс, 09/11/2026 - 10:23 — Ольга А

Заң дәрісінің кезекті шығарылымы көпқабатты тұрғын үйлердің әрбір тұрғынына дерлік таныс «Көршілер және заң: не істеуге болады, не істеуге болмайды?» тақырыбына арналды. ЧелМУ заң кафедрасының студенттері, болашақ заңгерлер күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларды қарастырды. Атап айтқанда, баспалдақ алаңында жеке заттарды сақтауға бола ма, кешкі сағат 22:00-ден кейін үйде және аулада шулауға қатысты қандай талаптар бар, автокөліктерді аулада қай жерге және қалай дұрыс қою керек деген мәселелер талқыланды. Сондай-ақ көршілер арасында жиі дау-дамай туғызатын өзге де сұрақтар қарастырылды. Өйткені қарапайым ережелер мен заң талаптарын білу өз құқықтарыңды қорғауға ғана емес, сонымен қатар көршілермен тату қарым-қатынасты сақтауға да көмектеседі.

#ҚұқықтықСауаттылық#АлтынсаринКітапханасы#ЧелМУ#ЗаңКлиникасы #КөршілерЖәнеЗаң #Заң_мен_тәртіп
#Закон_и_порядок



Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!

Жм, 06/11/2026 - 12:00 — Ольга А

Бүгін, 6 қараша сағат 11.00-де Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Астана қаласының ұйымдастыруымен ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 толуына орай өткен “Бірге оқиық” әдеби акциясына тікелей эфир арқылы қатысты. Акцияның басты міндеті-барша ерікті қатысушыларды ұлы тұлғаның шығармаларын бірге жұмылдыру, оның бай әдеби мұрасын заманауи медиаформатта насихаттау және жас ұрпақтың рухани-танымдық дүниесін байыту. Өйткені Ыбырай мұрасы-ұрпаққа өнеге, ұлт руханиятына мәңгілік азық. #БіргеОқиық #КітапОқитынҰлт #КітапОқитынАстана #АстанаОқиды



Мәңгілік есімдер. Николай Крутильников

Бс, 05/11/2026 - 12:55 — Ольга А

Еңбек адамы. Биыл Қазақ КСР-інің халық суретшісі, кескіндемеші Н.И. Крутильниковтың туғанына 130 жыл толады.



Ыбырай Алтынсарин мұрасы бойынша экспедиция

Бс, 05/11/2026 - 10:26 — Ольга А

2026 жылдың қараша айында ұлы қазақ ағартушысының туғанына 185 жыл толады. Бұл мерейтойды ерекше атап өтіңіз: интерактивті ойынға қатысыңыз!
Ыбырайдың қазақ балаларына арнап алғашқы мектептерді қалай ашқанын білесіз.
 «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің шумақтарын қалпына келтіресіз.
 Сұрақтарға жауап беріп, кілттерді жинайсыз.
 Ойынның соңында сізді сөзжұмбақ күтеді!


Ы. Алтынсарин шығармасы бойынша иллюстрация саламыз

Ср, 04/11/2026 - 14:21 — Ольга А
2 қараша күні көрнекті қазақ ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толды. Осыған орай, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне арналған Библиотерапия циклі аясында «Ы. Алтынсарин шығармасы бойынша иллюстрация саламыз» атты танымдық-шығармашылық сабақ өткіздік.
Балалар Ыбырай Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесін тыңдап, шығарма желісі бойынша өз суреттерін салды.
Міне, осындай тамаша туындылар дүниеге келді.


«ҚОҢЫРАУ ҮНІМЕН...» - ТАРИХ, БІЛІМ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҮНІ

Сс, 03/11/2026 - 17:10 — Ольга А

2026 жылғы 3 қарашада Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагогі әрі жазушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қоңырау үнімен...» атты облыстық әдеби-танымдық диктант өтті.



«ҚОҢЫРАУ ҮНІМЕН...» - ТАРИХ, БІЛІМ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҮНІ

Сс, 03/11/2026 - 16:53 — Ольга А
2026 жылғы 3 қарашада Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагогі әрі жазушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қоңырау үнімен...» атты облыстық әдеби-танымдық диктант өтті.
Іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысып, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі, әдеби шығармашылығы және педагогикалық мұрасы туралы білімдерін тексеру мүмкіндігіне ие болды.
Диктант сұрақтары ағартушының өмір жолының түрлі кезеңдерін қамтыды. Бұл оқушыларға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, бар ғұмырын халықты ағартуға, білім беру ісін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнаған тұлғаның мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы- кейінгі ұрпаққа білім мен даналықтың, адамгершілік құндылықтар мен өнегелі өмірлік бағдардың қайнар көзі болып, жас буынды шабыттандыруды жалғастырып келеді!

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2026

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 26 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана