Новости


«Наследие И. Алтынсарина объединяет: приграничное сотрудничество и культурный диалог»

Жм, 16/10/2026 - 17:09 — Ольга А

В рамках мероприятия под названием «Ыбырай Алтынсарин мұрасы-ұлт руханиятының шамшырағы», приуроченного к 185-летию со дня рождения великого казахского просветителя, педагога и писателя Ибрая Алтынсарина, нашу библиотеку посетили руководители региональных общественных организаций, казахских культурных центров из городов: Челябинск, Троицк, Свердловской области.



Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай

Жм, 16/10/2026 - 11:54 — Ольга А

Ермек Серкебаев — қазақ опера өнерінің аңызы, қайталанбас дауыс иесі және ұлттық өнердің көрнекті өкілі. Оның шығармашылығы Қазақстанның мәңгілік мақтанышы болып қала береді! 



Ғасырлар даналығы: Ясауи мұрасы

Жм, 16/10/2026 - 11:14 — Ольга А

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау аясында жоғары оқу орнының студенттері «Ғасырлар даналығы: Ясауи мұрасы» атты іс-шарада философия мен руханияттың тереңіне бойлап, ерекше танымдық тәжірибе алды.

«Қатысушылар үшін орта ғасырлық ой-пікір әлеміне «Тарих» мамандығының 3-курс студенті Үсенов Санжар Ақылбекұлы және 1-курс студенттері Максим Топоров, Досова Дильназ бен Алексеева Анастасия жолбасшы болды.»

Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, философиялық еңбектерден үзінділерді талдады, күрделі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Ұлы дала халықтарының өзіндік санасын ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарды жаңаша пайымдады.

Іс-шара барысында қазіргі заман мен болашақ мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қожа Ахмет Ясауидің ілімі XXI ғасырда қалай көрініс табады? Оның адамгершілік пен адалдыққа негізделген сопылық философиясы қазіргі ұрпақтың құндылықтарын қалыптастыруда қандай рөл атқарады? Жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті, мәдени кодты және тарихи тамырларға деген құрметті сақтауға не көмектеседі?

Бұл сұрақтар болашақ мамандарды тарихқа терең бойлап қана қоймай, мәдени мұраны сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудегі жеке жауапкершілігі туралы ойлануға жетеледі.

Іс-шара соңында әрбір қатысушы өз ойын жинақтап, «Болашаққа жолдауын» жазды.

Студенттер өз жазбаларында бүгінгі түйген ойларымен бөлісіп, ата-баба даналығын қазіргі әлемде дәріптеу жолдары туралы рухани көзқарастарын білдірді.



«Өмірге толы кітаптар»: Ә. Дүйсенбиевтің 95 жылдығына арналған онлайн өлеңдер галереясы

Бс, 15/10/2026 - 12:07 — Ольга А

Балалық шағымыздың жарқын көктеміне айналған қаламгер, сүйікті ақынымыз Әнуарбек Дүйсенбиевтің көзі тірі болса, бүгін 95 жасқа толар еді. Оның «Балдырған» журналындағы еңбегі мен балғындарға арналған шуақты жырлары талай ұрпақтың жүрегінен орын тапты. Бүгін біздің ортамызда бүлдіршіндер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өлмейтін мұрасына тағзым етіп жатыр. Ақынның жылы жырлары әлі де талай жүректі нұрландыра берері анық!



«Естелік пен тарих үйі»: Қостанай қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Мемори-алдық музейдің ашылғанына 35 жыл

Ср, 14/10/2026 - 14:50 — Ольга А

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай, қаламызда оның музейінің ашылғанына да 35 жыл толып отыр. № 17 жалпы білім беретін мектептің оқушылары осы маңызды даталарды танымдық экскурсиямен атап өтті! Балалар алғашқы мектептердің құрылу тарихымен танысып, көне сынып бөлмесін тамашалады. Сондай-ақ қаламыздағы ұлы ағартушының есімін иеленген тарихи орындар мен көрікті жерлер туралы мағлұмат алды.



«Сөз шеберімен online» кездесуі өтті!

Ср, 14/10/2026 - 14:19 — Ольга А
Біздің кітапхана мен №28 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып оқушылары балалар жазушысы, аудармашы Мира Сембайқызымен тікелей эфирде жүздесті.
Балалар «Алғыр Айбарыс» ертегісін оқып, өз ойларын ортаға салып, қызықты сұрақтар қойды. Жазушының шабыты, алғырлық, достық пен батылдық туралы әңгіме өрбіді.
Мира ханым балаларға шығармашылық табыс тілеп, кітап оқуға шақырды.



«Не оқуға болады?»(проект): «Алматылық ғажайып» Әсет Сыздықов

Ср, 14/10/2026 - 11:21 — Ольга А

«Алматылық ғажайып» - қазақстандық автор әрі журналист Әсет Сыздықовтың көркем повесі.

Біздің балалар робототехникадан өткен First Global Challenge дүниежүзілік жарысында АҚШ, Жапония және Корея сынды 180 елдің қатысушыларын басып озды!

Бұл - роботтар, жарыстар, достық, ата-аналар мен жаттықтырушылармен қарым-қатынас, қиындықтар мен жеңіске деген сенім туралы оқиға.

Нағыз ғажайыпты армандаудан және әрекет етуден қорықпайтын жандар жасайды!



ТУҒАН ӨЛКЕҢДІ СҮЙ ДЕ, ТАНЫ ДА

Сс, 13/10/2026 - 15:55 — Ольга А

«Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «Туған өлкеңді сүй де, таны да» атты танымдық әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар облыс пен Қостанай қаласының құрылу тарихымен танысып, қала атауының шығу тегі туралы аңыздарды білді, белгілі жергілікті тұлғалар мен Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды. Балалар танымдық викториналарға қатысып, туған өлке туралы жұмбақтар шешті, өңірдің көрікті жерлерімен, мәдениетімен және спорттық жетістіктерімен танысты, Қостанай облысының бірегей табиғаты және Науырзым қорығы туралы білді. Кеш соңында балалар Қостанай өлкесінің тарихында қаншама қызықты деректер бар екенін атап өтті. Олар туған өлкені тани түсе отырып, өзің тұрып жатқан мекенді жаңа қырынан бағалай бастайтынына көз жеткізді.



Қай кітап дәл сізге бұйырады?

Ср, 07/10/2026 - 15:27 — Ольга А

Кітапханада психологиялық денсаулыққа арналған интерактивті кітап көрмесі өтіп жатыр.
Мұнда жай ғана кітаптармен танысып қоймайсыз – қатысушыларға қалпақтың ішінен қағаз суырып, онда жазылған кітапты тауып алу және... оқуды бастау ұсынылады!

Кейде біз кездейсоқ таңдаған кітап дәл сол сәтте бізге ауадай қажет болып шығады.

Сіздерді көрмеге келіп, бағыңызды сынап көруге шақырамыз. Бұл өз-өзіңізді, сезімдеріңізді және айналадағы адамдарды тереңірек түсінуге көмектесуі мүмкін.



Заңгерлік лекторий: жалғасы

Ср, 07/10/2026 - 14:45 — Ольга А

Заңгерлік лекторий жұмысын жалғастырамыз! Біз сіздерді білу және түсіну маңызды болып табылатын заңнаманың өзекті мәселелерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Жаңа шығарылымда кәмелетке толмағандардың некеге тұруы және некені бұзуы туралы сөз қозғаймыз. Кәмелетке толғанға дейін некеге тұруға қандай жағдайларда рұқсат етіледі? Неке жасын төмендету қалай жүзеге асады және бұл шешімді қандай органдар қабылдайды? Кәмелетке толмаған адамның некеге тұруы қандай құқықтық салдарға әкеп соғады?

Бейнесюжетті көріңіздер және құқықтық сауатты болыңыздар!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 155 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана