Новости


Надежда Рунде: шекарасыз сөз

Ср, 22/04/2026 - 14:25 — Ольга А

22 сәуірде Ұлттық кітап күні аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Германияда тұратын балалар ақыны, ертегіші Надежда Рундемен «Надежда Рунде: шекарасыз сөз» атты онлайн кездесу өтті. Кездесуге Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің, №4 және №17 мектептердің 5-сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында қаламгер өз өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, балаларға арнап бірнеше өлеңдерін оқып берді.

Надежда Рунде — тек жазушы ғана емес, сонымен қатар баспагер. Оның баспасынан орыс және неміс тілдерінде танымдық, мазмұны бай, көңілді әрі қызықты кітаптар жарық көреді. Екі жыл бұрын автор Костанай облысындағы барлық балалар кітапханаларына бірнеше кітапты сыйға тартқан болатын.

Солардың бірі — көркем безендірілген «Альпийская корова» кітабы бойынша арнайы таныстырылым ұйымдастырылды. Шара барысында 5 сынып оқушылары өлең оқып, авторға сұрақтар қойып, викторинаға белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026



Сәлем, оқырман!

Ср, 22/04/2026 - 11:35 — Ольга А
​«Ұлттық кітап күні» апталығы аясында бүгін бізде ерекше әрі мазмұнды жүздесу өтті! Заманауи қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері және балалардың сүйікті жазушысы Айзат Рақышпен «Сәлем, оқырман!» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қостанай қаласының жас кітапсүйер қауымы – №11 жалпы білім беретін мектептің 6 «Ә» және №17 мектептің 5 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты.
​Кездесу өзегі жазушының «Қиялым, самға, шарықта» атты хикаяты болды. Оқушылар шығарманың кейіпкерлерімен бірге арман әлеміне саяхат жасап, туындының тәрбиелік мәні мен мазмұнын тереңнен талдады.
​«Балалар әдебиеті – болашақтың іргетасы». Айзат Рақыштың шығармалары жас буынды биік армандарға жетелейтініне тағы бір мәрте көз жеткіздік. ​Оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жазушыдан шығармашылық шабыт алды. Кітапқа деген құштарлық осындай кездесулерден басталады!


Ұлттық кітап күні марафоны жалғасуда!!!

Сс, 21/04/2026 - 15:26 — Ольга А

21 сәуірде Ұлттық кітап күні аясында кітапхана «Кітап. Тарих. Шежіре=Книга. История. Летопись» атты іс-шарада келушілерді ерекше кітап жаңалықтары мен сирек кітаптар әлеміне саяхат жасауға шақырды.

Іс-шараға Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің және Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері, сондай-ақ №14 мектептің оқушылары қатысып, кітаптың шынайы құдіретіне көз жеткізді.

Бағдарламасы бойынша қатысушылар кітапхананың барлық «құпия» бұрыштарын аралап, «Ғажап күшті кітаптар» интерактивті экспозициясының куәсі болды. Мұнда олар сирек басылымдармен, танымал тұлғалардың қолтаңбасы қойылған құнды және ерекше форматтағы бірегей жинақтармен танысты. Сонымен қатар, Sherlock’s Lab зертханасының құралдарын, олар-үлкейткіш әйнектер мен қолғаптарды пайдалана отырып, көне кітаптарды, жұмбақ жазбаларды және үлкен, кішкентай, әрі ойыншық кітаптардың ерекше пішіндерін зерттеді.

«Сарғайған парақтар сыры» техно-зертханасында қатысушылар теориямен шектелмей, тәжірибелік жұмысқа да ден қойды. Олар желім, қағаз, бұрағыш және өзге де кәсіби құралдарды пайдаланып, тозығы жеткен кітаптарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі — «CREATIVE WRITING» нейро-сессиясы болды. Қатысушылар әдеби жанрлар мен көркемдік стильдерді, промпт құрастырудың техникалық тәсілдерін еске түсіре отырып, ЖИ көмегімен кітап мерекесіне өздері және оқу магиясы туралы шығармашылық кітаптар жасады.

Бұл күн мазмұнды, қарқынды, танымдық әрі қызықты өтті.



Ауладағы ашық кітапхана

Дс, 20/04/2026 - 16:53 — Ольга А

Ұлттық кітап күні аясында ашық кітапханада «Атмосфералық экшн» атты интерактивті жоба өтті. Іс-шара «Фотограф» тренингімен басталды, онда оқушылар жұптарға бөлініп, кітаптар мен ұсақ бөлшектерге назар аударуды үйренді. Одан кейін коммуникацияға арналған ойын өтті: қатысушылар сөз қолданбай, тек вербалды емес қарым-қатынас арқылы белгілі бір ретпен қатарға тұруы тиіс болды. Келесі кезекте «Атомдар мен молекулалар» ойыны ұйымдастырылды, онда жүргізуші айтқан санға сәйкес оқушылар топтарға бірікті. Қорытынды кезең «Кітап конвейері» ойыны болды — қатысушылар кітаптарды бастарына ұстап, кедергілер жолағынан өтті. Аралық бекеттерде оларды кітаптар бойынша блиц-сұрақтар күтіп тұрды. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің жоғары эрудициясын көрсетті.

#ҰлттықКітапКүні2026 #НациональныйДеньКниги2026



Сәлем, оқырман!

Дс, 20/04/2026 - 15:12 — Ольга А

Жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу өтті

20 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ұлттық кітап күні аясында қазақстандық жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар автордың «Ауылдан шыққан миллионер» повесінің мазмұнын талқылап, шығармаға қатысты, сондай-ақ жазушының шығармашылығы мен өмір жолына байланысты сұрақтарын қойды.

Кездесу интерактивті форматта Абай атындағы, Спандияр Көбеев атындағы және №17 жалпы білім беретін мектептердің 7–8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Оқушылар жоғары қызығушылық танытып, әңгімеге белсенді қатысты. Соның арқасында кездесу мазмұнды, танымдық әрі әсерлі өтті.



Бағасы жоқ құндылықтар бар

Дс, 20/04/2026 - 12:21 — Ольга А
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының төрінде білім мен кітаптың мерекесі жалғасуда! Ұлттық кітап күні апталығы аясында біздің кітапханада ерекше рухтағы «Бағасы жоқ құндылықтар бар» атты квест ойыны өтті.
​Бұл жолы бізге қонаққа қаламыздың ең пысық, білімге құштар шәкірттері келді:
№24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары;
№14 жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары.
​Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған бұл шара нағыз интеллектуалды додаға айналды. Балалар тек тапсырма орындап қана қоймай, логикалық сұрақтарға жауап беріп, туған мәдениетіміз бен әдебиетіміз бойынша білімдерін сынады.

#ҰлттықКітапКүні2026 #НациональныйДеньКниги2026



«Квизотека» интеллект-аренасы Квизотека: Классика

Сн, 18/04/2026 - 17:09 — Ольга А

Классика дегеніміз – бәрі әділ өтетін сәт: логика, білім және қажет мезеттегі түйсік. Бүгін көптеген пікірталастар, «бұл анық қой!» деген дауыстар және дәл жауаптардан туған қуанышты сәттер көп болды.

Барша қатысушыға алғыс айтамыз!

Ойынның нәтижелері:

1 орын – АДД Птахи

2 орын - Культ Мифического Рассвета

3 орын - Биполярность

Ең үздік орын- ДОС

Келесі ойында кездескенше!



«БиблиоKids»

Сн, 18/04/2026 - 14:43 — Ольга А

​«БиблиоKids» үйірмесінің кезекті жиынында балалар танымал зерттеушілермен және жиһанкездермен танысты. Олар қызықты ойын түрінде жорықтың не екенін, оған қалай дұрыс дайындалу керектігін және жол сөмкесін қалай жинау қажеттігін білді. Балалар жолда қандай заттардың аса қажет екенін талқылап, саяхатшылардың өз шытырман оқиғалары кезінде әдетте немен қоректенетіні туралы әңгімелесті. Сабақ танымды әрі қызықты өтті.



Оригами +

Сн, 18/04/2026 - 14:35 — Ольга А

Ниткография
«Оригами +» үйірмесінің кезекті сабағы осындай атаумен өтті. Балалар жіптер мен ПВА желімін пайдаланып, аппликация жасаудың қызықты техникасымен танысты. Міне, бізде осындай әдемі жұмыстар шықты.


«Крышкибум» экологиялық акциясы

Жм, 17/04/2026 - 16:56 — Ольга А

Достар, естеріңізге саламыз, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында пластикалық қақпақтарды жинауға арналған экологиялық акция өтіп жатыр!

Көпшілігіңіз бұл игі іске атсалысып үлгердіңіздер, және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі сіздер әкелген әрбір қақпақ — жай ғана пластик емес, шығармашылыққа қажетті құнды материал әрі қаламыздың тазалығына қосылған үлес.

Қатысу ережелерін еске саламыз:

  1. Тек таза пластикалық бөтелке қақпақтарын жинаңыздар.
  2. Оларды кітапхананың қызмет көрсету бөлімдеріне әкеліңіздер.
  3. Арнайы жәшіктерге қалдырыңыздар — олар сіздерді әлі де күтуде!

Экологиялық әдеттерді қалыптастыру ешқашан кеш емес. Келіңіздер, әлемді бірге әдемірек әрі таза етуді жалғастырайық! Акцияға қосылыңыздар!

#ТазаҚазақстан


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 372 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана