КІТАП СЫЙЛА — БЕЙБІТШІЛІК СЫЙЛА!

Дс, 06/02/2023 - 10:53 — Ольга А

2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда балаларға кітап сыйлайтындардың барлығын біріктіретін және оқуға деген сүйіспеншілікті оятатын Халықаралық кітап сыйлау күні атап өтіледі.

Бұл мереке 2012 жылы бір американдық баланың: «Неге күнтізбеде адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын, бір-бірімен кітап алмасатын күн жоқ?» деген сұрағына байланысты пайда болды.

Баланың қызығушылығы арқасында оның анасы Эмми Бродмур, балалар кітабы сайтының авторы, осындай мерекені құру идеясын ұсынды. Әйелдің бастамасын оның туыстары мен достары, сондай-ақ әлеуметтік желідегі жазылушылары да қолдады. Осылайша бұл идея бүкіл әлемге тарады.

Бұл күні кітапты ең алдымен балаларға, сондай-ақ кітап оқуға қол жетімділігі шектеулі жандарға сыйлау дәстүрге айналған. Сыйға берілген кітап біреу үшін, көптен бері толғандырған сұрақтарға жауап беруі мүмкін, біреу үшін- ол жарқын әсерлер мен эмоциялардың қайнар көзіне немесе есте қаларлық, тіпті тағдырлы оқиғаға айналуы мүмкін.

Әр адам бұл мерекеге - достары мен отбасына сыйлық жасап, кітапханаларға, мектептерге, балалар мекемелеріне кітаптар әкеліп оңай қосыла алады.

Биылғы жылы біздің кітапхана ауыл кітапханасына сыйлық ретінде кітаптар жинап жатыр.

БІЗДІҢ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАҢЫЗДАР!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 123 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана