Амангелді ауданы

Қостанай округы құрамында бұл аудан 1928 жылы құрылып, 1936 жылға дейін Батпакқара ауданы болып аталды. Амангелді — облыстың ең ірі ауданы, оның аумағы -22650 шаршы шақырымнан асады. Аудан орталығы — Амангелді селосы. Оның 12 ауылдык округтарында 20 мыңға жуык адам тұрады.
Аудан мал өсірумен шүғылданады. Мұнда 540 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді.

27 орта мектеп, музыка және спорт мектептері, 8 клуб, 24 кітапхана, Мәдениет үйі, мүражай және жастарға арналған ор¬та лык бар.

Амангелді ауданының аумағы тас және кола дәуірлерінен қалған тарихи ескерткіштерге өте бай. Бір кездері Торғай өзенінің бойымен халыктардын үлы көші, онан соң сауда керуендерінің легі ағылып өтіп жаткан. Бүл жер

татармонғол шапкыншығына, Аксак Темір жорығына, Кеңесары ханның көтерілісіне куә болған. Өткен ғасырдың басында бүл жерлер маңызды саяси оқиғалардың орталығы болды. Осы байтақ далада Амангелді Иманов бастаған халық-азаттык қозғалысының жасактары шайкасты. Және кеңес өкіметі де бұл ауданда Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып орнады.

Амангелді ауданы республиканың ен ірі мал шаруашылықты аудандарынын бірі болды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары аудан шаруашылықтарындағы қой басы 600 мыңнан асты, 20 мыңнан астам жылқы болды. 14 атақты малшы Социалистік Еңбек Ері атанды. Олардың ішінде — Досан және Қошан Есполовтар, А.Сыздықов, К.Жансапаков, Ш.Жұманов, Н.Нүрғожин, Б.Шаяндин, М.Алтынбаев, Б.Омаров, Б.Сагаіев және басқалар бар.

Амангелділіктер өз жерлестері — жазушылар Сәбит Досанов, Ақан Нұрманов, Әбілфайыз Ідірісов, Сапабек Әсіповтарды, Қазакстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевты, академик, сәулетші Әбдісағит Татығүловты, әнші Ғазиза Жұмакенованы, компо¬зитор Қалибек Дербісалдиндерді мактан етеді.
Өтпелі кезеңдегі күлдыраудан кейін аудан экономикасы біртіндеп қайта жаңғырып, қалпына келе бастады. Бүкіл облыс амангелділіктерге қол үшын беріп, қолдау көрсетуде. Азаздап мал басы да қайта көбейе бастады. Егіншілік дамып, дихандар көкөніс өсірумен де шүғылдануда.

2005 жылдың жазында Амангелді ауданында облыстык спартакиада болып өтті. Амангелділіктер командасы ауданын үятқа калдырған жоқ, ал үлттық спорт түрлерінен бүкіл облыста оларға тең келетін ешкім болмады.

 

Дереккөзі: Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 159 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана