Қостанай ауданы

Қостанай ауданы 1921 жылғы сәуірдің 1-інде к үрылған. Аумағы 7,5 мың шарты шақырым, яғни облыс аумағының 4 пайызын қүрайды. Аудандағы 60 елді мекенде 66 мың адам түрады. Аудан орталығы - Затобольск кенті. Ауданда 808 ауыл шаруашылық қүрылымдары тіркелген, олардың ішінде 38 ЖШС, бір акционерлік қоғам және екі мемлекеттік кәсіпорын бар. Мал шаруашылығы жақсы дамығын.

Шаруашылықтардағы мүйізді ірі кара саны — 43 мың бас, шошка- 40 мың, қой мен ешкі — 16 мың, жылкы - 4 мың бас. Ауданда 87 өнеркәсіптік кәсіпорын, оның ішінде 16 диірмен жүмыс істейді.

Затобольский кенті туралы дерек алғаш рет "Торғай облысы шолуларында" 1880 жылы пайда болды. Сол кезден бергі ғасырдан астам уакыт ішінде ол өсіп- өркендеп, 1964 жылы кала үлгісіндегі кенттер катарына қосылды, а л Қостанай ауданы бірнеше рет атын және әкімшілкаумақтық қүрылымын өзгерткеннен кейін, қазіргі күні облыстың ең ірі және болшағы зор аудандарының бірі саналады. Облыс орталығының дәл іргесінде қоныс тепкен ауданда Қостанай түрғындарының саяжайлары мен бау-бақ- шалары, Тобыл жағасындағы демалыс орындары орналасқан. Республикадағы ең ежелгі жылкы зауыты мен аймақтық ауыл шаруашылық ғылыми- өндірістік орталығы да осы ауданда. Аудан аумағында 57 мәдениет ошағы, 59 мектеп бар. Олардың бірі - 2005 жылы жеке жобамен салыған мектеп облыстағы ең үздік орта оқу орыны болып табылады және оған халык акыны Нүржан Наушабаевтың есімі берілген. Болашақ ақын 1859 жылы туған, Троцкіде медресе бітірген. Ол өзі шығарған өлеңдері мен жырларында, айтыстарда адамның абыройы мен арүятын дәріптеп, надандықты сынға алды, Ыбырай Алтынсаринмен дос болып, оның халық ағарту ісі мен мәдениеттегі дәстүрлерін адал жалғастырды.Өткені өнегелі, бүгіні берекелі, болашағы зор Қоста най ауданы өлкенің, жалпы республиканың гүлденуіне айтулы үлес қосқан адамдарымен белгілі. Олардың қатарында кезінде атақтары бүкіл Одаққа белгілі болған сауыншы, Социалистік Еңбек Ері Алевти¬на Ивановна Кузьмина да бар. Ол бір сиырдан жылына 6000 литрге дейін сүт сауатын. Еңбек Ерлері - механизатор Жансүлтан Демеев пен партия хатшысы Вера Сидорована да сол кездегі кең байтак елде білмейтін жан жоқ еді.

Үзақ жылдар бойы Қазақстанның ауыл шаруашылық саласына еңбегі сіңген кызметкер Алексей Гаврилович Павлищенко жылкы зауытының жөне кеңшар директоры болды. Островский атындағы Затобольск орта мектебінде Надеж¬да Александровна Мураева отыз жылдан астам уакыт еңбек етті. Ол орыс тілі мен әдебиетінен сабак берді, мектеп директоры болды, халыкка білім беру ісінің үздігі атанды. Соғыстан соңғы жылдары Садык Байғазинүлы Толенов та үстаздык ете бастады. Одан дәріс алған шәкірттерді санап шығу мүмкін емес. Ол сөзімен иландыра, ісімен сендіре алатын шебер үйымдастырушы болды, сондықтан биліктін коптеген аудандық күрылымдарында жауапты қызметтер аткарды. Ал Иван Иванович Стадниковты жерлестері жергілікті "Анискин" атайды. Ол адамдар тыныштығын сенімді корғап, заң ның бүзылуына жол бермеді. 1971 жылы оған Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ен үздік участкелік инспекторы атағы берілді. Надя Афанасьева майданға 18 жасында аттанды. Ол кызмет еткен әскери батальон дағы кырық байланысшы қыздың соғыстың соңына карай он бесі ғана тірі қалды. 1945 жылы ол туған жері Зотобольскіге қайтып келді. Одан бергі уақытта да Надежда Егоровнаның қолымен жасалған игі істерді айтып жеткізу киын. Еңбегі сіңген ардагерлер катарында алғашкы тың игерушілердің бірі, асыл түкымды шошқа өсіру кеңшарының директоры Нина Григорьевна Вустың да алар орыны ерекше.Алғашқы тыңгерлердің тағы бірі, көп жылдар бойы "Организатор" кеңшарын басқарған Роман Иванович Пономарев бүгін де шаруа қожалығының тізгінін үстап түр. Иван Матвеевит Вечтейн — Карл Маркс атындағы ЖШС-тың директоры, ал бүл облыстағы ең үздік шаруашы- лықтардың бірі. Бүл жерде соңғы жылдары әр гектардан орта есеппен 15,2 центнерден астық алынып жүр. Жыл сай- ын мүнда 5300 тонна сүт өндіріледі.

Дереккозі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 61 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана