Бейімбет Майлин ауданы

Тобыл мен Аят өзендері жағасындағы әсем де құнарлы жерлерді адамдар ежелгі заманнан коныстанған. Бұл жерлерде біздің ата-бабамыз мал бағып, егін салған. Оған аудан аумағында табылған көптеген құрал түрлері куә.1922 жылға дейін ауданның казіргі аумағы Аят болыстығының қүрамына кірді, сосын оның аты Викторов болыстығы болып өзгертілді. Кейін ол алдымен Викторов, кейін Тобыл аудандары атанды. 1966 жылдан Таран ауданы болып аталады.Осыдан шамамен жүз жыл бұрын мүнда алғашкы орыс коныс аударушылары келіп, қазақ ауылдары жанынан зөйімкелер негізінде өздерінің Асенкритовка, Викторовка, Павловка, Варваринка, Ильиновка секілді селоларын түрғызды. Қоныс аударушылар өздерімен бірге жер жыртып, егін егу тәжірибесін ала келді.Ауданның экономикалық түрғыдан өсуіне оның Орта Азия мен Ресей арасындағы сауда жолында түрғаны үлкен ықпалын тигізді. 1914 жылы мүнда темір жол келіп, ауданды аумақтың барлык, өнеркәсіптік және сауда орталыктарымен байланыстырды. Тобыл стансасы торапты бекет болып, ол аркылы тауарлар орталыктан шығысқа және кейін қарай тасымалдана бастады. Облыста өнеркәсіптің дамыған сайын осы темір жол торабының ролі де арта түсті.Таран ауданының жер қойнауы пайдалы казбаларға аса бай. Бұл жерде борлытемір жөне магнетит рудасының, бокситтің, алтынның, сондайак құрылыс материалдарының қорлары ашылған. Шетелдік инвесторлар тарапынан оларға деген қызығушылық мол. Белгілі "Евроминерал корпорейшн" компаниясы ұзақ зерттегеннен кейін алтынның Варваринка кен орынынын игеруге кірісті. Инвесторлар бұл жобаға 100 миллион доллар қосуда. Нәтиже ойдағыдай болатыны сөзсіз. Өйткені Вариваринка - жылына 4 тоннаға дейін алтын бере алады.Осы ауданнан шыққан атакты адамдар қатарында - қазақ әдебиетінің негізін калаушылар- дың бірі Бейімбет Майлин, халык артисі Елубай Өмірзаков, Кеңес Одағының батыры Сейітхан Темірбаевтар бар. Ерен еңбегімен аудан атын Социалистік Енбек Ері Александр Иванович Ли Ен Бем, Александр Иосифович Казачонок, Артем Анисимович Петренко, Павел Сергеевич Токарев, Балғабай Мырзахметовтер шығарып жүр. Көптеген ордендер иегері Сапар Ерғалиев 28 жыл бойы ауданның ен ірі шаруашылықтарынын бірін баскарды. Аға буынның жаркын істерін В.С.Бушкин, А.С.Пирог, А.Ж.Әмірғалиевтер табысты жалғастырып келеді. Ауданға "Ак Бидай-Агро", "Содружество" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер секілді инвесторлар келіп, тиімді еңбек етіп жүр.Ауданның табиғаты өте сұлу, саятқа шығып, аң аулауға аса жайлы жерлерімен аты шықкан. Қолдан жасалған Қарато- мар су коймасының жағасы мен Аят озенінің бойы, ондаған көлдер әлдеқашаннанапак халыктың сүйікті демалыс орындарына айналды. Мұнда дем алып, балық аулау үшін бүкіл Орал өңірінен адамдар ағылып келіп жатады.Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 86 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана