Гайнижамал Бердалинова

Өмірбаян

Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызы 1942 ж. Орынбор облысы, Адамов ауданы, Ореховка селосында дүниеге келген. Әкесі Сайман көзі ашық, көңілі өяу, арабша сауатты болған. Арабша оқыған хикаяларды, шариғат нұсқаларын, хиссаларды, жатқа айтқан. Ата-жұрты Жітіқара жері, ашаршылық жылдары Орынборға өтіп кеткен. Нағашы жұрты Жармағамбет, Жәрмедет, Балма, Айғанша, Бермағамбетовтар Жайылма жерінен. Алдыңғы екеуі ақынжанды болған.

Орал гуманитарлық институтын тәмәмдаған соң, Ғайнижамал өмір жолын мұғалімдіктен бастаған. 1968 жылы Адамов ауданының «Ленинское знамя» (орыс тілді) газетіне қызметке шақырылған. Алғашқы өлең, мақалаларын орыс тілінде жазған.

1970 жылы ата-жұрты Жітіқараға қоныс аударған. Ана тілінің мәртебесін көтеретін іс-шараларға араласа жүріп, аудандық, қалалық, облыстық, ақындар айтысына қатысқан. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет еткен.

1992 жылдан бері «Қостанай таңы» газетінің тілшісі. Бұл жылдар Ғайнижамал үшін қанатты жылдарға айналған. Шығармашылық шабыты өсіп, өзекті мәселелерге мақала, корреспонденциялар жазумен қатар, өзі жазған өлеңдерін жинақ етіп шығаруға дейін барған. «Жүрегінен өлең болып өрілген» деген кітабы оқырманға жол тапқан. 1995 жылдан бастап ол газет жанынан «Жас қалам» үйірмесін ашып, онда жас талап, қаламгерлерді баулып келеді.

Біздің кітапханада бар кітаптары:

Бердалинова Ғ. Азаттықтың асқақ әнін шырқадың / Ғ. Бердалинова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі. - Костанай, 2018. - 73 б.

Бердалинова Ғ. Аман болшы, ақылдым: естеліктер, өлеңдер, кесек ойлар / Ғ. Бердалинова. - Қостанай, 2006. - 60 б.

Бердалинова Ғ. Жаңа жылға ақ тілек / Ғ. Бердалинова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі. - Костанай, 2018. - Б. 70-71 б.

Бердалинова Ғ. Замандастарға / Бердалинова Ғ // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - 72 б.

Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі / Ғ. Бердалинова. - Қостанай: Қарлығаш, 2018. - 106,[2] бет, [8] бет: фот.

Бердалинова Ғ. Құтты мекен Қостанай / Ғ. Бердалинова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - 68 б.

Бердалинова Ғ. Отбасынан бастайық / Ғ. Бердалинова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - 69 б.

Бердалинова Ғ. Сүйінші / Ғ. Бердалинова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі. - Костанай, 2018. - Б. 66-67.

***

Айқадамова, А. Бұлақ көрсең көзін аш: ақын Ғайнижамал Бердалинова туралы / А. Айқадамова // Қостанай таңы. - 2007. - 14 наурыз. - Б. 8.

Ахметжан, Қ. Өмірі - өнеге: ақын Ғайнижамал Бердалинованың 75 жылдығы / Қ. Ахметжан // Қостанай таңы. - 2017. - 19 шілде (№ 76). - Б. 12.

Ғазизұлы М. Ана тілді... / М. Ғазизұлы // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018.- Б. 64-65.

Ғазизұлы Н. Түс / Н. Ғазизұлы // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - Б. 56-58.

Ғайнижамал Бердалинова: келініме арнап кітап жазсам, бұл - аналық ризашылығым: ақын Ғайнижамал Бердалиновамен сырласу / сұхбаттасқан С. Мұратұлы // Нұрлы таң.- 2018. - 7 наурыз (№ 9). - Б. 8.

"Ел ертеңі - жастар, оларды ұлтжанды қылып өсіру - біздің міндет": [Ғайнижамал Бердалинова - 70 жаста] / дайындаған С. Меңдібай // Қостанай таңы.- 2012. - 4 мамыр (№ 47). - Б. 21-23.

Ермағамбетова К. Өмірде бәрі өтеді / К. Ермағамбетова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - 59 б.

Есенжолов А. Көршінің қызы-ай / А. Есенжолов // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - 63-64 б.

Исмаилова, Ұ. "Қазақ, қазақ" дегеніміз - ұлтшылдығымыз емес, - дейді "Таза бұлақ" қорының төрайымы Ғайнижамал Бердалинова / Ұ. Исмаилова // Қостанай таңы.- 2008. - 20 мамыр. - 8 б.

Қайрат А. Алыс сапарда / А. Қайрат // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі. - Костанай, 2018.- 60 б.

Қойшыманов, Қ. "Кітап - ғажайып әлем" / Қ. Қойшыманов // Қостанай таңы. - 2017. - 26 сәуір (№ 44). - 8 б.

Құлабаев Н. "Жаз қазаққа" ақ тілек / Н. Құлабаев // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - Б. 61-62.

Мауданов А. Құстар кетіп барады / А. Мауданов // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.-Костанай, 2018. - 63 б.

Оспанова, Қ. "Таза бұлақ" сан бұлақтың көзін ашты / Қ. Оспанова // Қостанай таңы. - 2009. - 23 қазан. - Б. 4.

Төлебекова Ғ. Күзім неткен көріктіті-ең! / Ғ. Төлебекова // Бердалинова Ғ. Күндердің ізі кешегі.- Костанай, 2018. - 62 б.


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему