Нағашыбай Мұқатов

Өмірбаяны

Нағашыбай Оразбайұлы Мұқатов Қостанай облысы, Жанкелдин ауданына қарасты Торғай селосында 1949 жылдың 15 наурызында туған. Осы аудандағы Аралбай ауылында Жанкелдин атындағы орта мектепті бітірген. Жоғары сыныпта оқып жүргенде жергілікті баспасөзге мақала, өлең жазған. 1967 жылы орта мектепті бітірген соң Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеген.

Аудандық, облыстық ақындар айтысына бірнеше мәрте қатынасып, жеңімпаз атанған. 1968–1970 жылдар аралығында Мари АССР–і Йошкар-Ола қаласында азаматтық борышын өтеген.

Нағашыбай Мұқатов - Алматы қаласындағы Әл–Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Ол Қазақстан радиосы және теледидары саласында 40 жылға жуық қызмет еткен. Байырғы Торғай, Қостанай облыстық радиолары редакциасында журналистік қызмет атқарған. «Қазақстан–Қостанай» телерадио компаниясында 1990 жылдары қазақ редакциясын, «Шаңырақ» шығармашылық бірлестігін басқарған. Жеңістің 40 жылдығына, ұлы ақын А. Құнанбаевтың 150 жылдығына, «Жүректен–жүрекке» деп аталатын республикалық теледидар хабарлары фестиваліде үш мәрте жүлдегер болған. Қазақ радиосының Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмысын істей жүріп, ел өмірін кеңінен насихаттаған.

Оның әртүрлі баспадан «Сөйле жүрек» (өлеңдер) «Айналайын адамдар» (өлеңдер), «Жалған дүние» (өлеңдер), «Ақ бұлақ» (арнау өлеңдері), «Жанымның жасыл жапырақтары» (өлеңдер мен поэмалар), «Жұлдызды адам» (поэма), «Ой отауда оңаша», «Көкірек көзбен көргендерім» (ой-толғамдар), «Бейсенбай-биік» туындыларын көптеген оқырмандар сүйіп оқиды, көпшілікке танымал.

Марапаттар

«Кеңес Одағы теледидары мен радиосы қызметінің үздігі» белгісі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісі

«Астанаға 10 жыл» медалі

Қостанай облыстық меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының төрт мәрте иегері.

Нағашыбай Мұқатовтың шығармалары

Балаларға:

Бауыржан ата / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2010. – № 2. – 93 б.

Гүлдер: [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2013. – № 1. – 107 б.

Көктем күні : [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2013. – № 2. – 99–100 б.

Күркетауық: [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – Алматы, 2011. – № 6. – 11 б.

Қазақстан: [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – Алматы, 2011. – № 4. –12 б.

Қарлығаштар ұясы / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2010. – № 3. – 92 б.

Көкке қарап ішімнен күбірледім: [поэзия] / Н. Мұқатов // Жалын. – 2012. – № 4–10. – 172–173 б.

Құрт : әңгіме / Н. Мұқатов // Балдырған. – 2015. – № 1. – 22–23 б.

Қыркүйек айында / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2010. – № 4. – 3 б.

Наурыз келді: [өлең] / Н. Мұқатов // Жас өркен – Қостанай.– 2017. – № 2. – 16 б.

Ұшып келеді..: [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2013. – № 1. – 107 б.

Хайуанаттар паркі ; Әкеде әке бола ма?: [өлең] / Н. Мұқатов // Балдырған.– 2014. – № 2. – 24–25 б.

Шар: [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай. – 2013. – № 1. – 2 б.

Шуақ–шашу: [өлең] / Н. Мұқатов // Жыл – он екі ай.– 2013. – № 1. – 106 б.

Жазушылар туралы:

Ағартушы – ақын: [Әлмағанбет Оспанұлы] / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2011. – 10 тамыз (№ 91). – 7 б.

Ғайшаның ғибратты ғұрымы : [Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Ғ. Мұхамедиқызы туралы сөз] / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2011. – 26 тамыз (№ 98). – 16 б.

Ғажайып Ғафу: [ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 85 жыл] / Н. Мұқатов // Егемен Қазақстан.– 2013. – 30 шілде (№ 179). – 5 б.

Ғафудың ғажайып әлемі / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2008.– 15 тамыз. – 6 б.

Жүзінді жүз көрейін: академик Кенжібек Сағадиевтің 80 жылдығына жыр–шашу / Н. Мұқатов // Жас өркен – Қостанай. – 2018. – № 3. – 22 б.

Жырлары жайсаң қазақ жүрегінде : жазушы Қайнекей Жармағанбетов туралы / Н. Мұқатов // Жас өркен – Қостанай. – 2018. – № 5. – 8 б.

«Кекті бала» – кесек туынды: [ақын Қайнекей Жармағамбетовтің туғанына 100 жыл] / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2018. – 24 тамыз (№ 98). – 8 б.

Көкалаттың көркем жігіті: журналист Ғалымбек Сабырұлы туралы сөз / Н. Мұқатов // Жас өркен – Костанай. – 2012. – № 3. – 21–22 б.

Қадірі бөлек Кадыр еді: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырзалиев туралы сөз / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2011. – 28 қантар (№ 10). – 12 б.

Қайырымды Қайнекей: [ақын Қайнекей Жармағамбетов туралы] / Н. Мұқатов // Жұлдыз. – 2014. – № 6. – 187–192 б.

Мұхаң барда.... / Н. Мұқатов // Әлем таныған – Әуезов: әдістеме–библиографиялық жинақ.– Алматы,2013.– 46–47 б.

Сел – сезімнің дариясы: халықаралық «алаш» сыйлығы, бүкіл түрік поэзиясы фестивалінің лауреаты, белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы туралы сыр): [Ақын Серік Тұрғынбекұлы туралы] / Н. Мұқатов // Жас өркен – Костанай. – 2016. – № 2. – 28–30 б.

Талантына талайлар тәнті болған: Майдангер жазушы, жерлесіміз Т. Әлмұхамбетовтың әдеби мұрасы туралы сөз / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2010. – 13тамыз (№ 95). – 7 б.

Ұлтты ұлы ұстазы: [Ы. Алтынсарин туралы] / Н. Мұқатов // Қазақ әдебиеті.– 2012. – 10–16 тамыз (№ 33). – 11 б.

Ұлттың ұлы ұстазы: [Ы. Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуы қарсаңында] / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2011. – № 93 (16 тамыз). – 4 б.

Ұлы Ыбрай ұмытылмайды: [айтайым дегенім...] / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2010. – 28 мамыр (№ 61). – 12 б.

Шынайы жырдың шебері: [ақын Қайнекей Жармағамбетов туралы] / Н. Мұқатов // Егемен Қазақстан. – 2018. – 2 қараша (№ 210). – 7 б.

Өлендері Ақ бесігім – аралбайым: туған жерге туынды тік / Н. Мұқатов // Қостанай таңы. – 2017. – 7 маусым (№ 59). – 7 б.

Жүйелеп өрнегімді өлең жазам: өлең / Н. Мұқатов // Костанай.– 2011.– 15 наурыз. – 7 б.

Қазағыма қазылған қабір – күншілдік: өлең / Н. Мұқатов // Қазақ әдебіеті. – 2011. – 11 наурыз (№ 10). – 8 б.

Терген, көргенді отырмын таразылап : өлеңдер / Н. Мұқатов // Нұрлы таң. – 2018. – 11 қаңтар (№ 1). – 11 б.

Тірілерге қарап ап тәуба–тауға өрледім: өлеңдер / Мұқатов, Н. // Наш Костанай.– 2018. – 13 наурыз (№ 21). – 7 б.

Н. Мұқатов туралы мақалалар

Ақынға құрмет көрсетілді // Костанай. – 2009. – 9 маусым. – 5 б.

Биіктен көріне беріңіз, әріптес // Костанай. – 2008. – 23 қыркүйек. – 5 б.

Жақсанов О. Адамдар өмірге қонақ екен: тағдырлар,ой–толғамдар, мөлтек сыр / О. Жақсанов; ред. Ж. Болатов.– Қостанай, 2008.– 232,[4] б.: портр.

Жыр маржаны: он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т. 5 / құраст. М. Құлкенов, Г. Мұқышева; суретші А. Айтжанов. – Алматы: Мерекенің баспалар үйі, 2014. – 525,[3] б.: портр.

Исмаилова, Ұ. Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі–ай... / Ұ. Исмаилова // Қостанай таңы. – 2009. – 2 маусым. – 2 б.

Кәкішұлы, Т. Ағалардың ақ лебізі / Т. Кәкішұлы // Қостанай таңы. – 2009.– 13 наурыз. – 4 б.

Латыпова, Б. Ақын шығармаларымен танысты: [белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов 70 жыл] // Qostanai tany. – 2019. – 19 сәуір (№ 47). – 16 б.

Меңдібай, С. Танымал ақынның тың туындылары / С. Меңдібай // Қостанай таңы.– 2009. – 16 қыркүйек. – 8 б.

Нағашыбай Мұқатов – ғылым кандидаты // Қостанай таңы. – 2008. – 16 қыркүйек. – 2 б.

Нағашыбай Мұқатов: «Өлең – өмірім менің» : [ақын Нағашыбай Мұқатовпен сұхбат] / сұхбаттасқан Т. Нүсіпханұлы // Қостанай таңы. – 2005. – 11 ақпан. – 6–7 б.

Өмірі өнерменен өрнектелген: [сыр – сұхбат] // Қостанай таңы. – 2010. – № 32–33. – 6 б.

Отынбайұлы, О. Әке мен бала туындысы: Оқырмандарға жол тартты: [ақын–жазушы Нағашыбай Мұқатовтың кітабы «Оразбайдың он баласы»] / О. Отынбайұлы // Наш Костанай. – 2018. – 22 мамыр (№ 41). – 6 б.

Шынайы шығарма болсын: Бала деп соққан жүрегі... / құрастырған Ш. Күмісбайұлы // Балалар бағының бағбандары: анықтамалық. – Алматы, 2008. – 185–187 б.

Сыртылдайды сағатым, бір тынбайды: [белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов 70 жыл] // Наш Костанай. – 2019. – 2 сәуір (№ 25). – 7 б.

Тұрғынбекұлы, С. Ақынның нақышты жырлары / С. Тұрғынбекұлы // Қостанай таңы. – 2009. – 13 наурыз. – 4 б.


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему