Рахмет еліне саяхат

Ср, 01/03/2023 - 10:04 — Ольга А

Көктемнің алғашқы күнін Қазақстандықтар «Рахмет» сөзімен қарсы алады. Себебі 1 наурыз -Алғыс айту күні өте терең мағыналы мереке. Алғыс айту күні-еліміздің әрбір азаматының бір-біріне құрмет көрсету күні.
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Рахмет еліне саяхат» деген алғыс айту сағаты өткізілді. Балалар «Рахмет» елін аралап, «Сөздерді жалғастыр» «Сыпайы сөздер», "Мұқият болыңыз», «Сұрақ-жауап» деген бірқатар ойындардың тапсырмаларын орындады.
Бейнебаянның көмегімен мерекенің тарихы және дәстүрімен жақынырақ танысып, бір-бірімізге мақтау айтайық атты қызықты бейнебаян тамашалады. Бейнебаян көргеннен кейін балалар сыпайы болу керек деген қорытындыға келді, тек сұрағанда ғана емес, сонымен қатар күнделікті сыпайы сөздерді қолдану, бәріне мұқият болу және үлкендерді құрметтеу керек деп білді. Іс-шара соңында балаларға естелік ретінде жүректі ашықхаттар сыйға тартылды.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему