Әл–Фараби мұрасын зерттеу

Әл–Фараби қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Фараб (Отырар) қаласында түркі тектес әулетте туылған. Оның әкесі әскербасы болатын.

      Зерттеуші ғалымдар әл–Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы тұщымды әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы қызу ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек.

      Әл–Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл–ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді.

      Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады.

      Алғашқы сапарында әл–Фараби Бағдат шаһарында логика, математика ғылымдарын терең зерттеп, араб тілін игереді. Ол елден асқан зерек еді. Дүниенің өткінші қызықтарынан, ойын–сауықтан алыс болатын. Тұрмысына жетерлік аз дүниеге қанағат етіп, уақытының барлығын ғылым жолына арнайтын. Ол алдыңғы толқындағы даналардың ізін қуған данышпан философ. Сондай–ақ, ол медицина ғылымын да толық меңгерген.

      Ал Шам аймағына келген кезде әл–Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп ғылыммен айналысуын әрі қарай жалғастырады. Ол әсіресе, логика ғылымын терең зерттеді. Осы бұрын-соңды салада жазылған еңбектердің бәрін парақтап оқып шықты. Тұрмысының жұпынылығына қарамастан қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысты. Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май шамның жарығымен талай томдарды оқып түгесті. Өзінің еңбектерін де жазып шықты. Ақырында оның есімі әлемге жайылды.

      Еңбектері шартарапқа тарағаннан соң есімі дүниеге әйгілі болды. Уақыт өте келе оны білім иелері мойындап, өз заманының бірегей ғұламасына, біртуар дара тұлғасына айналды. Әл–Фарабидің аса парасаттылығы туралы естіген Халеб қаласының әкімі Сәйф әд–Дәулә әл–Хамдани оны басқа да мұсылман ғалымдармен бірге сарайына шақырып құрметтеп, қонақ қылады. Ұлы данышпанның даналық сөздерін ден қойып тыңдаған әмірші оны өзіне жақындатуды ойлайды. Оны қазылыққа тағайындайды. Сіздің назарыңызға ұлы ойшылдың мұрасы туралы әдебиет тізімін ұсынамыз.

  1. Абдраман, Ш. «Әл–Фараби және Абай» екі ұлы бабамыз / Ш. Абдраман // Қазақ әдебиеті. – 2014. – 14–20 наурыз (№ 11). – Б. 1, 6–7.

  2. Айтаханов, Қ. Ұлы ойшылдар үндестегі: ой толғам / Қ. Айтаханов // Ана тілі. – 2020. – 24–30 қыркүйек (№ 39). – Б. 5.

  3. Алтаев, Ж. Мұстафа Шоқайдың әл–Фараби ілімі туралы ойлары: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / Ж. Алтаев, Г. Мұқанова // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 17 маусым (№ 115). – Б. 7.

  4. Әбу Насыр әл–Фараби: [ғылыми мақалалар]. Ғасырлар тереңінен маржан терген // Қыраубаева, А. Мыңжылдық жолаушы: 5 томдық шығармалар жинағы: көркем әңгімелер, ғылыми мақалалар, естеліктер. – Алматы, 2012. – Б. 31–41.

  5. Әл–Фараби, Ә. Н. Философиялық трактаттар / Ә. Н. Әл–Фараби // Ә. Н. Әл–Фараби, Қайырымды қала; Музыка туралы кітап. – Алматы, 2018. – Б. 677 – 807.

  6. Әл–Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы; Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері / Әл–Фараби // Экономика : Әлемдік классика. 1 том. – Алматы, 2006. – Б. 205–215.

  7. Әл–Фараби: заман, қоғам, өркениет: келелі кеңес // Ақиқат. – 2020. – № 4. – Б. 22–29.

  8. Әлемдік педагогикалық ой–сана: он томдық. 2 том. Шығыс әлемі (орта ғасыр) / құраст. К. Әбдірейімова, Ғ. Қабекенов, Г. Қонақова; алғы сөз Ж. Қ Түймебаев.– Алматы: Таймас, 2009. – 399 б. – (Мәдени мұра).

  9. Әлжан Қ. Әл–Фараби философиясындағы адам мен әлем бірлігі мәселесі / Қ. Әлжан // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография.– Астана, 2009. – Б. 51–60.

  10. Әшімов, Н. Әл–Фараби және математикалық парасат иірімдері / Н. Әшімов // Жалын. – 2009. – № 8. – Б. 11–26.

  11. Әлжан Қ. Әл–Фараби философиясындағы адам мен әлем бірлігі мәселесі /Қ. Әлжан // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография. – Астана, 2009. – Б. 51– 60.

  12. Бірманова, Қ. Әл–Фараби өлендеіндегі сөз құдіреті /Қ. Бірманова // Учительская +. – 2020. – 14 тамыз (№ 29–30). – Б. 21.

  13. Балықбаев, Т. Әл–Фараби мұрасы және Көбесов зерттеулері: [Әл–Фараби–1150] / Т. Балықбаев // Егемен Қазақстан. – 2020. – 27 мамыр (№ 101). – Б. 5.

  14. Бейісбай, С. Ғұлама мұраларының ғибраты: [Әл–Фараби – 1150 жыл] /С. Бейісбай // Egemen Qazaqstan.– 2020. – 17 маусым (№ 115). – Б. 7.

  15. Бейсенова, Ә. Әл–Фарабиді Қазақ еліне қайтарған Ақжан Машани: [алаштын ардақтысы] / Ә. Бейсенова // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 4 наурыз (№ 47). – Б. 4.

  16. Бектұрғанов, Е. Даналық феномені: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / Е. Бектұрғанов // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 14 мамыр (№ 93). – Б. 5.

  17. Берлібаев, Е. Әл–Фараби мұраларының жаһандану заманымен сабақтастығы: [Әбу Насыр Әл–Фарабидің 1150 жылдығына орай] / Е. Берлібаев, С. Қалдыбаева // Қазақ тарихы. – 2020. – № 1. – Б. 24–26.

  18. Ғылымның логикалық негізгдері: Әл–Фарабидің философиялық мұрасынан / ауд. Т. Ғабитов, Д. Шаукенов // Қазақ халқының философиялық мұрасы және әлемдік философия. – Астана, 2009. – Б. 48–54. – (Мәдени мұра).

  19. Дәдебаев, Ж. Абу Насыр әл Фараби: ғұмырнама ғибраттары / Ж. Дәдебаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2006. – № 9. – Б. 33–39.

  20. Деріпсәлі қажы Әбсаттар. Фарабитанудың қайнар бастаулары: [Әл–Фараби–1150] / Әбсаттар Деріпсәлі қажы // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 10 ақпан (№ 27). – Б. 4.

  21. Дербісәлі Ә. қажы. Отырардың жарқын жұлдызы: тарих және біз / Дербісәлі Ә. қажы // Жалын. – 2016. – № 1, 2, 3. – Б. 2–24.

  22. Дербісәлі Ә. Ғұламаның руханият жайлы трактаты табылды: Мысыр Араб Республикасы «Араб қолжазбалар институты» қорының дерегі негізінде / Ә. Дербісәлі, А. Хаван // Egemen Qazaqstan.– 2020. – 29 мамыр (№ 103). – Б. 8.

  23. Дербісәлі, Ә. қажы. «Қазақ даласының жұлдыздары» Араб шежірелері және Әл–Фараби / Ә. Дербісәлі қажы // Педагогика және өнер. – 2007. – № 5. – Б. 5–6.

  24. Дүйсенбаев, А. Әл–Фарабидің тәрбиелік мұралары: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / А. Дүйсенбаев // Мәдениет. – 2020. – № 3. – Б. 28–31.

  25. Еликбаев, К. Акжан Машани – фарабитанудың негізін қалаушы: келелі кеңеске орай / К. Еликбаев // Ақиқат. – 2020. – № 4. – Б. 41–43.

  26. Есім, Ғ. Ғұлама Әбу Насыр Әл–Фараби: [Әл–Фараби–1150] / Ғ. Есім // Ақиқат. – 2020. – № 3. – Б. 4–7.

  27. Есім, Ғ. Ғұлама Әбу–Насыр әл–Фараби: [Әл–Фараби–1150] / Ғ. Есім // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 6 ақпан (№ 25). – Б. 5.

  28. Жақсанов, О. Екінші Аристотель атанған ғұлама немесе Әбу Насыр Әл–Фараби туралы не білеміз?: Қостанай көшелеріне есімдері берілген түлғалар / О. Жақсанов // Наш Костанай. – 2017. – 17 января (№ 4). – Б. 8.

  29. Жолмухамедова, Н. «Адам – әлем» құндылықтық қатынасы: әл – Фараби және қазіргі заман / Н. Жолмухамедова // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография. – Астана, 2009. – Б. 90–113.

  30. Жұмағұлов, Б. Әл–Фарабидің жаһандық математикалық мұрасы: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / Б. Жұмағұлов // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 13 cәуір (№ 70). – Б. 9.

  31. Жұмат–Әлмашұлы, Ж. Әлемдік ойдың алыбы: [Әбу Насыр әл–Фарабидің туғанына 1150 жыл толмақшы] /Ж. Жұмат–Әлмашұлы // Egemen Qazaqstan. – 2019. – 1 қараша (№ 212). – Б. 10.

  32. Көбесов А. Әл–Фарабидің әлемі: көмекші оқу кұралы / А. Көбесов. – Алматы: Санат, 2002. – Б. 176.

  33. Қабылова А. С. Әбу Наср әл–Фараби мұралы және музыка мәселесі / А. С. Қабылова // Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы. 7 том. – Алматы, 2007. – Б. 66–71.

  34. Қазақ халқының философиялық мұрасы: жиырма томдық. Т. 3. Әл–Фараби философиясы / құраст., алғы сөз Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; Т. Ғабитов ж. б.– Астана: Аударма, 2005. – 494,[2] б. – (Мәдени мұра).

  35. Қалижанов, У. Данадан жеткен дара сөз: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / У. Қалижанов // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 29 cәуір (№ 82). – Б. 8.

  36. Қасаева, М. Әл Фарабидің дидактикалық мұрасын дәйектеуші – Ақжан әл Машани / М. Қасаева // Ұлағат. – 2010. – № 5. – Б. 100.

  37. Қасымжанов, А. Әл–Фараби / А. Қасымжанов, А. Әлінов // Қазақ. – Алматы, 1994.– Б. 108–129.

  38. Қасымжанов, А. Логика, силлогистикалық өнер түрлері / А. Қасымжанов // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография. – Астана, 2009. – Б. 168–184.

  39. Қоянбаева Г. Әл–Фараби философиясындағы сенім мен зерде сұхбаты /Г. Қоянбаева // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография.– Астана, 2009. – Б. 185–207.

  40. Құл–Мұхаммед М. Әл–Фараби: Тарих. Тұлға. Уақыт / М. Құл–Мұхаммед ; ауд. К. Мырзалиева; сурет. Қ. Көмеков. – Алматы: Аруна, 2006. – 96 б.: сурет. – (Шығыстың ұлылары).

  41. Қыдыршаев, А. Ұлы даланың рухани ұстазы: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / А. Қыдыршаев, М. Қыдыршаев // Ақиқат. – 2020. – № 5. – Б. 16–19.

  42. Машани, А. Ұлы ұстаз /А. Машани // Әдебиет айдыны. – 2005. – 1 желтоқсан. – Б. 3, 10.

  43. Мәсімханұлы, Д. «Екінші ұстаз» туралы еңбек: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / Д. Мәсімханұлы // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 19 тамыз (№ 156). – Б. 8.

  44. Медеубекұлы, С. Аспаптану ғылымының негізін қалаған / С. Медеубекұлы // Ана тілі. – 2020. – 30 сәуір–6 мамыр (№ 16–17). – Б. 5.

  45. Момынұлы, П. Әбу Насыр Әл–Фарабидің музыкалық мұрасы / П. Момынұлы // Мәдениет. – 2020. – № 4. – Б. 20–25.

  46. Нәжімеденов, Ж. Әл–Фараби, қылқобыз және домбыра / Ж. Нәжімеденов // Ана тілі. – 2003. – № 49–50. – Б. 18.

  47. Нұрмұратов С. Е. Әл–Фараби іліміндегі рухани құндылықтар / С .Е. Нұрмұратов // Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы. 7 том. – Алматы, 2007. – Б. 96–103.

  48. Нысанбаев Ә. Әл–Фараби мұрасы және оның әлемдік мәдениеттегі тарихи маңызы: бір өзі бір ғылым академиясы іспетті / Ә. Нысанбаев // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография.– Астана, 2009.– Б. 37– 50.

  49. Оразбекұлы, К. Әл–Фарабидің саз әлемі / К. Оразбекұлы // Мөлдір бұлақ. – 2011. – № 12. – Б. 4.

  50. Рысбеков, Т. Әл–Фараби және тәрбие мәселелері: [тарихи тұлғалар] / Т. Рысбеков, Б. Шынтемірова // Қазақ тарихы. – 2019. – № 1. – Б. 10–12.

  51. Серікқызы, Э. «Фараби» әлемін тану: [Әл–Фараби–1150] / Э. Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 17 ақпан (№ 32). – Б. 10.

  52. Сүлейменов, П. Жаттап алу мен түснудің қайсысы маңызды?: (әлемнің екінші ұстазынан кеңес) / П. Сүлейменов // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 31 мамыр–6 маусым (№ 22). – Б. 7.

  53. Сымағұлова, К. Әл–Фараби философиянсындағы тіл мен мәдениет: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / К. Сымағұлова, А.Уалиханұлы // Қазақ тарихы. – 2020. – № 9. – Б. 2–5.

  54. Тәжікова, К. Әбу–Насыр әл–Фараби шығармашылығы, тіл және тілдік таңба философиясы / К. Тәжікова // Фараби ә Ә. Н. Он томдық шығармалар жинағы. 10 т: әл–Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер; биобиблиография.– Астана, 2009. – Б. 274–281.

  55. Тлеубаева, С. Ұлыдан қалған мол мұра: Сценарий. Әбу–Насыр Әл–Фараби / С. Тлеубаева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2007. – № 2. – Б. 43–46.

  56. Философияның дінге қатынасы: Әл–Фарабидің философиялық мұрасынан / ауд. Ж. Мүтәліпов // Қазақ халқының философиялық мұрасы және әлемдік философия.– Астана, 2009. – Б. 40–47. – (Мәдени мұра)

  57. Шаланова, М. Ұлыдан қалған мол мұра / М. Шаланова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2008. – № 5. – Б. 51–52.

  58. Шамұратова, А. Әлемнің екенші ұстазы: [әл–Фараби туралы] / А. Шамұратова // Ұлан. – 2020. – 12 мамыр (№ 19). – Б. 14.

  59. Ысқақұлы, Д. Бақыт және бақытқа жеткізетін жол: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / Д. Ысқақұлы // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 7 тамыз (№ 149). – Б. 8.

  60. Ысқақұлы, Д. Ғұлама философиясындағы бақытты адам концепциясы: [Әл–Фараби – 1150 жыл] / Д. Ысқақұлы // Egemen Qazaqstan. – 2020. – 24 тамыз (№ 159). – Б. 8.

Электрондық ресурс

«Әл–Фарабидың дүниетанымы мен әлемдік ғылым» : библиографиялық көрсеткіш/ Құрастырушы: Б.К. Жекебаева. – Тараз: М.Х. Дулати атындағы ТарМУ. – Кітапханалық–ақпараттық орталық, ақпараттық–кітапханалық қызмет көрсету бөлімі, 2020.– 41 б. То же: http://lib.tarsu.kz/rus2/all.doc/images/Al_Farabi.pdf


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 85 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана