Новости


Құттықтаймыз!

Бс, 07/03/2024 - 14:45 — Ольга А



Халықаралық дауыстап оқу күні

Ср, 06/03/2024 - 15:55 — Ольга А

"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында кітапханада жазушы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы бойынша "Біздің құрдасымыз Қожа" атты репортаж-шолу дауыстап оқу өткізілді.

"Бірге дауыстап оқимыз" оқуының мақсаты — оқығанды есту және түсіну үшін белсенді тыңдауға үйрету, әдебиетпен үнемі қарым-қатынас жасауға үйрету, сөз сезіміне тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылықты, сүйіспеншілік пен құмарлықты ояту.

Кездесуге № 3, 7, 16 ЖББМ 5-6 сынып оқушылары шақырылды.

Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлерге сипаттама берді, өз әсерлерімен бөлісті. Кітап оқу іс-шараға келген барлық қатысушыларын ойландырды, өйткені әдеби шығармалар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалау және олардың қателіктерінен сабақ алу үшін жасалған.

Кітап үлкен қызығушылық тудырып, іс-шара соңында көптеген оқушылар оны алып, оқығысы келді.



Көктем мен сұлулық туралы

Сс, 05/03/2024 - 17:11 — Ольга А

Көктеммен бірге бізге әдемі және керемет мереке-8 наурыз Халықаралық әйелдер күні келді.

Бұл - көктемнің ең керемет, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен, әйелдердің күлімсіреулерімен жылытылады, гүлдермен және мақтау сөздермен безендіріледі. Мереке қарсаңында біздің кітапханада Әйелдер күніне арналған "Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара байқаулар, викториналар, көктемгі ойындар, мастер-кластармен жалғасты.



«Қазақ поэзиясының құлагері»: мағыналық оқу

Сс, 05/03/2024 - 17:00 — Ольга А

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы үш тұлғаның бірі Ілияс Жансүгіров биыл 130 жасқа толар еді. Осы күнге орай ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Қазақ поэзиясының құлагері» атты іс-шаралар өткізілді. Кездесуге №11 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары шақырылды. Балалар дайындықпен келіп, автордың өлеңімен оңай жұмыс істей алды. Олар шығарманы талдап, сюжет пен жекелеген оқиғаларды талқылады. Іс-шара соңында мұғалімдер ақын және оның шығармашылығы туралы жылы сөздер айтты.



Ашықхат Мереке гүлшоғы

Дс, 04/03/2024 - 09:49 — Ольга А

Келесі  «Оригами+» сабағымыз келе жатқан 8 Наурыз мерекесіне арналды. 8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесі! Бізде осындай тамаша ашықхаттар шықты.



Біз ризашылығымызды білдіре аламыз

Жм, 01/03/2024 - 14:49 — Ольга А

Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні елімізде 1 наурызда атап өтіледі. Жыл сайын бұл мерекенің мәні азаматтар үшін көбірек реңктерге ие болып жатыр, барған сайын маңызы арта түсуде.

1 наурыз күні Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің студенттері үшін көрме-әңгіме ұйымдастырылып, «Біз ризашылығымызды білдіре аламыз» атты іс-шара өткізілді.

Балалар бір-біріне алғыс сөздерін жазған жапырақшалардан "түймедақ" жинады."Алғыс"сөзінен мүмкіндігінше көп сөздер құрастырды. Іс-шара соңында балалар өздерінің туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достарына алғыс сөздерін тапты.



Жұмсағым менің жұмсағым, бар кішкентай мысығым

Жм, 01/03/2024 - 14:34 — Ольга А

Мысықтар - ең жұмбақ үй жануарлары. Адамдармен бірге өмір сүруді үйрене отырып, олар тәуелсіздіктерін жоғалтқан жоқ және әр түрлі мінездерімен және қасиеттерімен иелерін таң қалдыруды жалғастыруда. 1 наурыз — Халықаралық мысықтар күні және сайттың барлық пайдаланушылары үшін «Жұмсағым менің жұмсағым, бар кішкентай мысығым» атты бейне — презентация дайындалды. Барлығыңызға тамаша көрініс тілейміз!



Қалалық турнир «The best of the best»

Жм, 01/03/2024 - 11:41 — Ольга А

1 наурызда №16 жалпы білім беретін мектептің және №18 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушыларына арналған ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде ағылшын тілін білу бойынша қалалық «The best of the best» турнирі өткізілді. Іс-шара №16 мектеп пен №18 мектеп-гимназияның екі командасы арасында зияткерлік сайыс түрінде өтті. Барлық байқаулар Англиямен байланысты болды: ел мен ағылшындар туралы қызықты деректер, ағылшын жазушылары, мақал-мәтелдер. Балалар "Ақиқат-жалған","Басқатырғыш", "Мақал-мәтелдер" сияқты байқауларда эрудиция мен тапқырлық танытты, сондай-ақ турнирдің басты өзгешелігі біздің командаларымыз болжауға тиіс, атақты ағылшын актері жасырылған біздің құпия қара жәшігіміз болды.

Балалар батылдырақ бол бастады! Жалынды және көңілді ойнады! Олар өз ұпайлары үшін алаңдады! Іс-шара соңында оқушылар бізге қайта келуге уәде берді.

18 мектеп-гимназиясы жеңіске жетті.



Жануарлар әлемінде

Ср, 28/02/2024 - 13:29 — Ольга А

Бүгін кітапханаға № 24 мектептің 1 сынып оқушылары келді. Оларға арнап «Жануарлар әлемінде» атты ерекше жануарлар туралы іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, балалар Кенгуру өмірі туралы қызықты ақпараттар алды. Балалар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, бейнебаяндарды тамашалады.


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 321 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана