Зияш Телеуова

Зияш Телеуова 1947 жылы 24 қыркүйек айында Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Орал қаласындағы А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының тарих-қоғамтану факультетін бітірген. Зияш Телеуова журналистік қызметін 1970 жылы Алға ауданының «Жұлдыз-Звезда» газетінің редакциясынан бастаған. 1970 жылы облыстық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Ақтөбе») газетіне жұмысқа шақырылады. Сол жылдары еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет граматасымен», «Баспасөз қызметінің үздігі» атты омырауға тағатын белгімен марапатталды. Зияш Телеуова журналист, удармашы, жазушы. Оның қаламынан шыққан «Әлияның жүрегі», (1992) «Тау самалы» (2004) жыр жинағы, «Жоғалған ауыл туралы аңыз» (2006) кітаптары жарық көрді. Жасөспірімдерге арналған шытырман оқиғалы шығармалардан ағылшын жазушысы Эмили Родданың «Дело о пропавшем миллионере» Наталья Кузнецованың «Дело о таинственном шефе» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалады. Балаларға арналған детектив жанрындағы алғашқы әдебиет жарық көрді

Балаларға арналған детектив жанрындағы алғашқы әдебиет жарық көрді.

Оның авторы – ақтөбелік Зияш Телеуова. Тырнақалды туындысын ол «АБК тобы ашқан қылмыс» деп атапты. Кітаптағы “АБК” – танымал әншілер емес, ержүрек жасөспірімдер. Өз немерелерінің ұсынысымен қолына қалам алған Зияш әженің шығармасын жас оқырмандар қуана қабылдауда. Детективтің алғашқы 20 данасын автор балалар кітапханасына тарту етті. «АБК тобы ашқан қылмыста» қарт әжейдің баспанасын тартып алуды көздеген қаскөйлер ебін тауып, қарияны жындыханаға жатқызады. Ал әжейдің кішкентай көршілері алаяқтардың ізіне түсіп, оларды полицияға ұстап береді. Қартты құтқару үшін аянбаған балалар соңында ел-жұртының зор алғысына бөленеді. Қазақ тілінде жазылған шытырман оқиғалы кітап 2 мың данамен басылып шықты. Ал зейнеткер-жазушы: “Бұл - балаларға тартуым”, - деп, қаламақы алудан бас тартыпты. Қазір ол жас оқырмандарға арнап детектив жанрындағы екінші кітабын жазуда.

http://www.awardslondon.com

http://www.ktk.kz/ru/news/video/2009/01/05/2575

https://ru.bookmate.com/authors/PGhPpFLE


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему