Әуезов Мұхтар (1897–1961)

Әуезов Мұхтар (1897–1961)

 


auezov-480_0.jpg

Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы Әуез екеуі де хат танитын сауатты адам болған. Өз заманында ұлы Абаймен сырлас, ауылдары іргелес, аралас–құралас тіршілік кешкен. Бала Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Абайдың өлеңдерін зор ықыласпен тыңдап, қағаз бетіне түскен тың туындыларымен танысып, пікір алмасатын жақын адамдарының бірі болған. Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан да осы атасы еді. Мұхтар дүние есігін ашқанда, Абай Әуезовтердің шаңырағына шілдеханаға барған деген де естеліктер бар.

Өз заманында Әуезов білімдар қазақтардың бірі болды. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды. Он бір жасында әкесі Омархан қайтыс болады. Осыдан кейін Мұхтар ауылдан қалаға немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Шаһарда оқу–білім жолындағы біршама ұзақ сапары басталады.

Әуезов Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. 1918 жылы мамырда Омбыда өткен Жалпықазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Семейде «Абай» ғылыми–көпшілік журналын, «Қазақ тілі» газетін шығаруға атсалысқан. 1919 жылы семинарияны тәмамдап, қоғамдық–саяси жұмысқа белсене араласады. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне оқуға түсіп, «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Жазушының «Қыр суреттері«, «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» әңгімелері осы басылымдарда жарық көрген. 1923 жылы маусым айында Ленинград мемлекеттік университетінің тіл–әдебиет бөліміне түседі. 1924–1925 жылдары аралығында Семейдегі мұғалімдер техникумында оқытушы болып істейді. Осы аралықта «Таң» журналын шығарады. 1925 жылы Ленинградқа оралып, оқуын қайта жалғастырады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды. Бұдан бөлек Қазақ ағарту институтында сабақ берді. 1934–1961 жылдары әл–Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарды.

Замандастары Мұхтар Әуезовті елгезек, бауырмал, ізгілікті, сырбаз адам деп сипаттаған.

М. Әуезовтің шығармашылығында «Абай жолы» романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. Әуезов өзінің роман–эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан–жақты ашып көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман–эпопеясы әлемдік деңгейде «ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары бағаға ие болды.

Алайда «Абай жолы« оңай жазыла салған шығарма емес. Әуезов кесек туындыны дүниеге әкелу үшін талай мұрағатты ақтарып, қаншама адаммен сырласып, ұйқысыз түндер өткізді. Роман жарық көргеннен кейін де, қайта–қайта қудаланып, сынға ұшырады. Бірақ жазушы еш мойымады.

Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті.

 

Әдебиеттер

  1. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 1–ші кітап. Абай / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2002. – 296 б.

  2. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 2–ші кітап. Абай / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2002. – 328 б.

  3. Әуезов М. Абай жолы: роман–эпопея. 3–ші кітап. Абай жолы / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2002. – 296 б.

  4. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 4–ші кітап. Абай жолы / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2002. – 312 б.

  5. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 1–ші кітап / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2009. – 376 б. – (Қазақтың 100 романы).

  6. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 2–ші кітап / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2009. – 432 б. – (Қазақтың 100 романы).

  7. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 3–ші кітап / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2009. – 384 б. – (Қазақтың 100 романы).

  8. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. 4–ші кітап / М. Әуезов. – Алматы: Жазушы, 2009. – 400 б. – (Қазақтың 100 романы).

  9. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея. Бір–Төрт. кітап / М. Әуезов ; сурет. Б. Б. Жапаров. – Алматы: Жеті жарғы, 1997.

    Кітап 1.– 317, [3] б.

    Кітап 2.– 349, [3] б.

    Кітап 3.– 318, [2] б.

    Кітап 4.– 334, [2] б.

  10. Әуезов, М. Абай жолы: роман–эпопея / М. Әуезов ; оқыған М. Тесебаев. – Алматы: Жазушы, 2011. – Комплект 8 CD. – (Аудиокітап).

  11. Әуезов, М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері / М. Әуезов ; құраст. Л. Әуезова, М. Мырзахметұлы. – Алматы: Санат, 1997. – 448 б.

  12. Әуезов, М. Әдебиет тарихи: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған / М. Әуезов. – Алматы: Ана тілі, 1991.– 240 б.

  13. Әуезов, М. Әдебиет туралы : оқу құралы / М. Әуезов. – Алматы: Санат, 1997. – 304 б.

  14. Әуезов, М. Кінәшіл бойжеткен : әңгімелер / М. Әуезов ; құраст. Д. Әшімханұлы. – Астана: Таным, 2003. – 96 б. – (Қазақ әңгімелері).

  15. Әуезов, М. Көксерек : әңгімелер / М. Әуезов ; құраст. А. Ментебаева ; алғы сөз О. Сүлейменов. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. – 173,[3] б. – (Әлем әдебиетінің классиктері).

  16. Әуезов, М. Көксерек ; Әңгімелер / М. Әуезов ; құраст. О. Аскар. – Алматы: Балауса, 2006. – 512 б. – (Әлем балалар әдебиеті).

  17. Әуезов, М. Шығармалар жинағы : повестер, әңгімелер / М. Әуезов ; құраст. Б. Әбдешев ; алғы сөз З. Қабдолов. – Алматы: Өлке, 2012. – 382,[2] б. – (Жасөспірімдер кітапханасы).

  18. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы : елу томдық. Т. 1-50 / М. Әуезов; жоба жетекшілері С. Назарбаева, Б. Қанапиянов ; түсініктеме Р. Әбдіғұлов және басқа. – Алматы: Дәуір: Жібек жолы, 2014.

  19. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. Т. 1-50 / М. Әуезов ; ред., түсініктер З. Ахметов және басқа. – Алматы: Ғалым, 1998–2011.

 

М. Әуезов туралы

 

  1. Абай дәстүрін зерттеген // Базарбаев М. Таңдамалы шығармалар. 2 т: Көрікті ойдан – көркем сөз. – Астана, 2009. – Б. 287–295.

  2. «Абай жолы» эпопеясы – дүниежүзілік классикаға енген шығарма: талдау–әңгіме // Әлем таныған Әуезов: әдістеме–библиографиялық жинақ. – Алматы, 2013. – Б. 23–25.

  3. Абдрахманов, С. Өркениетті өшірмеген өнер / С. Абдрахманов // Әдебиет әлем. – Астана, 2017. – Б. 426–436.

  4. Абдрахманов, С. Өркениетті өшірмеген өнер : Әуезов – 120 / С. Абдрахманов // Қазақ әдебиеті. – 2017. – № 48 (24 қараша). – Б. 6–7.

  5. Абламбаева, М. Абай мұражайындағы Мұхтар Әуезовтің қолтанбасы: Мұра – хат / М. Абламбаева // Қазақ әдебиеті. – 2018. – 12–18 қазан (№ 40). – Б. 11.

  6. Аманжолов, Қ. Ғ. Ыстықкөлде ыстық ықыласы / Қ. Ғ. Аманжолов // Аманжолов Қ. Ғ. Қызыл сызық. – Алматы, 2013. – Б. 187–196.

  7. Анов, Н. Абай атын асқақтатқан: [Әуезов әлемі] / Н. Анов ; орыс тілінен ауд. С. Сатыбалдин // Жұлдыз. – 2016. – № 12. – Б. 176–188.

  8. Әбілов, Д. Байтақ тұлға / Д. Әбілов // Әлем таныған – Әуезов : әдістеме–библиографиялық жинақ. – Алматы, 2013. – Б. 33–35.

  9. Әбдіғұлов, Р. Асыл адам айнымас: [Мұрат Әуезов туралы] / Р. Әбдіғұлов // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 18–24 қаңтар (№ 1–2). – 11 б.

  10. Әбдіғұлов, Р. М. Ауезовтың мұражай – үйіне елу жыл: [Әуезов әлемінен] / Р. Әбдіғұлов // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 27 қыркүйек–3 қазан (№ 33). – Б. 9.

  11. Әл–Карени, Р. Ғажап талант иесі әуезовтің адамзат мәдениетінің аскар шыңана көтерілуі: [жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл] / Р. Әл–Карени // Ақиқат. – 2017. – № 11. – Б. 162–170.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 49 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана