Ұзынкөл ауданы

Облыстың солтүстік аудандарының бірі — Ұзынкөл ауданы 1939 жылғы 16- қазанда құрылған. Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектеседі. Облыс аумағы 7,15 мың шаршы шақырым. 55 елді мекенде 29 мыңға жуық адам тұрады. Ауданның әкімшілік орталығы - 5876 тұрғыны бар Ұзынкөл селосы.

Аудан экономикасында айтарлықтай орын алатын - аграрлық сектор қарамағында 335 мың гектар егістік және 275 мың гектар жайылымдық жер бар. Жыл сайын аудан 170-190 мың тонна дәнді дақыл алады.

Аудан тұрғындарына 48 денсаулық сақтау мекемесі қызмет көрсетеді, 41 жалпы білім беру мектебі, бір кәсіби-техникалық мектеп, 14 кітапхана бар. Аудандық Мәдениет үйінде - екі ұлттық-мәдени орталық, үйірмелермен клубтар жұмыс істейді.

Аудан тарихының маңызды кезеңдері - Ұлы Отан соғысы мен тың эпопеясы жылдары болды. Майданға Ұзынкөлден 7945 адам кетті, олардың 2234-і туған жерге қайтып оралмады. Батыр жерлестері туралы аудан тұрғындары ешқашан ұмытпайды. Олар сондай-ақ, аудан аумағында мыңдаған гектар тың және тыңайған жерлер игерілген, аудан картасында жаңа кеңшарлар пайда болған жылдарды да құрметпен еске алады. Бүгінгі агроқұрылымдар ырыс-берекесінің негізі сол аңызға айналған жылдары қаланған еді.

Кешегі төккен терлері мен еткен еңбектері нәтижелерін тиімді пайдалана отырып, ауданның 441 шаруа қожалықтары табысты жұмыс істеуде. Аудан бюджетіне қомақты қаражат құюшылардың негізгілері: "Асар-АДК", "Бейнұр- 7", "Алтын- Қор Агро", "Ершовское-2", "Бақ", "Алабұға", "К-Маркс", "Тойсай", "Ақбалшық", "Золотой колос", "Қайрат", "Арғын-201", "Куйбышевское-Агро", "Пресногорьковское 250", "Узункольский элеватор 2030", "Тайсойған - Агро", "Елсан" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, "Ұзынкөл" агрофирмасы, "Восход" өндірістік кооперативі. Жалпы ауданда 835 шағын кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Өнеркәсіптік сектордың негізгі окілдері ретінде пима жасайтын РУНО, асфальт шығаратын "Дорожник" және "Ұзынкөл су" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын атауға болады.

Бұрыннан келе жатқан игі дәстүрлерді сақтаушылар қатарында бүгінгі күні де ауданның құрметті азаматтары, соғыс және еңбек арадагерлері басты орын алады. Олардың бірі - Қазыбек Қалиұлы Әлжаппаров Белоруссия мен Балтық жағалауын азат етті, Кенигсбергті жаудан тазартты, Жапонияның Кватун армиясын талқандауға қатысты. Соғыстың соңғы жылдары партия органдарында қызмет етті, темір жолдың Мойынты-Чу желісін салу штабының комиссары болды, КСРО-ның құрметті теміржолшысы атанды. Ержүрек жауынгерлер қатарында Садық Ағайдарұлы Ағайдаров та болды. Ол бейбіт өмірде де гвардияшыл қалпын сақтап қалды. 26 жыл бойы аудандық қаржы бөлімін басқарды. Тағы бір ұзынкөлдік - Павел Михайлович Штанько әскерге 1943 жылы шақырылды. Туған жерге ол тек 1950 жылы ғана қайтып оралды. Бірнеше жылдан кейін ол құқық қорғау ісіне араласып, зейнеткерлікке шыққанша участкелік инспектор болып істеді. Мінсіз қызметі және қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін "Қызыл жұлды" орденімен және " Милиция үздігі" белгісімен марапатталды. Оның суреті облыстық ІІБ Құрмет тақтасына ілінді. Қазір П.М.Штанько — Қостанай облыстық ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 150 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана