Кітапшада қазақтың ұлы ғалымы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың саяхаттары мен географиялық еңбектері баяндалады. Шоқанның географ ғалым ретінде қалыптасуы, оның Ішкі Азия географиясына қосқан ғылыми үлесі тұңғыш жан-жақты ашып көрсетілген. Кітапша жоғары сынып оқушыларына, география мамандығын таңдаған студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.