2018 жылғы 10 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясының екінші сабағы өтті. Театр шеберлігі сабағын алып, өзін әртіс ретінде сынауға 13 бала келді, ең кішкентай қатысушыларды ата-аналары әкелді. Сабақ «Танысу шеңберінен» басталды және бұл жолы ойынды бірінші кездесудің қатысушылары өткізді. Ерғалиев Ақбар мен Распетюк Ульянаға өзін жүргізуші ретінде сезіну өте ұнады. Студиялықтар барлық сабақтағыдай «үй тапсырмасын» талдап, жаңа сөздердің мағынасымен танысты: шапан, көсеу, зындан, түндік. Нағыз әртістер сияқты зейінділік мен кейіптеушілікке арналған тренингтен өтіп, олар кішкентай ғана тұқымның үлкен ағаш болып өсуін көрсетулеріне тура келді. Балалар өздерінің жұмыс барысындағы мұқият дайындықтарының арқасында «Алдар көсе» спектакліне арналған алғашқы сценарийі бойынша рөлге бөліп оқулары еш мүдіріссіз және сасып-пысусыз өтті. Бастысы әрбірі оның даралығына жауап беретін рөл таңдай алды — бұл тамаша! Балалар шұғылданып жатқанда ата-аналар студияға деген өз тілектерін жазып үлгірді. Олар балалардың өз ойларын, өз сезімдерін жеткізуді үйренгендерін, жақсы оқып, ұйымшыл шығармашыл ұжым болғандарын қалайды. Балалар І.Омаров атындағы қазақ драма театрының нағыз әртісі — Шакиржанова Ажармен болатын кездесуге шабыттанып, үйлеріне тарасты.
Хикаяттар сандығы
Mon, 12/02/2018 - 14:37 — julia