Мағжанның жұлдызы

Tue, 15/05/2018 - 13:36 — julia

11 мамыр күні 20-шы ғасырдың басындағы дарынды ақындардың бірі - Мағжанның 125 жылдығына арналған «Мағжанның жұлдызы» атты әдеби дайджест №10 мектептің 8 сынып оқушыларының атсалысуымен өтті. Балалар Мағжанның шығармашылығымен және ауыр өмірімен танысты. Мағжан 1937 жылы өмірден өтсе де, оның әдеби мұрасы қазақ мәдениетінен маңызды орын алды. Мағжан өз шығармасынан басқа, орыс және шетел ақын-жазушыларының көркем шығармаларын аударумен де айналысқан.

Қазақ КСР ҒА-ның академигі Әлкей Марғұлан ол туралы: «Мағжан Жұмабаев қазақ халқы үшін ағылшындардың Шекспирі, орыстардың Пушкині сияқты» деген.

Кездесуде Мағжанның «Мен кім?», «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абайға», «Қазағым» және басқа көптеген өлеңдері оқылды. Іс-шара видеороликпен, презентациямен және кітап көрмесімен сүйемелденді.

Фото


+ A -

Current Zoom: 110%

User login