Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

Wed, 08/05/2019 - 13:43 — Ольга А

6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ 1 сынып оқушыларымен „Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс„ іс-шарасы өткізілді. Еліміздің болашағы — кішкентай бүлдіршіндерге Жеңістің қасиеті, майдан даласының қиындығы, соғыс қарулары, Ұлы Отан соғысының батырлары, сондай-ақ жерлес батырлар туралы айтылды. Сонымен қатар, балалармен ойындар да ойнатылды. Ойын барысында ұл балалар нағыз батырлардың соғыс көлігі — танкты, ал қыз балалар Мәншүк пен Әлиядай батыр апалары сияқты соғыс қаруы — автоматты құрастырды. Соғыс кезінде ұрыс даласына ауыз су жеткізу де оңайға соқпайтыны белгілі. Сол сәтті сәл де болса сезініп, ойыншық машинамен су толы стақанды бір жерден екінші жерге төкпей-шашпай жеткізуге тиіс болды. Балалар барлық сынықтан сүрінбей өтті.

9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

User login