29 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының акт залында «Тәуелсіздіктің Жиырма шыңы» жиырма жұлдызды күнінің аясында қарашаның 1 мен 25-і аралығында өткен Облыстық «БЕЙБІТ АТОМ» балалар суреті байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Бұл «Бейбітшілік белдеуі» деп аталған бүгінгі күннің айтулы оқиғасы болды.
Қазақстанның заманауи қоғамда бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде танылғаны бәрімізге мәлім. Жиырма жыл бұрын Семей полигонын жауып, еліміздің ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдауы алғашқы жасалған қадам болатын. Осы тақырыптар байқауға ұсынылған балалар суреттерінде көрініс тапты.
Байқауға облыс қалалары мен аудандарынан барлығы 177 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Нәтижесінде,
III орынға Кабанова Диана (Таран ауд.), Найдёнова Валерия (Жітіқара қ.);
II орынға Барлымбаева Алмаш (Алтынсарин ауд.) Ганбихнер Евгений (Қостанай қ.);
I орынға Плющева Дарья (Қостанай қ.), Цай Виктория ( Жітіқара қ.) ие болды.
Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы балаларға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы келе жатқан Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды.