Юваль Ной Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы»
Кітап жүз мың жыл бұрын Homo sapiens осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді.
Экожүйеде горилладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Homo sapiens–тің когнитивті қарым –қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрлерге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Адамдар шынайы бақытқа жете алды ма? Болашақта бізді не күтіп тұр?
Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.