Тәрбиелеушілік маңызында, балаға өз еңбегінің пайда келтіретінін, еңбектен ләззат алуды, оның қажеттілігін үйрету керек. Еңбек ету барысында баланың бойында ерекше қасиеттер қалыптасады, олар: белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну, өз көзқарасын қорғау. Көп қырлы еңбек ету барысында бала шынығады, ақыл-ойы дамиды, іскерлік, дағдылар қалыптасады. Бүгінгі балаларға базарлық айдарындағы Серікбай атамызда сол жайында сөз қозғап отыр. Кіші жастан еңбекке аралассаң жемісің өскенде көресің деген атамыздың сөзіне құлақ салайық.
«Еңбек етпеген ішіп-жемейді», «Еңбек түбі береке» деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, кіші жастан үйреніміз керек.