«Жанұя» отбасылық үйінің тәрбиеленушілері үшін мысықтар мен иттер туралы "Біздің кішкентай достарымыз" танымдық сағат өткізілді. Балаларды кейбір ит тұқымдарымен таныстырып, олардың ерекшеліктері мен әдеттері туралы айтып берді. Іс-шараның екінші бөлімі мысықтарға арналды. Балалар олар туралы қызықты деректерді және иттер мен мысықтардың неге бір-бірімен дос еместігі туралы аңыз оқылды. Сондай-ақ, осы үй жануарлары туралы кітаптарға шолу жасалды. Қосымша ретінде түрлі-түсті презентация көрсетілді.