«Кітап оқуға, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылықтар балалардың мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Ал кітапхана осы қызығушылықтың ошағы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелеуші орын болуы тиіс», - деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға шақырды.
Кітапхана қызметкерлері «Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар үйіне арналған ғылыми-көпшілік әдебиетті насихаттау мақсатында 19 қаңтарда «Суем свой нос» ғылыми-көпшілік әдебиетіне шолу жасады.
Балаларға химия, философия, атыс қаруы және ежелгі өркениеттер тарихы туралы қызықты кітаптар ұсынылды.