«Сундучок историй» театр студиясының туған күні

Tue, 02/02/2021 - 16:24 — Ольга А

2018 жылдың 2 ақпанында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Сундучок историй» театр студиясының ашылуы өтті.

Студия мүшелерінің шығармашылық өмірінің үш жылы тез өтіп кетті. Бүгін әртістердің екі буыны кездесті -  басынан бастап жүргендер және студияға бір-екі жылдан кейін келгендер. Остренкова Вика, Ерғалиев Акбар, Китаева Настя, Маратұлы Искандер, Карбозов Айбар, Садвокасова Алина, Каратаев Нурасыл, Нугуманова Айшабиби естеліктерімен бөлісіп және студия қызметіне деген көзқарасын білдіру үшін zoom алаңына жиналды.

Жас әртістер үшін ең есте қаларлығы «Алдар Көсе», «Алдар Көсе және Шықбермес Шығай бай», «Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары», «Кезбе Чарли», «Қуыршақ», «Қарт жылқышының әңгімелері» спектакльдері болды. Алда тағы екі маңызды жұмыс тұр - Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінің желісі бойынша «Бір бала болыпты...»  спектаклі және Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша «Кел, балалар, оқылық» - әдеби попурри.

Кездесуге балалардың ата-аналары да қатысты. Ең басты тілек, әрине, шынайы кездесулердің, сахнада дайындықтардың жандануы, қаланың мектепке дейінгі мекемелеріне гастрольдердің ұйымдастырылуы болды.

Біз балаларға шығармашылық өсу, балалар театрларының халықаралық байқауларына қатысу, жаңа жеңістер тілегіміз келеді!

«Сундучок историй» театр студиясының есігі 8-10 жас аралығындағы барлық балалар үшін ашық. Біздің кітапханаға өз мүмкіндіктеріңіз бен таланттарыңызды іске асыруға келіңіз!


+ A -

Current Zoom: 120%

User login