Қыздар – қандай-ай?..

Tue, 27/11/2012 - 12:27 — Айжан К

Қыз баланы қалай тәрбиелеу керек? Қыз баланың тәрбиесі ұл баланың тәрбиесінен несімен ерекшеленеді? Қыз бала болашақта жақсы отбасы құрып, жақсы келін атануы үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға балалар психологынан немесе отбасы мен неке маманынан жауап алуға болатын шығар. Дұрысы, озық балалар әдебиетінен жауап іздеген жөн. Сонда ғана бала қылығының себебін түсініп, жасөспіріммен арада болатын түсініспеушіліктердің алдын аласыз, ересек қыз баламен жылы қарым - қатынас орнатасыз. «Жанға жайлы жүздесу» клубы аясында өткен «Қыздар, қыздар-ай!» кездесуінде сүйікті қыздарымыз, сүйкімді немере, жиен қыздарымыз, тіпті ана болып бір шаңыраққа ие болып отырған қыздарымыз жайлы да сөз болды.

Қыздар – қандай-ай?..

Ата-аналар назарына ұсынылған кітаптардың басты кейіпкерлері әртүрлі: кішкентай қыз бала, бойжеткен, махаббат сезіміне бөленген қыз, анасының еркесі, оңашада жастыққа көз жасын көлдетін тентек қыздар. Олар: В. Осееваның «Динка», Й. Спиридің «Хайди», және бәріне қатты ұнап қалған Э. Портердің «Поллианна», Л. Будогоскаяның «Повесть о рыжей девочке», Ф. Бернеттің «Маленькая принцесса или история Сары Кру», К. Патерсонның «Великолепная Гилли Хопкинс» кітаптарының кейіпкерлері. Бұл қыздардың бойынан өз қыздарының мінез-құлқын танып қатты таңғалған ата-аналар болашақта туындап жататын кей жағдайларда өздерін қалай ұстау керек екенін ұғынды, өздерінің ата-ана ретінде жинақтаған тәжірибелерін молайтты. Кітап сөрелерінің тез босауы да осыған дәлел болары анық :)


+ A -

Current Zoom: 120%

User login