23 мамырда, Қазақстанда жарияланған балалар жылына орай, кітапханада «Алқызыл гүл» атты қуыршақ спектаклінің премьерасы өтті. Сергей Аксаковтың әйгілі ертегісінің негізінде, нағыз махаббат пен өзін құрбан қылушылық туралы оқиғаны «Әңгімелер сандығы» театр студиясының жас әртістері сахналады. Премьераның алғашқы көрермендері №15 балабақшаның ересектер тобының тәрбиеленушілері және № 5 мектептің 1-сынып оқушылары болды. Жас әртістердің дарынды ойынының арқасында кішкентай көрермендер ертегінің сиқырлы атмосферасына еніп кетті. Әртістер образға тамаша еніп, ертегі кейіпкерлерінің мінезін тамаша жеткізе білді. Жас әртістер де, көрермендер де спектакльден жағымды эмоциялар алды.
«Алқызыл гүл» қуыршақ спектаклінің премьерасы
Mon, 23/05/2022 - 16:14 — Ольга А