№ 14 ЖББМ 4 сынып оқушылары үшін "Сенің денсаулығың - сенің қолыңда"атты Денсаулық еліне қызықты саяхат жасалды. Балалар Денсаулық еліне саяхат жасап, ең зиянды тамақ өнімдері мен сусындар туралы білді. Жеке гигиена заттары туралы жұмбақтар шешіп, денсаулық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Біз пайдалы дәрумендер туралы бейнелерді көріп, жемістер мен көкөністерді не үшін көп жеу керектігін білдік. Мұндай іс-шаралар жалпы мәдениетті тәрбиелеуге, өз денсаулығын нығайтуға, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Іс-шара балаларды өмірді сүюге, спортпен шұғылдануға, өз мақсаттарына жетуге шақырумен аяқталды.
#балалар_жылы