Елестің тұтқынынан

Thu, 23/06/2022 - 16:58 — Ольга А

"Елестің тұтқынынан" атты іс-шара Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылды.

Кездесуге Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің психологы Бисембаева Гульсум Айтжановна шақырылды. Дәріскер нашақорлықтың зияны, қолданудан құтылу мүмкін емес синтетикалық препараттар туралы айтты. Балалар сұрақ қойды: есірткінің қармағына қалай түспеу керек? Тыйым салынған заттарды қысқа қабылдағаннан кейін қандай салдар күтіледі? Бірінші реттен кейін үйренуге бола ма?

Кездесу соңында Есенаман З. «Хардкор», Әлімжанов А. «Нашақорлық сұмдығы», Боуэн Д. «Мысық Боб: махаббат атымен» және т.б кітаптар ұсынылды. #балалар_жылы


+ A -

Current Zoom: 120%

User login